Санақшының міндеті қандай?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Санақшының  міндеті қандай? 25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?

1 қазаннан бастап дәстүрлі форматтағы халық санағы өз жұмысын бастамақ. Яғни, интервьюерлер тұрғын үйлерді аралап, бетпе-бет кездесіп, санақ жұмысын жүргізеді. Облыс көлемінде 870 санақшы дайындықтан өтті. Солардың бірі – Ғарифулла Мұсахан. Естеріңізде болса, қазіргі кезде санақтың электронды, яғни онлайн кезеңі өткізілуде.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Биыл жоғары оқу орнын тәмамдап, қолына диплом алған Ғарифулла Мұсахан 10 жылда бір рет жүргізілетін халық санағының ойдағыдай өтуіне өз үлесін қоспақ. Бірнеше күннен соң тіркеуші ретінде жұмысын бастайтын ол үй-үйді аралап, оффлайн түрде сауалнама өткізеді. Яғни, Павлодар қаласындағы тұрғындарға санақ парақтарында көрсетілген сұрақтарды қойып, жеке мәліметтерді толтырады.

Ғарифулла Мұсаханның айтуынша, халық санағы планшеттегі арнайы бағдарлама арқылы жүргізіледі. Алынған ақпарат бірден бірыңғай мәліметтер базасына енгізіледі. Бір толтырылған ақпараттың қайта қайталануына жол берілмейді.

- Бүгінде санақшылар сақадай сай отыр. Маған жүктелген міндет - Химқалашық ауданында санақ жүргізу. Бұл жұмыс қиындық тудырады деп ойламаймын. Бір адамға 10-15 минут уақыт жұмсалса, ай көлемінде санақ жұмысын толық аяқтаймын, - дейді Ғ.Мұсахан.

Санақшы халық санағының символикасы бар көк түсті сөмке мен мойынорағыш, сонымен қатар бетперде, антисептик, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілгендігін атап өтті.

- Егер де тіркелген әрі санақтан өткен тұрғындар санақ парағына өзгеріс енгізуді қаласа, 1446 байланыс орталығына хабарласып немесе үй-үйді аралаушы санақшыларға хабарлауына болады. Біз қашанда өз көмегімізді көрсетуге дайынбыз, - дейді Ғ.Мұсахан.

Облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Жанар Мағзамова дәстүрлі форматтағы халық санағының өту барысы туралы мәліметпен бөлісті.

- Қазіргі таңда аймақ бойынша халық санағын жүргізетін 870 интервьюер бар. Әр санақшы бір айдың ішінде кемінде 833 тұрғын үйді аралап шығуы қажет. Санақ жүргізетін интервьюердің аумақтық статистика органы берген жеке куәлігі болады. Халық санағының символикасы бар көк түсті сөмкемен және мойынорағышпен қамтылады, - деді Ж.Мағзамова.

Павлодар қаласы бойынша санақшылар саны 414 болса, нұсқаушы-бақылаушылар – 60 адам. Интервьюерлердің санақ жүргізу уақыты еркін. Басым бөлігі студент әрі жұмыс істейтін жастар болғандықтан, бір айдың ішінде белгіленген адам санын тексерістен өткізіп, санақты аяқтауы қажет. Бұл туралы қалалық статистика басқармасының басшысы Дархан Қыздарбеков атап өтті.

24 қыркүйек пен 7 қараша аралығында жұмыс істейтін нұсқаушы-бақылаушының еңбекақысы міндетті төлемдерді есепке алмағанда 125014 теңге, 1-31 қазан аралығындағы интервьюердің жалақысы 104125 теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта облыстық статистика департаментінде халық санағы бөлімінің қызметкерлері аймағымыздағы мемлекеттік мекемелер мен білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында, ірі кәсіпорындарға санақ бойынша оқыту жұмыстарын өткізіп жатыр. Қала тұрғындарына ақпараттық парақшалар таратылып, трамвайлар мен автобустарда берілуде. Әлеуметтік желілерде де санақ бойынша ақпараттар жариялануда.


Количество показов: 397

Возврат к списку