Кейбір үйге жылу кеш беріледі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі 23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі

Қыркүйек айы жылдағыдан салқын болып тұр. Осыған орай, биыл өңірімізде жылу беру маусымы 20-ыншы қыркүйекте басталды. Алайда, Павлодар қаласындағы барлық тұрғын үйлер жуық уақытта орталықтандырылған жылу жүйесіне қосыла алмайды. Себебі, кейбір баспаналардағы жүйе дайын емес.

Шаһардағы 1277 көпқабатты тұрғын үйдің 1268-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосыла алады. Алайда, қазіргі уақытта олардың тек 942-сі биылғы жылыту маусымына дайын. Қалған 313 тұрғын үйде жылыту құбырларын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Демек, ол үйлерге жылу кештеу беріледі.

Тіпті, жылу жүйесін жөңдеу жұмыстары қазан айында да жалғаспақ. Оған басты себеп, жертөледегі жүйелердің уақытылы жөнделмеуі. Коммуналдық мекемелер жұмыскерлері күзгі-қысқы кезеңге әзірлікті ерте бастағанымен, пәтер иелері кооперативтері (ПИК) асығар емес. Мұндай салғырттықтың салдарынан жылу жүйесіне кеш қосылатын тұрғын үй иелері зардап шекпек. Онсыз да тұрғын үйлерге жылу жеткенше бірнеше кезеңнен өтеді. Магистральдік желілер, орамішілік желілер және тұрғын үйдің жылу жүйесі. Тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындауға, жылу қабылдау үшін үйдің техникалық құжатын тапсыруға ПИК міндетті. Ал, магистральдік және квартал-ішілік жылу желілеріне монополист жауап береді.

Соңғы кездері елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жаңа реформалар енгізіліп, модернизация жұмыстары алға қойылуда. Мәселен, аталмыш саланы басқару формасы пәтер иелері кооперативінен (ПИК) меншікті мүлік иелері бірлестігіне ауысып жатыр. «Павлодар жылу желілері» ЖШС де халыққа тұрғын үйлердің үйішілік жылу желілеріне қызмет көрсету бойынша өз қызметін ұсынады. Кәсіпорын жылу маусымына дайындық, үйішілік желілерді жөндеу және үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құрылғыларына қызмет көрсетеді. Бұның қаншалықты тиімді екендігін уақыт көрсетеді. Әзірше жылусыз қалған тұрғын үй иелері ПИК төрағаларының жауапсыздығы мен немқұрайлығына шағымданса, ПИК өкілдері өз тарапынан тұрғындардың үйді жөндеу жұмыстарына немкетті көзқарасын алға тартады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен қыста 319 тұрғын үйдің жылу жүйелерінде ақаулар аңықталғанды. Кесірінен, тұрғындар бірқатар кедіргілерге тап болды. Мысалы, қатты қысымға құбырлардың шыдас бермей жарылуы. Сондай-ақ, кейбір пәтер иелері жылу жетпейтіні жайлы дабыл қақты. Биылғы жылу беру жұмыстарының жүргізілуі және көп қабатты тұрғын үйлер мен инженерлік жүйелердің дайындығы туралы Павлодар тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы орынбасары Нұрлан Рашитовке хабарластық.

- Қазір жылыту маусымына 85 пайыз дайынбыз. Қазан айында барлық күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Орталықтандырылған жылу жүйесіне әлі қосылып үлгермеген 313 тұрғын үйде жылыту жүйелерін жуу және құбырлардың қысымын сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Кейбір ПИК-тер дұрыс жұмыс жасамаған. Мысал үшін, «Сокол» ЖШС, «Али Имран» ЖК, «Березка», «Радуга», «Камила», «Ақбота» ПИК-терінің жұмыстары нашар әрі баяу. Тұрғындармен жұмыла жұмыс істеу керек ПИК өкілдері. Көпқабатты тұрғын үйлерде түрлі басқару тетігі бар 100-ден астам мекеме қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, бөлім мамандары басқару нысаны жоқ 100-ге жуық үйлердің қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында тұрғындармен жиындар өткізуде. Биыл «Достық» ықшам ауданындағы 5 тұрғын үй орталық жүйеге қосылды, - дейді ол.

Өткен жылғы жылыту маусымы қарсаңында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов: «Инфрақұрылымға инвестиция құятын болсақ, ал ПИК мәдениеті өзгермейтін болса, біз қажетті оң нәтижеге қол жеткізе алмаймыз» деген еді. Сонымен қатар, ПИК-тердің мәселесін кооперативтер есеп беретін жиналыста тұрғындармен бірлесіп шешу қажеттігін атап өткен болатын. Тұрғындар өз кооперативінің басшысын таңдауға, оны жұмыстан шеттетуге және оның атқарған жұмысы туралы есеп беруін талап етуге толықтай құқылы.

 

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ


Количество показов: 373

Возврат к списку