Тарихтың талай сыры – музейде

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Тарихтың талай сыры – музейде 21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде

Жуырда Баянауыл ауданы Майқайың кентінде «Өлкетану» музейі ашылған болатын. Онда осы өңірдің дамуына атсалысқан, есімдері тарихқа алтын әріптермен жазылып қалған тұлғалар мен осы мекенде өткен тарихи сәттер қамтылған еді. «Өлкетану» музейін ашуды өз мойнына алған, ұйымдастырған және жәдігерлерді жинақтаған - тыл ардагері, кенші, «Құрмет белгісі» ордені, «Шахтер даңқы» белгісінің толық иегері, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Әбенов Мұхтар Зәпішұлы болғанын атап өту керек. Мұхтар Зәпішұлы музейдің ашылу салтанатында жәдігерлерді жинау ісіне қалай араласқаны туралы кеңінен айтып берген болатын. Ендігі сөзді еңбек ардагерінің өзіне бердік.

IMG20210915144025.jpg

Бұл оқиға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен туған ауылымыз Майқайыңның 90 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында іске асырылған елеулі шара болды. Майқайың кентінде алғаш рет өлкетану музейі ашылды.

Музей – өшкеніңді жандырып, өткеніңді тірілтетін киелі орын. Кереку-Баянауыл өңіріндегі ірі кен орны Майқайың - әртүрлі тарихи сәттерге бай өлке. Сол тарихи оқиғалар ауыздан-ауызға жетіп, кейбір сәттері қағаз беттеріне түскенімен, дәл бүгінгідей ортақ бір жүйеге келтірілмеді. Саналарда ғана сансырап ұмытыла бастаған жәдігерлер мен тарихи бейнелерді кейінгі жас буынға жеткізіп, қалдырып кету сіз бен біздің ағалық парызымыз болды. Сол себепті, «Майқайыңалтын» мекемесінің 90 жылдығы, кентіміздегі білім ордаларының 90 жылдығы, мешітіміздің 25 жылдығы қарсаңында музей ашсақ деген тілегімізді Баянауыл ауданының сол кездегі әкімі Оразгелді Қайыргелдиновке жеткізуді жөн көрдік. Оған ауылымыздың ардагерлері мен зейнеткерлері атынан: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Майқайың кентінде музей ашу үшін қаражатпен көмектесіп, музей ісін жүргізетін қызметкерлер тағайындауыңызды өтінеміз» деген хатпен 2019 жылы 5 қаңтарда шыққан едім.

2019 жылы 22 қаңтарда Майқайыңда өткен есептік кездесуде Оразгелді Қайыргелдинов: «Биылғы жылы да Майқайың кентінде атқарылатын іс-шаралар көп. Соның ішінде ауданымыздың Құрметті азаматы Мұхтар Әбенов ақсақал көтеріп отырған өлкетану музейін ұйымдастыру мен кент мешітінің асханасының кепілдігін шешу мәселесіне көмектесуге дайынмын» деп айтты. 1 қазанда кент мешітінің имамы Бодаубек қажы екеуіміз аудан әкімінің қабылдауына бардық. Оразгелді Әлиғазыұлы бізді жылы қарсы алып, қарттар күнімен құттықтап және Майқайың мәдениет үйінің ішінде өлкетану музейін ашуға қаржы бөлінгендігін, әрі бұл жұмыспен қандай мамандар айналысатынын тәтпіштеп айтып берді.

Өмірдің заңымен елге еңбегі сіңген, Майқайыңның іргетасын қалаған, өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан қаншама азаматтарымыз ортамызда жоқ, Майқайыңның 90 жылдық тарихын білетін тірі куәгерлеріміз де азайды. Осы жайт көңілімізге кірбің түсіріп, жүрегімізді ауыртты. Ауылда қалған үлкендермен ақылдаса келіп, осылай музей ұйымдастырып, небір ізгі жандардың жарқын бейнелерін жаңғыртып кету азаматтық парызымыз деп санап, осы бір істі бастадық. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында жұмыс жүргізіп, жәдігерлерді іздестіріп, қаншама отбасына бас сұқтық, жүздеген жандармен тікелей жүздесіп, қаншама жандармен телефон, әлеуметтік желілер арқылы ақпарат алмастық. Тек Майқайыңда ғана емес, кезінде «Майқайыңалтын» комбинатының құрамында болған Александровка, Найзатас, Қарасор, Майкөбе, ЦЭС, Керегетас, Үшқұлын, Шөптікөл, Төртқұдық, Жосалы, Алпыс ауылдары мен кеніштеріне қатысты материалдар жинастырып, ауыл адамдарымен жүздесіп, оларды фотоларға түсіріп және өткен тарихи деректерін іздедік.

