Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар 23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар

Мәдениет – рухани өміріміздің мәйегі. Елбасымыз «Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады» деген еді. Сол себепті, облыс орталығынан бөлек, аудандар мен ауылдардағы мәдениет саласының дамуы сіз бен бізге тікелей байланысты. Жақында Успен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, руханият жанашыры Медет Тауасқан редакциямыздың қонағы болды. Мейманмен бірге мейрамның да келетіні белгілі. Қонағымызбен сұхбаттасудың орайы түсіп, аз-кем әңгімелесіп қалдық.

қонақасы2.jpg

- Медет Алпысбайұлы, 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында қазақ тілі мәселесіне тоқталып өтті. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жолдарын алға қойды. Осы орайда, бірлігі жарасқан, бірнеше ұлт өкілдерінің басы ұйысқан Успен ауданына қатысты сұрақ туындайды.

- Мемлекеттік тілді білу – осы мемлекетте өмір сүріп жатқан әр азаматтың парызы. Жыл сайын аудан бюджетінен тілді дамыту мақсатында 1,5 млн теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Қазақ тілін үйренемін дейтін кез келген азамат үшін тегін сабақтар мен арнайы курстар өткізіледі. Онымен қоса, мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы үлкен рөл атқарып отыр. Оңтүстік аймақтан солтүстікке көшіп келген қандастарымыздың қатары көбейіп, ана тіліміздің қолдану аясы кеңеюде. Кезінде ауданымызда бір ғана қазақ мектебі болса, бүгінгі таңда 3 қазақ мектебі мен 2 аралас мектеп бар. Балабақшалардың барлығы толыққанды қазақ тіліне өтті. Алайда, әлі де атқарылатын жұмыстар көп.

- Биылғы Елбасы Жолдауының бір бағыты өнерпаз жастарды қолдау мәселесіне арналды. Әдебиет пен мәдениет саласында еңбек етіп жүрген жастарға қандай көмек көрсетілуде?

- Жастар – еңсемізді көтеретін еліміздің ертеңі. Сол себепті, аудандық мәдениет бөлімі жастармен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейді. Өнерпаз өрендерімізге арналған аудандық, облыстық деңгейде түрлі конкурстар ұйымдастырылуда. Талантты һәм талапты жастарды қолдауға әрқашан даярмыз. Дәстүрлі әнші Қажыбек Бекбосынның шәкірті Ербақ Құрметжан дейтін азаматымыз республикалық байқауларда жүлдегер атанып жүр. Бөкен Жігер есімді жас айтыскер ақынымыз бар. Жуырда өткен облыстық айтыстың бас жүлдесін еншіледі. Сондай-ақ, жыр сүйер қауымға республикалық порталдарда өлеңдері жарияланып жүрген Нұрбек Кеңесбайдың есімі де таныс шығар. Алдағы уақытта ауданымыздағы жас ақын-жазушылардың ұжымдық жинағын шығару ойда бар.

- Аудандағы мәдениет саласында қандай жаңалықтарыңыз бар?

- Пандемия салдарынан көптеген мәдени іс-шаралар кейінге шегерілді. Дегенмен, облыс жұршылығымен бөлісер жаңалығымыз жоқ емес. Аудан орталығында орналасқан мұражайымыз күрделі жөндеуден өтті. Бұл - жергілікті әкімшіліктің қолдауымен жүзеге асқан игі істеріміздің бірі. Мұражайымыз аудандық мәдениет үйінің құрамында. Тұрғындар мен қонақтардың сүйікті орындарының бірі болады деп үміттенеміз. Қазіргі заманауи мұражайлардан кем түспейді. Келіңіздер, көріңіздер. Екінші жаңалығымыз, Успен ауданы мәдениет бөлімі және Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының мәдениет бөлімімен рухани байланыс аясында меморандумға қол қойып, бірнеше іс-шара да ұйымдастырып үлгердік. Маусым айының 27-і мен шілденің 1-і аралығында Успен ауданының жеті бірдей өнерпазы Жаңақорғанда өткен 4 республикалық, 1 облыстық фестивальдарға қатысып, жүлделі орындармен оралды. Сондай-ақ, тамыз айында Жаңақорған аудандық мәдениет бөлімінің мамандары біздің өңірге «Мәшһүр Жүсіп» атты мистикалық драма алып келді. Онлайн форматында жарияланды. Облыс тұрғындарына ұялмай көрсете алатын құнды дүние екен. Көзайым болыңыздар. Қазір біздің қорымызда сақтаулы. Сонымен қатар, Ақтоғай ауданы және Баянауыл ауданымен әдеби-мәдени сабақтастығымыз бар. Бұл үрдіс әлі де жалғасын таппақ.

- Алға қойған жоспарла-рыңызбен бөліссеңіз...

- Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Халық театрын ашсақ деген ниетіміз бар. Қазір екі қойылым дайындап жатырмыз. Бірі - драма, бірі - комедия. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінде музыкалық мектебіміз жанданып, оркестр құрылды. Мерекелік концертпен ауданымыздағы елді мекендерді аралап, өнерпаздарымыздың өнерін тарту етпекпіз. Жергілікті аудан тұрғындары үшін бұл рухани азық болып табылады. Жоспар көп. Мақсат биік. Тек, жұмыла жұмыс жасау керек.

- «Өркениет дегеніміз – мәдениетті қоғам қалыптастыру», дейді ағылшын жазушысы Джон Рескин. Өркениетті елімізді өрге бастайтын мәдениет саласында атқарып жатқан еңбегіңіз елеулі әрі көлемді болғай! 

Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан - Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Суретті түсірген - автор.


Количество показов: 677

Возврат к списку