Тракторшы Қайрат

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Тракторшы Қайрат 25.09.2021

Тракторшы Қайрат

Кейінгі ұрпаққа ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге машықтанған жылпостардың тірлігі емес, жыл-он екі ай ауыр жұмысқа жегілген қарапайым еңбеккерлердің өмірі көп насихатталуы керек. Міне, сондай еңбекқорлығымен өнеге болған жандардың бірі – Павлодар ауданына қарасты Жаңақала ауылының тұрғыны Қайрат Асайынов. Ол жастайынан трактор жүргізіп, отбасын асырап жүр.

Бұрын балалардан: «Өскенде кім боласың?» деп сұраса, «шахтер боламын», «жүргізуші боламын», «ұшқыш боламын» деп қарапайым жұмыскер адамдардың өміріне еліктеп өседі екен. Ал қазіргі балалардан сұрасаңыз, бірден «Президент боламын» деп, айды аспаннан бір-ақ шығарады. Ал барлығы солай айға қолын созса, жердегі жұмысты кім істейді? Біздің кейіпкеріміз Қайрат Асайынов қарапайым жұмыскердің отбасында өмірге келіп, жасынан трактор тізгіндеуді армандап өсіпті.

Ол 1977 жылы Павлодар ауданының Григорьевка ауылында туған. Бар болғаны 10 жылдық мектеп бітіріп, еңбекке араласты. 1994 жылы 17 жасында Чернорецк кеңшарында механизатор болып жұмыс істей бастады. 1998 жылдан бері Павлодар ауданындағы «Жаңа қала» шаруа қожалығында тракторшы болып жұмыс істейді.

- Біз отбасында төрт ұлмыз. Барлығымыз осы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейміз. Әкем малшы, анам бұзау бағушы болған. Сондықтан, жасымыздан қара жұмыс істеген адамдарды ғана көріп өстік және өзіміз де солай еңбек етуге дағдыландық. Ал бүгінде екі ағам - тракторшы, бір ағам - малшы. Жалпы, бұл шаруашылықта 70-80 адам жұмыс істесе, соның жартысынан көбі - жастар. Яғни, соңғы уақытта жастардың қара жұмысқа деген қызығушылығы артып келеді. Соған қарағанда, олар тек жұмсақ орындықта отырып қана емес, қолға айыр-күрек ұстап та мол табыс тауып, күн көруге болатынын түсінген сыңайлы. Сондықтан болашақта өзімнің балаларым да менің жолымды таңдап, шаруашылық мамандығын меңгеремін десе қарсы болмаймын, - дейді тракторшы Қайрат.

Тракторшының айтуынша, мұндай шаруашылықтарда қалыптасқан бір жұмыс режимі деген жоқ. Сегіз сағат жұмыс істеп, үйге келу, сенбі және жексенбі күндері демалу деген түсінік жүрмейді.

- Біздің жұмыс көктем мен күзде қыза түседі. Себебі, бұл мезгілдерде жер жырту, тұқым себу, жазда егін алқаптарының арамшөбін арылту, күзде егін ору, өнімді қоймаға жинау, шөп шабу, оны ауылға жеткізу секілді жұмыстары үздіксіз жалғасады. Осы жұмыстар аяқталғанша, егін басынан бір елі алыстамаймыз. Күн райы бұзылып, жаңбыр жауған кезде ғана бір-екі күн демалыс беріледі. Ал еңбек демалысына жұмыс саябырлаған желтоқсан айында ғана шығамыз.

«Сонда қай уақытта ел қатарлы той-томалақ қызықтап, демалыс жерлеріне барасыздар?» деген сауалға: «Өз басым ондай жеңіл-желпі дүниеге көп қызыға қоймаймын. Қыста ғана қалаға барып, бірнеше күн қыдырып қайтамын» деп күлді кейіпкеріміз.

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек, дағдарыс жағдайында бізді асырайтын – ауыл», – деген еді. Ал өнімі көл-көсір ауылдың ажарын ашып, шаруашылығын дөңгелетіп тұрған - осы Қайрат секілді қайратты жігіттер. Ендеше, осындай қара жұмысшылардың қадірін асырып, олардың еңбегін әрдайым жоғары бағалауымыз керек.

 

Тілеуберді САХАБА.



Количество показов: 407

Возврат к списку