Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Тойға барғыңыз келсе,  екпе салдырыңыз! 23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!

Елімізде коронавирустың жаңа штамдары пайда болуда. Мамандар қазіргі індет сонысымен қауіпті екенін айтып, дабыл қағуда. Дәрігерлер аты жаман індеттен тек вакцина ғана қорғайтынын алға тартып отыр. Сондықтан жыл соңында балалар мен жүкті әйелдер де КВИ-ге қарсы екпе алатын болады. Облыста вакцина салдыруда халықтың белсенділігі қандай деңгейде? Балалар мен жүкті әйелдер арасында екпе алу шарасы қалай жүргізіледі? Осы және өзге де сұрақтар төңірегінде ҚР Премьер-Министрі орынбасарының баспасөз хатшысы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевпен тілдескен болатынбыз.

- Ержан Халиұлы, еліміздің бас санитарлық дәрігері соңғы жарияланған қаулысында тұрғындарға той өткізуге рұқсат берді. Отбасылық жиындарды өткізудің талабы қандай?

- Бұрнағы күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төраға-лығымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіліп, коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шешім қабылданды. Осы орайда комиссия мүшелері 27 қыркүйектен бастап елімізде салтанатты және отбасылық шараларды ұйымдастыруға рұқсат берді. Тек мерекелік кешке «жасыл» түсті мәртебесі бар қонақтар ғана келе алады. «Жасыл» аймақтағы өңірлердің тұрғындары отбасылық кешке 100 адамнан артық адам шақыра алмайды. Залдың ішіндегі орын саны 50 пайыздан аспауы тиіс. Ал «сары» аймақтағы облыс жұртшылығы 70 адамның басын қосып, той өткізе алады. «Қызыл» аймақтағы өңірлер үшін мерекелік кешке тек 50 адам шақыруға рұқсат. Сондай-ақ конференция- лар, форумдар және басқа да бұқаралық шараларды, көрмелерді өткізуге рұқсат етілді. Таза ауада марафон ұйымдастырып, көрермендердің қатысуымен спорттық шаралар өткізуге болады. «Жасыл» және «сары» аймақтағы спорттық-сауықтыру орталықтары мен спорт кешендерінің, ойын клубтарының қызметі қайта жанданады. 16 елмен әуе қатынасы ұлғайтылып, жаңартылады.

- Мамандар коронавирустың жаңа штамдары тұрғындарға қауіп тудырып отырғанын айтады. Осы аптада ғана Павлодар облысында Нигериялық Eta штамы тіркелді. Бұған дейін Дельта штамы анықталғанын білеміз. Той-томалақтарға рұқсат беру эпидемиологиялық жағдайды ушықтыра түспей ме?

- Йота штамы биыл ғана тіркеліп жатқан жоқ. Дүние жүзі бойынша өткен жылы науқастар арасында анықталған болатын. Той-томалаққа рұқсат етуде тұрғындардың, кәсіпкерлердің өтініші ескерілген болатын. Бірақ мерекелік кештерге тек «жасыл» түсті мәртебесі бар адамдар ғана қатыстырылатынын ескерген жөн. Сондықтан екпе алған адамдардың арасында індет өршиді деп ойламаймын.

- Елімізде сенбі-жексенбі күндері сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана кіргізіледі. Ал жүктілікке, бала емізуге, денсаулығына байланысты медициналық анықта-масы бар адамдардың жағдайы неге ескерілмеген?

- Тұрғындар арасында қате пікір таралуда. Сенбі-жексенбі күндері сауда орындары, мейрамхана мен дәмханаларға «жасыл» түсті мәртебесі бар адамдарға кіруге рұқсат етілген. Мұндай мәртебе вакцинаның алғашқы компоненті мен екі дозаны да алған адамдарға берілгенін білесіздер. Яғни, олар айналасына қауіп төндіре алмайды. Ал жүкті әйелдер, бала емізетін келіншектер, денсаулығында вакцина алуда кері әсерлері бар адамдар мекемедегі күзетшіге медициналық анықтаманы көрсету арқылы ішке кіре алады. Оларды кіргізуге рұқсат етіледі. Бірақ медициналық анықтамасы бар адамдар екпе алмағандықтан, олардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. Жүкті әйелдер өздерімен қатар, құрсағындағы баласының денсаулығын ойлауы керек. Сондықтан маман ретінде біз мұндай адамдарға адам көп жиналатын орындарға бармауға кеңес береміз.

- Елімізде коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қашан қалып-тасады деп күтілуде? Болжам жасалды ма?

