Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай 23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай

Облыстық «Saryarqa samaly» газетінің тарихына зер салсақ, оның шығуына байланысты негізгі үш оқиғаны бөле-жара айтуға болады. Біріншісі – 1929 жылдың 15 ақпанында «Кеңес туы» деген атпен Павлодар округтік газеті болып алғаш рет жарық көруі. Екіншісі – 1938 жылы облыс жеке құрылғанда облыстық «Қызыл Ту» газеті болып қайтадан жасақталуы. Ал үшінші елеулі белес – 1991 жылдың 26 қыркүйегінде басылым атауының «Сарыарқа самалы» болып өзгеруі. Бұл жаңалық Тәуелсіздіктің ақ таңының хабаршысындай болғаны анық.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Мұрағат деректерінен білгеніміздей, газет «Қызыл Ту» атауымен жарты ғасырдан астам уақыт жарық көрген екен (оған дейін «Кеңес туы», «Колхоз» болды). Бұл кезеңде редакция қабырғасынан ұлтым деген талай ұлан, есімдері республикаға әйгілі дарынды қаламгерлер түлеп шықты. Ендігі жерде егемен елдің оқырмандарына «Сарыарқа самалы» атауымен атауы ғана емес, мазмұны да жаңаша басылым ұсынылды.

Бұл тарихи оқиғаны іске асыру оңай болмағаны хақ. Ең әуелі сол кездегі бас редактор Әлғожа Мұхамеджановтың батылдығы, алдағыны болжай білу қасиеті болғанын атап өту керек. 1988 жылдан бері газеттің басшысы болған Ә.Мұхамеджанов сол кезде КСРО өкіметінің күні бітуге таяу екенін көре білген. Бірқатар одақтас елдер дербестігін алып, бөлініп шыққан. Бұл кезде Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялауына әлі де болса 2,5 айдан астам уақыт жетпегенін байқаймыз. Осы кезде тәуекелдің жел қайығына басып, тұтас облыстық ресми газеттің рухани тұрғыдан сілкініп, ұжымның партиядан шығып, газет атауын «Сарыарқа самалы» деп жаңаша атауы - шын мәнінде ерекше құбылыс. Міне, биыл – осы бір айтулы оқиғаға 30 жыл. 92 жылдық тарихы бар газеттің тарихында бұл оқиға қалай болып еді?

Қолымызда - «Сарыарқа самалы» болып аталған күні алғашқы жарияланған тарихи жарияланымдар. Міне, қысқаша ғана хабар. Бірақ мағынасы зор.

«Үстіміздегі жылдың (1991) 25 қыркүйегінде «Сарыарқа самалы» газеті қызметкерлерінің жалпы жиналысы болып, онда мынадай шешімге келдік: Ел мүддесіне, халық игілігіне ақ-адал қызмет ету үшін, қоғамдық-саяси өмірдегі, әлеуметтік-экономикалық саладағы әділеттілікті айна-қатесіз, бұра тартпай көрсету үшін редакцияда қандай да болсын саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылымы болмағаны жөн» деп жазылған «Редакция қызметкерлері партиялығын тоқтатты» деген хабарда.

Жалпы, облыстық газеттің жаңаша аталуы мәселесі тоқсаныншы жылдары қозғала бастаған көрінеді. Бұл жайт ресми түрде облыстық депутаттар кеңесінің сессиясында 1991 жылдың 13 қыркүйегінде қаралады. Осы күні редакция қызметкерлері облыстық әкімдікпен қатар газеттің құрылтайшылары болып енгізіледі. Құрылтайшы болуы арқылы редакция ұжымы газеттің атауын ауыстыру мәселесін көтеруге құқылы болып шығады.

«Сарыарқа самалы» болып алғаш рет жарық көрген басылым санында газет редакторы Әлқожа Мұхамеджановтың алғысөзінде былай деп жазылған:

«Құрметті дос, Сіз бүгін «Сарыарқа самалының» алғашқы санын алып отырсыз. Бұл - 62 жыл бойы өзіңіздің сенімді серігіңіз, сырлас досыңызға айналған облыстық қоғамдық-саяси газет «Қызыл тудың» заңды жалғасы.

