Толығымен екпе алған

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Толығымен екпе алған 18.09.2021

Толығымен екпе алған

Успен ауданындағы 11 ауылдың тұрғындары толығымен коронавирусқа қарсы екпе алды. Өңір вакцинациялау қарқыны бойынша Павлодар облысында көш бастап тұр. Успен ауданында тағы 700-ден астам адам екпе салдырса, COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптаспақ.

Бұл туралы КВИ-ге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысында айтылды. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Арыстанованың сөзінше, қазіргі таңда облыс бойынша вакцинаның бірінші компонентін 288 мың тұрғын, екінші компонентін 249 мыңнан астам адам алған. Өңір бойынша Успен ауданы көш бастап тұр. Мұнда екпе алуға жататын 7079 адамның 6365-і вакцина салдырған.

- Біз ауданның бүкіл аумағын секторларға бөліп, әрқайсысына жауапты тұлғаны тағайындадық. Еріктілер ауыл тұрғындарына қоңырау шалып, жергілікті қауымдастық өкілдері жерлестеріне вакцина алудың маңызын түсіндірді. Ауыл округтері әкімдерінің «WhatsApp» желісі арқылы хабарлама тарату да кері байланыс болды. 450 хабарлама жолданғаннан кейін екпе егу бөлімшелеріне 270 адам келді, - деді Успен ауданының әкімі Николай Дычко.

Успендіктердің тиімді тәжірибесін «Ел үшін егілемін!» азаматтық штабында да атап өтті. Штаб жетекшісі Ризабек Исабеков COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақыру кезінде үгіттеушілер оның қажеттілігін әр адамға жеткізуге тиіс екенін айтты.

- Екпе салдырғаны үшін берілетін сыйақы екпе егу кабинетіне өз еркімен келген адам үшін жай ғана бонус болуы керек. Мұндай акцияларға сеніп отырмау керек. Әлеуметтік желілерде пікірлермен жұмыс істеп, электронды пошта арқылы хат жіберу қарқынын арттырып, вакцина туралы сауалдарға тұшымды жауап беретін мамандармен вебинарлар жүргізу қажет. Әр адамға вакцинация туралы ойды көбірек жеткізу қажет, - деді ол.

Сонымен қатар, Павлодар облысында «Ashyq» жүйесі қаншалықты белсенді қолданылатыны да сөз болды. Өңірде 386 жүйе қатысушысы тіркелген. Олардың арасында соңғы екі аптада азаматтардың QR-кодты сканерлемей, ішке кірген жағдайлар тіркелген. Бұл қатарда білім беру ұйымдары, пошта бөлімшелері, полиция бөлімшелері және басқа да ұйымдар бар. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов жағдайды түзетуді тапсырды.

- Біз күткен келеңсіз жағдай орын алды. Кіре берісте QR-код бола тұра, ешкім адамдардың код бойынша өтуін қадағаламайды. Мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде «Ashyq» қосымшасын қолдануға жауаптыларды бекіту қажет, - деді облыс әкімі.

Атап өту керек, алдағы уақытта кәсіпорындарда вакцина алмаған қызметкерлерді анықтайтын мониторингтік топтардың рейдтері кезінде бұл жүйенің пайдаланылуы тексеріледі. Тексерушілер қызметкерлердің тізімдерін «Ashyq» қосымшасы бойынша сәйкестендіреді. «Жасыл» мәртебесі жоқ қызметкерлерден жұмыс орнында отыруға рұқсат беретін ақпарат сұралады. Барлық құқықбұзушылықтар санитарлық-эпидемиологиялық органдарға тапсырылмақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Количество показов: 404

Возврат к списку