- Елімізде жыл басынан бері коронавирусқа қарсы екпе алу шарасы жүргізілуде. Респуб-ликада КВИ-ге қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың 70 пайызы вакцина салдыруы тиіс. Мемлекетімізде 10 миллионға жуық адам екпе алуға жарамды. Бүгінде алғашқы компонентті 7 миллионнан астам адам қабылдады. Қалған 3 миллион адам ешбір қарсылық танытпай, дұрыс шешім қабылдаса, қауіпті кеселге қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасатыны сөзсіз. Бірақ бұл да оңай жұмыс емес. Халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Медициналық ұйымдарда препарат қоры жеткілікті. Тұрғындар екпе алуда белсенділік танытса, күз мезгілінің соңына дейін елде ұжымдық иммунитет қалыптасады деген ойдамыз.

- КВИ-ге қарсы екпе алу қарқыны бойынша Павлодар облысы соңғы орында қалып отыр. Бұл туралы не айтасыз?

- Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыруда Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары көш бастап тұр. Павлодар облысы 14-ші орынға жайғасқан. Яғни, өзге өңірлермен салыстырғанда көрсеткіш төмен. Бірақ жақында аймақтағы вакцина алу қарқынын бақылаған болатынбыз. Бұл бағытта жергілікті билік тарапынан жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы айдың соңына дейін ортаңғы деңгейге көтеріледі деген сенім бар. Себебі халықтың екпе алуға деген белсенділігі жаман емес.

- Емханалардағы екпе жасау кабинеттері күндізгі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін тұрғындарды қабылдайды. Сенбі-жексенбі күндері егу кабинеттері жұмыс істемейді. Екпе алу қарқынын күшейтуде емханалардағы егу кабинеттерінің жұмыс уақытын ұзартуға бола ма? Себебі жұмыстан үлгере алмайтын тұрғындар көп...

- Өте орынды сұрақ. Өңірде барлық емханаларда екпе салу шарасы жүргізіледі. Емханаға бара алмаған азаматтар көшпелі екпе егу кешендерінің жұмысын пайдалана алады. Сауда орталықтарында да вакцина салатын орындар бар. Жақында әуежай, теміржол вокзалдары мен базарларда да жеке бөлімшелер ашылады. Яғни, адамдарға кез келген жерден вакцина салдыруға жағдай жасалады. Ал екпе салу уақытына байланысты мәселені облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысымен талқылайтын боламын.

- Жақында елімізге 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге арналған «Pfizer» вакцинасы жеткізіле-тінін естідік. Осы мәселеге ата-аналар қатты алаңдап отыр. Балалар екпе алуға міндеттеле ме?

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі желтоқсан айында америкалық «Pfizer» препаратын қабылдауды жоспарлап отыр. Қазір келіссөздер жүргізілуде. Сарапшылар мен дәрігерлер аталмыш екпе балаларды коронавирустан қорғайтынын айтады. Дүниежүзі бойынша осы екпені алуға рұқсат берілген. 18 жасқа дейінгі балаларға ата-анасының рұқсаты арқылы ғана екпе салынады. Вакцина мәжбүрлі түрде салынбайды. Егер ата-ана келісім хатқа қол қоймаса, балаға вакцина салынбайды. Оқушы ешқандай қысымға ұшырамайды, мектепке де барады. Десе де, ата-аналар қауымына ұл-қызының денсаулығын сақтауда дұрыс шешім қабылдауға кеңес береміз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ата-аналар тарапынан балаларға арналған екпе шығару жөнінде өтініштер де көптеп түсуде.

- Әу баста коронавирусқа қарсы екпе егу шарасы ерікті түрде жүргізіледі деп хабарланды. Алайда кейбір тұрғындар вакцина салдырмағандықтан жұмыстан шығып қалғанын айтып шағымдануда. Балаларға арналған препарат елімізге келгенде, вакцинадан бас тартқан оқушылар мектепке кіргізілмей қалмай ма?

- Елімізде коронавирусқа қарсы екпе алу мәжбүрлі түрде жүргізілмейді. Халық арасында жалған пікір тарап кеткен. Вакцина салдырмаймын деген адамдар әрбір 7 күн сайын ПТР-сараптамасын жасатуы керек. Екпені қабылдамаса, жұмыстан шығарылмайды. Басшылық ол адамның қашықтан жұмыс істеуіне жағдай жасауы тиіс. Бұл мәжбүрлеу дегенді білдірмейді. Екпе алмағанына байланысты қызметінен босатылғандар құқық қорғау органдарына арыз жаза алады. Балалар арасында да ата-ананың рұқсатынсыз екпе салынбайды. Осыны есте ұстау керек.

- Сәби күтіп жүрген әйелдер жүктілігінің нешінші айында екпе алуы тиіс?

- Жүкті әйелдерге де «Pfizer» вакцинасы салынады. Екпе тек келісім арқылы егіледі. Қазіргі уақытта дәрігерлер аталған препараттың клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеуде. Екпенің қашан және қалай салынатыны алдағы уақытта белгілі болады.

- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан - Айдана Қуанышева.


Количество показов: 360

Возврат к списку