Шеттен келгендерге жеңілдік бар

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

12.01.2021

Шеттен келгендерге жеңілдік бар

Елдегі карантиндік шектеулерге байланысты шетелден келіп жүрген этникалық қазақтар мен жұмыс бабымен келген мигранттардың құжаттарына байланысты біраз жеңілдіктер қарастырылуда. Барлық шетелдік-тердің біздің елде тұру мерзімі осы жылдың 6 маусымы-
на дейін автоматты түрде ұзартылды. Осы және өзге де мәселелер бойынша облыстық полиция департаментіне қарасты көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлстан Батталовамен әңгімелестік.

- Гүлстан Манапқызы, пандемияға байланысты шекарадан өте алмай қалған адамдар көп. Оларға қандай жеңілдік жасалуда?
- Коронавирус инфекциясының таралуы салдарынан шекаралардың жабылуына байланысты елімізде қалып қойған шетел азаматтарының жүріп-тұруына және жұмыс істеуіне ешқандай шектеу қойыл-майды. Атап айтар болсақ, ҚР Ішкі істер министрлігінің ведомство-
лық комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы хаттамасына сәйкес, шетел азаматтарының уақытша тұру мерзімі 2021 жылдың 6 маусымына дейін автоматты түрде ұзартылды. Мысалы шекара жабылмай тұрып келген адамдар-
дың заңнамада белгіленген жол жүру құжаттарының және Қазақстанда тұру визалары мен ықтияр-хаттарының уақыты өтіп кетсе де, ешкім әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Тіпті, ол үшін көші-қон органдарына да барудың қажеті жоқ. Барлық шетелдіктерге бірдей уақыт берілді. Құзырлы министрліктің бұйрығы бойынша өткен жылдың наурыз айынан бері әр үш ай сайын ұзартылып отырған болса, осы жылдың басында бір-
ден жарты жыл мерзім қосып бердік. Шекара ашылған күннен бастап өз елдеріне өте берсе болады.
- Егер шетел паспортының қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда қалай әрекет еткен жөн? Жарамсыз құжатпен елден шыға ала ма?
- Паспорттың жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда өз елдеріне хабарламай-ақ, елшілікке жүгінуге болады. Яғни, қай елдің азаматтығы болса, Қазақстандағы сол елдің елшілігіне барады. Егер, ол адам біздің елде тұрақты тіркеуге тұрған болса, мерзімі өткен құжатын жаңа-
сына айырбастап береді. Ықтияр-хаттың жағдайы да дәл осындай. Егер, тұрақты тіркеуге тұрмаған адам болса белгілі бір уақытқа виза рәсімдеп, шекарадан шығып кетуіне мүмкіндік береді.
- Бүгінгі таңда облысымызда неше шетел азаматы тұрып жатыр және олар қандай мақсаттармен келген?
- Облысымызда уақытша тіркелген шетел азаматтардың саны – 11 263. Оның 10 543-і ТМД елдерінен келген болса, 760-ы алыс шетел азаматтары болып табылады. Олардың 5 мыңнан астамы жеке шаруа-
мен жүрген болса, 4 мыңдай адам жұмыс бабымен, 500-дей адам оқу жағдайымен келген. Сонымен қатар, басқа да әртүрлі мақсатта келген 2 мыңдай адам бар. Өткен бір жыл ішінде 636 адам Қазақстан-
ның азаматтығын алды.
- Ақпаратыңызға рақмет!

Әңгімелескен –
Тілеуберді САХАБА.

Количество показов: 207

Возврат к списку