Қоныс аударушылар аз емес

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Қоныс аударушылар аз емес 21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес

Елімізде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде жұмыс күші мол аймақтардан өңірге көшіп келіп жатқан отбасылардың жай-күйі туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дюсиповамен әңгімелескен едік.

Бас тақырып.jpg

- Облысқа қоныс аударушылар саны қанша? Негізінен қай өңірлерден келуде?

- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған сәттен бастап облысқа барлығы 8140 адам (1863 отбасы) келді. Оның 3737-сі еңбекке қабілетті жаста, 122 зейнеткер, 4281 бала (2244 мектеп жасындағы және 2037 мектеп жасына дейін).

Биыл облысқа қоныс аударушыларды қабылдауға 2600 адамға өңірлік квота берілді. Қазіргі таңда өңірге жұмыс күші мол аймақтардан 2 013 адам (427 отбасы) көшіп келді. Облысқа негізінен Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан қоныс аударған. Әсіресе, Алматы және Түркістан облыстарынан көшіп келгендер көп.

- Көшіп келушілердің тұрғын үй, әлеуметтік мәселе-лері қалай шешілуде?

- 2020 жылы қоныс аударушыларды жаңа тұрғылықты жерден бейімдеу мақсатында 307 пәтер сатып алынған. Бүгінгі таңда 292 пәтерге қоныс аударушы отбасылар орналасты. Бұл тұрғын үйлер 20 жылға жалға беріледі. Қоныс аударушыларға 5 жылдан кейін тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіріп алуға мүмкіндік беріледі.

- Көшіп келушілер облыстағы мамандар тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізіп отыр ма?

- Қоныс аударушылар қатарында 88 тамақтандыру, 73 білім беру, 57 медицина, 48 ауылшаруашылығы саласының мамандары, 117 техникалық сала маманы және т.б. бар. Еңбекке қабілетті 3737 адамның 2916-сы жұмыспен қамту шараларына тартылды. Нақтылай айтқанда, оның 2716-сы жұмысқа орналастырылса, 129-ы кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 71-і кәсіби оқуға жіберілген.

- Көшіп келушілер есебінен облыста бала саны қаншалықты өсті?

- Бағдарлама қолға алынғаннан бастап өңірде бала саны біршама артып, барлығы 4281 бала (2244 мектеп жасындағы және 2037 мектеп жасына дейін) келді. Мәселен, биыл көшіп келген 2013 адамның 1003-і еңбекке жарамды, 26-сы – зейнеткерлер, 984-і балалар (505-і мектеп жасындағы балалар). Жас ерекшеліктеріне қарай мектептер мен балалабақшаларға орналастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасады.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан - Т.ОРАЗАЛЫ.


Количество показов: 367

Возврат к списку