Үстіміздегі жылғы қыркүйек айының 13-жұлдызында болып өткен облыстық Советтің кезектен тыс VII сессиясы «Сарыарқа самалы» газетінің құрылтайшылары етіп халық депутаттары облыстық Советі мен осы газеттің журналистер коллективін бекітті. Газеттің атқарар қызметі мен арқалар жүгі де осыған тікелей байланысты болмақ» дей келе, газет әрдайым жұртшылыққа арқа сүйейтінін мәлімдеген. Сондай-ақ мақаласын: «Қорыта айтарымыз, ізгілік - үніміз, әділет - туымыз. «Сарыарқа самалына сәт-сапар тілейік, оның жанашыр жақыны, қамқоршысы мен демеушісі болайық, ағайын!

Газет атауын өзгертуге атсалысып, өздерінің ұсыныс-тілектерін білдірген барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз», деп аяқтаған (1991 жылғы 26 қыркүйек).

Бұл мақаладан аңғарғанымыздай, газеттің жаңа атауын іздеуде байқау жария-ланып, көптеген ұсыныстар қарастырылған. Олардың қатарында «Шамшырақ», «Азаттық үні», «Ертіс толқыны», «Жаңғыру», «Халық үні» деген сияқты сан түрлі нұсқалар болған. Ардагеріміз, Қазақстанның Құрметті журналисі Тұрсынбай Ибадуллиннің естелігінде жазылғандай, редакциялық алқаның отырысында редактор өзі көңіл түбіндегі нұсқаны айтып, ортаға салған. Оған алқа ішіндегі аға журналистер үн қосқан. Сөйтіп көпшілік кеңесімен газет бір күннің ішінде «Сарыарқа самалы» болып жаңаша жарқырап, оқырман алдына жол тартты.

Тек атауы ғана емес, газеттің мазмұны да өзгерді. Бұдан былай, әлеуметтік мәселелер, дін, ұлттық мүдде, діл, қазақы тәрбие беру сынды кемшін қалып келе жатқан тақырыптар терең жазыла бастады. Сол кезде редакция құрамында болған белгілі журналистер Әжібек Жүсіпов, Мұхамеджан Дәуренбеков, Төлеубек Қоңыров, Тұрсынбай Ибадуллин, Қажымұрат Смағұлов, Өскенбай Тастемханов, Бақыт Баймұратов, Шолпан Байғалы, Арман Қани, Фарида Бықай, Ғалымбек Жұматов, Нұртөре Жүсіп, Ғалым Омарханов, тағы басқа да журналистер елдің игілігіне қызмет етіп, газеттің беделін көтеруге күш салды. Мұның бәрін байырғы оқырмандарымыз, ел ағалары, ақсақалдар жақсы біледі. Кейінгі өскелең ұрпақ біле жүрсін деп шет-жағасын ғана айтып отырмыз.

Әрине, Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан соң газеттің бағыт-бағдары одан сайын жетіле түсті. 1990 жылдардың ортасына дейін газет шығару технологиясы да өзгерді. 1997 жылдары компьютерлік орталық ашылып, ендігі жерде бұрынғы жұмысты қолмен атқару әдістері тыс қалды. Ғаламтор мүмкіндігін пайдалану арқылы газеттің әлемдік хабарларды алу жағдайы кеңейді. Бүгінде басылымды сайт арқылы әлемнің кез-келген нүктесінен оқи алу мүмкіндігі берілді.

Бір сөзбен айтқанда, одан бергі 30 жыл дересінде газеттің мазмұны, бағыты, тақырыптары да кеңейді. Басылым заманға сай түлеп, қағаз нұсқада жарыққа шығумен қатар, ой салатын мақалаларды әлеуметтік желілердегі аккаунт-парақшалары арқылы жұртшылыққа жарнамалап-жариялауда. Ақпарат нарығында бәсекелестік күшейген тұста «Сарыарқа самалы» газетінің тақырыптық жағынан сапалы шығуына басты маңыз берілетіні хақ. Бұл ретте айнымас дос, ақ-адал оқырмандары-мызға әлі де арқа сүйейтінімізді айтқымыз келеді.

Ендеше, «Сарыарқа самалы» аталғанына 30 жыл болған газеттің ғұмыры алда да ұзақ уақыт жасап, әрдайым халықпен, қазақ оқырмандарымен бірге болады деп сенеміз.


Количество показов: 448

Возврат к списку