Өнегесімен елге сыйлы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Өнегесімен елге сыйлы 23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы

Бар ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, шәкірттерге сапалы білім берген ұлағатты ұстаздардың бірі – Нескен Мәлікова. Ол Баянауыл ауданына қарасты Теңдік ауылының Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте 40 жылдан астам қызмет еткен болса, оның 38 жылын оқу ісінің меңгерушісі болып өткізген. Алған білімін туған ауылына арнаған өнегелі ұстаздың Қазақ КСР-не еңбегі сіңген мұғалімі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы және облыстық «Saryarqa samaly» газетінің Құрметті авторы сынды атақтары бар. Ұлағатты ұстазды әңгімеге тартып, өскен ортасы, қызмет еткен ұжымы және білім беру жүйесіндегі сол тұстағы ерекшеліктері туралы сұхбаттасқан едік.

- Нескен Мәлікқызы, сіздің білім саласына сіңірген еңбегіңізді ел біледі. Шәкірттеріңіз де сіздей ұлағатты ұстаздан білім алғанын мақтанышпен еске алады. Мұндай алғысқа кенелуіңіздің бір сыры бала күннен бойыңызға сіңген ұлттық тәрбие мен үлкендердің ақыл-кеңесінің әсері болар. Әңгімемізді өзіңіздің балалық шағыңыздан бастасақ...

- Мен 1949 жылы 16 маусымда Баянауыл ауданы Теңдік (қазіргі Мұса Шорман) ауылында дүниеге келдім. Ата-анамыз орта шаруалы адамдар болды. Менің бар ғұмырым Ащы су өзенінің бойында, Ақкелін тауының баурайында өтті, қазір де сондамын. Бала кезімізде өз қатарластарымызбен бірге Ақкелін тауы етегіндегі ескі орындарда ойнаушы едік. Кілең қыз балалар жиналып, сол жерде отыратын Зайыр атаның қызы Айшаға келетінбіз. Содан ескі зерлі кеселердің сынығы мен көне шәугімдерді және тана түймелерді жинап ойыншық қылатынбыз. Бірде сол ойыншықтарды жинап үйге әкелдім. Анам ескі заттарға қарап отырып, көзіне жас алып: «Мырза атамыздың шаңырағынан қалған дүниелер ғой» деп күрсінді. Жылдар өте келе біздің ойнап жүргеніміз мемлекет және қоғам қайраткері, әйгілі ағартушы Мұса Шормановтар әулетінің үйінің орны екенін білдік.

Жасымнан ауылдың көнекөз қарияларының әңгімесін естіп, олардың өнегесін бойыма сіңіріп өстім. Ол кездегі адамдардың бір-біріне деген жанашырлығы ерекше болды. Жоқшылық уақытында да біріне-бірі қарайласып жүретін. Мысалы, бір жерге жолаушылап барып келсе, әкелген базарлығын сәлемдесуге келген қонақтардың бәріне бөліп беруші еді. Әкеміз 1957 жылы Мәскеуде өткен халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысып келді. Сол жақтан алып келген «Ақтамақ» атты кірпіш шайы мен шақпақ қанттарды анамның барлық көрші-қолаңдарға базарлық ретінде бөліп бергені есімде. Міне, біздің бабаларымыз Пайғамбарымыздың: «Көршісі аш бола тұра тоқ жүрген адам бізден емес» деген өсиетін саналарына сіңіріп өскенін байқаймыз. Өздерінің бала-шағасы бола тұра қазанындағы асын біреудің табағына салу – адамдықтың ең жоғарғы үлгісі дер едім.

- Мектепте қандай ұстаздардан білім алдыңыз?

- 1956 жылы Теңдік жеті жылдық мектебінің 1-ші сыныбына оқуға бардым. 1966 жылы С.Торайғыров (қазіргі Ш.Айманов) мектебін тәмамдадым. Одан кейін Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих бөлімін сырттай оқып бітіріп, еңбекке араластым. Алғашқы ұстазым Қазақ КСР-нің еңбегі сіңірген мұғалімі, білім беру ісінің үздігі Шайхы Әбілдин есімді адам болды. Ол кісі 1-ден 4-сыныпқа дейін оқытты. Міне, мектеп табалдырығын аттаған сәттен осындай білікті ұстаздың тәлімін алу – менің тағдырыма жазылған үлкен сый деп білемін. Одан кейін 10-11-сыныптарда білім берген Бәкеш Ақкөлова сынды мұғалімдерге еліктеп, болашағымды білім саласымен байланыстырғым келді, осы ұстаздардың берген ұлағатты тәрбиесінің әсерімен мұғалім болуды армандадым.

- Сіз бір сөзіңізде бала кезіңізде қазақтың көрнекті ғалымы Қаныш Сәтбаевпен жүздескеніңізді айтқан едіңіз. Осы оқиғаны еске түсірсеңіз...