IMG20210915144046.jpg

Біз, Майқайың мешітінің имамы Бодаубек қажы, «Кенші» мәдениет үйінің директоры Анар Сағындыққызы осы музейді ұйымдастыру үшін тәжірибе жинақтауға Баянауылда Қаныш Сәтбаев музейінде болдық. Екі рет Торайғыр ауылындағы музейде болып, сол музейдің негізін қалаушы Шолпан Жақыповамен жолығып, пікір алмастық. Сонан соң Павлодар қаласындағы көркемсәулет мекемесінің басшысы Александр Пархоменкомен кездесіп ақылдастық. Алдында Майқайың туралы кітап шығару жұмысын қолға алғаны себепті бұл азаматта да әжептәуір фотомұралар сақтаулы еді. Ол музейді әшекейлеп, фотосуреттерді өңдеп, реттеп қоятынын айтты.

Музейдің ішкі жөндеу жұмыс-тарын атқаруға баянауылдық Көбешев Қуанышпен келісімшарт жасалды. Музейге қойылатын жиһаздарды жасау жұмысын тендер бойынша талдықорғандық кәсіпкерлер ұтып алды. Кен минералдары коллекциясына арналған жиһаздарды майқайыңдық кәсіпкер Бекенов Асылхан жасап, сыйға тартты. Музейдің кен-минералдар коллекциясын «Майқайыңалтын» АҚ Бас кен барлаушысы, геолог Стебнев Владимир Михайлович жинақтап берді. Ибраев Бекболат бауырымыз да Баянауылда бірнеше жерде музей жасағанын айтып, Майқайың музейінің макетін дайындап, жеткізіп берді.

Майқайың кенті Ардагерлер кеңесінің мүшелері Никишов Вячеслав Иванович, Бейсенбаев Жақсылық, Төрегелдинов Қайыртай, Абдрахманов Қабдыл, Әшімова Бағаш, Жасылғұсова Шолпан, Қуанбаев Әлжан, мешіт имамы Солдат Бодаубек, мектеп басшылары Мәжитова Самал, Сүлейменов Ержан, Бейсенбаева Жаннұр, Батталова Әлия, мекеме басшылары Ботин Қуаныш, Сәдуақасов Мағжан, Омаров Серік, Омаров Арыслан, Зверев Сергей, Шәріпжанов Өміртай, Бектемір Қанат, Қабылбеков Еркін, Бекенов Асылхан, Тайлақов Рахмет, Мақатаев Рафаэль, Тоқпаев Қанат, Тоқпаева Гүлнәр, Қамашев Қосмабек, Қамашев Айдынбек, Қабдулов Тимур, Қонай Ербол, Досов Ербол сынды азаматтар жәдігерлердің ұйымдастырылуына қолғанат болып, көмектерін жасады.

Біз, Пархоменко А, Бодаубек қажы, Анар Сағындыққызы Үшқұлын ауылында болып, ол жердегі мектеп, балабақша, мәдениет үйі қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен, зейнеткерлермен кездесіп, фотосуреттерге түсіріп, ескі суреттерді жинақтадық. Одан ары Үшқұлын теміржол станциясында басшылары мен қызметкерлерімен жолығып, фотосуретке түсірдік.

Одан кейін Қамашев Қосмабектің кәсіпорнында болдық, бізді Қамашев Айдынбек қарсы алды, сол мекемеде де фотосуреттер түсірдік. Бектемір Қанаттың шаруашылық мекемесінде болып, фотоға түсірдік. Одан кейін Тоқпаев Қанаттың дүкендерінде болып, фотоға түсірдік. Одан кейін кәсіпкер Қабылбеков Еркіннің дүкендерінде болып, фотоға түсірдік. Одан кейін Бодаубек қажы, Анар Сағындыққызы үшеуіміз Қарасор кенішінде болып, Майқайыңда өсіп-өнген, мешітіміздің ішін жөндеп қолғабыс жасаған Омаров Асқар бауырымызбен баласы, Қарасор мекемесінің қазіргі директоры Арыслан Асқарұлымен жолықтық, фотомұралар алдық.

Одан кейін Майқайыңдағы кен байыту фабрикасы, автокөлік бекеті, жер асты шахтасы, Өрт сөндіру бөлімі, Төтенше жағдайлар бөлімшесі, «Гравилит» мекемесі, Құрылыс мемлекеттік коммуналдық мекемесі, аурухана бөлімшесі, поликлиникасы, мектептер, балабақшалар, мешіт, жөндеу шеберханаларының фотошежірелері іздестіріліп, фотоға түсірілді. «Кенші» мәдениет үйінің басшысы Анар Сағындыққызы фотограф Нәзгүл Серікқызымен ЦЭС, Шөптікөл, Сұлужон ауылдарында болып, ауыл тұрғындарымен кездесіп, суретке түсіріп әкелді. Осы орайда музей жәдігерлерін жинақтап, ретке келтірген Мәдениет үйінің қызметкерлері Бейсембекова Арай, Мұқанова Күлмайда, Нұрмақова Арай, Сатыбалдинова Майгүл, фотографтар Усейнов Айдос, Серікқызы Нәзгүлдің жасаған істері де бір төбе.

Осында аталған көптеген мекемелердің тарихи жәдігерлері мен фото шежірелері менің жеке архивімде сақтаулы еді. «Майқайыңалтын» мекемесінің және Майқайыңның тарихын жүйелеу үшін көп уақыт бойы бұл фотоларды мен өзім сақтап келген едім, мұражайды ұйымдастыруға бұл іс-әрекетім пайдалы да қайырлы болды деп ойлаймын. Бұған дейін мен 2001 жылы «Баянаула» кітабында «Майқайыңалтынның» және Майқайың кентінің тыныс-тіршілігі мен тарихын жазған едім.

Жоғарыда аттары аталған азаматтарымызға және үнемі қолдап-қолпаштап, істің сәтті аяқталуына мұрындық бола білген Баянауыл ауданының әкімі Кәрімов Қанат Сәрсенұлына, Майқайың кентінің әкімі Молдатаев Ербатырға, мешітіміздің бас имамы Солдат Бодаубек қажыға, істі нақты атқарған «Кенші» мәдениет үйінің директоры Анар Сағындыққызына, музей ісін жүргізген Бейсембекова Арай мен Мұқанова Күлмайдаға және осы істің басталуына ерекше жігер бөлген асыл азаматымыз, сол кездегі аудан әкімі Оразгелді Әлиғазыұлына алғыс айтамын.

10 мыңға жуық халқы бар, 90 жылдық тарихы бар Майқайыңның барлық жеңістері мен жетістіктерін, қуаныштары мен өкініштерін және осыларды жасаушы Майқайыңның еңбекшілері мен жарқын жүзді азаматтарын осы музейде толық көрсеттік деп, әрине, айта алмаймын. Әлі де атқаратын жұмыстар көп.

Дегенмен, біраз шаруалардың атқарылғанын бүгінде көріп отырсыздар, өмірден өтіп кеткен қаншама ардақтыларымыз бен қазір ортамызда жүрген жасампаз азаматтарымыз бен жастарымыздың мыңдаған фотосуреттері мен өндіріс, өнеркәсіп саласындағы жетістіктері қамтылып отыр.

Музейді ашу туралы басты мақсат орындалды. Кем-кетігін, жетіспейтін жерлерін келешек ұрпақ өзі толтырады. Ал, сіз бен біз бүгін осы жас ұрпаққа өмірден өтіп кеткен аға буынның өнегесін, солардың бейнесін жеткізіп, тапсырып кетіп отырмыз. Сондықтан ісіміздің осылай іске асып жатқанына мен шын жүрегімнен қуанып отырмын. Аталары мен әжелерінің, ағалары мен апаларының ізгі ісін көріп жас ұрпақ үлгі алсын, ең бастысы - өзімнің алдымда иық тіресіп бірге жүрген аға-бауыр, апа-қарын-дастарымыздың аруағы разы болсын демекпін.

Мұхтар ӘБЕНОВ, тыл және еңбек ардагері, кенші, 

облыс дәрежесіндегі зейнеткер, 

Майқайың кенті ардагерлер кеңесінің Құрметті төрағасы, 

Баянауыл ауданының Құрметті азаматы.


Количество показов: 373

Возврат к списку