- 1959 жылы ауыл шетіндегі Әкімтай Жемінов атаның үйінің жанына киіз үй тігілді. Ол кісі Қаныш Сәтбаевтың туысы болып келеді. Барлық балалар жиналып киіз үйді айнала жүгіріп ойнап жүрдік. Сондай-ақ, сол жерден алғаш рет машина көрдік. Көгілдір түсті «Волга» көлігі келіпті. Ауыл адамдары киіз үй сыртында ас пісіріп, абыр-сабыр күйде жүрді. Біз болсақ, иісі мұрнымызды жарған бауырсаққа көз салып, шуласып жүрдік. Бірде иығына ақ орамал асып, қолында жез леген мен шәугім ұстаған бір адам шығып, бізді сапқа тұрғыза бастады. Шамасы 10-15 шақты баламыз. Сонымен бәрімізді қаздай тізілтіп үйге кіргізді. Төрдің басында үстінде ақ жейдесі мен ақ шалбары, басында ақ шляпасы бар ірі денелі адам отыр екен. Одан төмен ауыл ақсақалдары жайғасқан. Үйде әйел адам болған жоқ. Балаларды бір-бірден үлкен кісінің алдына апарды. Ол кісі алдына барған балаларды «бұл кімнің баласы» деп сұрайды, үлкендер жауап береді. Үлкен кісі барлығымыздың маңдайымыздан иіскеді. Ал сыртқа шыққан соң апайларымыз бір-бір бауырсақ ұстатып, енді бұл жерден алыс кетіңдер деп ескертті. Есейе келе білдік, әлгі маңдайымыздан иіскеген алып адам – жерлесіміз Қаныш Имантайұлы екен. 1964 жылдың қыс айы. Біз 8-сыныпта оқимыз. Оқу ісінің меңгерушісі Сәкина Мұқашқызы балаларды аяқ астынан линейкаға тұрғызып, Қаныш атамыздың дүниеден өткені жөнінде қазалы хабарды жеткізді.

- Сіз мектепте Тәуелсіздікке дейін және одан кейінгі кезеңде де жұмыс істедіңіз. Бүгінгі білім беру жүйесін бұрынғымен салыстырғанда көңіліңіз тола ма?

- Біздің оқушы кезімізде мектеп мұғалімдерінің сабақ беру жүйесінде көңілге қонымды тұстар көп еді. Мұғалімдердің оқушы мен ата-анаға қоятын талабы өте қатаң болатын. Мұғалім еңбегін қоғам жоғары бағалады. Ол кездегі үлкендер балаларын мұғалімге «Еті сенікі, сүйегі менікі» деген қағидамен тапсырады. Оқушы кезімізде ұстаз алдындағы жауапкершілікті сыйластықпен һәм қорқынышпен қабылдайтынбыз. Кітапқұмарлық әр баладан байқалатын. Мұғалімдердің сабақ беретін боры мен тақтасы оқушының болашағына бағдар беретін ақ жол іспетті еді. Ал қазір заманның ағымымен бірге білім беру әдістемелері де түбегейлі өзгерді. Қатарынан қалғысы келмеген балалар ұялы телефон мен интернет желісіне тәуелді болып барады. Осылайша, ұрпақтың болашағын бұлыңғырлатып алдық па деген ой мазалайды. Мұғалім мен шәкірт, ата-ана мен мен мұғалім арасындағы байланыс түбегейлі өзгерген. Оқушылар кітап оқып, газет-журнал ақтарудың орнына желідегі жеңіл жаңалықтарға жүгінеді. Бір сөзбен айтқанда, көз майын тауысып оқуды, уақыттарын жұмсап ізденуді құп көрмейді. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушы арасында ауызекі байланыс та азайғанын аңғарамыз. Бірақ, жаңашылдықтар мен өзгерістердің бәрін бірдей жоққа шығаруға болмайды. Әрине, заманға сай өз білімдерін ғылыммен ұштастыру арқылы болашаққа ұмтылған білімді жастар бар.

- Мысалы, қазір мұғалім алдындағы балаға сабақ оқымағаны үшін дауыс көтеріп ұрсуға және төмен баға қоюға құқығы жоқ. Мұндай жүйеге не дер едіңіз?

- Иә, қазір мұғалімдер оқушыларға өздерінің нақты талабын қоя алмайды. Білімді төмен бағалау үрдісі жойылды. Бұрын оқу үлгерімі төмен оқушы сыныпта қалатын да, түсінбеген сабағын келесі жылы қайта оқитын. Қазір барлығы біркелкі бағалау үрдісі қалыптасты. Бұл жүйенің жақсы тұсы да бар шығар. Дегенмен, білім беру саласындағы кейбір жаңа үрдістерден қарағанда ескі әдістемелер тиімдірек көрінеді. Әрине, өзгеріс керек. Бірақ, басты құндылықтарымыз құрбан болмауы керек.

- Сіз қызмет істеген мектептен түлеп ұшқан түлектер арасынан үлкен тұлғалар шықты. Мықты идеологтар, ақын-жазушылар, ұлағатты ұстаздар тәрбиеледіңіздер. Мұның сыры не?

- Мұның әртүрлі сыры бар. Атап айтар болсақ, Мұса Шорман ауылындағы Қ.Сәтбаев орта мектебі ұжымының 90 пайызы – өзіміздің түлектеріміз. Ал мектеп бітірушілердің 80 пайызы жоғары оқу орнына түседі. Міне, түлектеріміздің көбі жоғары оқу орындарына түсіп, оны бітіргеннен кейін өзімізге оралады. Яғни, ежелден қалыптасқан сапа бар деген сөз. Мен өзім тәрбиелеген шәкірттермен мақтанамын. Олардың қатарында химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлы, генерал-майор Марат Ахметжанов, ағылшын-француз тілдері оқулығын құрастырушысы Гүлбарам Садықова, медицина ғылымдарының докторы Айгүл Досова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Зәуреш Елешова, тарих ғылымдарының кандидаты Бүркіт Нұрмағанбетов, филология ғылымының кандидаты Роза Айтжанова, ақын, журналист Асыл Әбішевтер бар. Міне, ел алдында жүрген осы азаматтарға қарап, ұстаздыққа арнаған қырық жылымның бос өтпегенін аңғарамын.

- Әңгімеңізге рахмет. Әрдайым шәкірттеріңіз арқылы мәртебеңіз үстем болып, жасай беріңіз!


Сұхбаттасқан - Тілеуберді САХАБА.


Количество показов: 442

Возврат к списку