Трендті талғаммен үйлестіріңіз...

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз... 18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...

Адам кісілігі киімінде емес, білімінде. Алайда, әдемі әрі сәнді киіну адамның тек сыртқы келбетіне ғана емес, ішкі жан дүниесі сенімділігіне ықпал етеді. Қазіргі жаhандану заманында жаңалық көбейген сайын, киім мен сән саласы да ерекше жедел дамып барады. Сәннен қалмай, жыл сайын гардеробты жаңарту біраз қаражатты талап етері сөзсіз.

Сән – киім кию мәдениеті мен өмірдің әртүрлі саласында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Сәнді киіну, яғни тренд киім үлгісі кемінде 2-3 ай өз мәнін жоймайды, ал кейін шетке ысырылып қалып жатады. Алайда, кейбір сән әлеміндегі ерекше образдар көпшілікке ұнап, бірнеше жыл сәннен қалмайды.

Күз – жылдың ең сезімтал мезгілі. Адам мінезі сияқты мұнда ауа райы да құбылмалы болып тұрады. Күздің соққан желі, жаңбырлы күндері қолайсыз болса да адам жаны қашанда күзден сұлулық іздейді. Әсіресе, талғамы биік арулар үшін мұндай құбылмалы ауа райы кезінде көңілге серпін сыйлау үшін стильді киіну аса маңызды.

Әлемдік сән мамандары күздегі басты трендке ие түстерді атап өтті. Осы жолы ашық түстерге басымдылық берілген екен. Олардың қатарында ақ, ақшыл қоңыр, қызғылт, сары, жасыл түстер де бар. Бұл түстер аруларға нәзіктік сыйлап қана қоймай, күздің құбылмалы ауа райында көтеріңкі көңіл-күй сыйлары сөзсіз.

Павлодарлық сән маманы, бүгінде өзінің ерекше талғамдағы киім үлгілерін ұсынып жүрген Айзат Қожабайдың айтуынша, пандемияның әсерінен қазіргі сән әлемінде саналы түрде киіну ұғымы пайда болған. Мұны «осознанная мода» деп атайды. Биылғы жылы ыңғайлы әрі қарапайым түрде киіну сәнде. Яғни, жасыл (хаки), ақшыл қоңыр, т.б. ашық түстерден атлас маталы жейделер, эко-былғарыдан тігілген киімдер, оған қоса спорттық үлгімен бірге классикалық киімдерді сәйкестендіріп образ жасау күзгі трендке айналған.

Олай болса, талғампаз аруларға өңіріміздің сән мамандарының кеңесін ұсынамыз:

Ең біріншісі, эко-былғарыдан жасалған костюм. Сән әлемінде бұл әлі де өзекті. Күз мезгілінде қара, қоңыр түстерінен бөлек, ашық түстерді де өз гардеробыңызға қосқан жөн.

Екінші – қысқа жакет немесе белдемше. Белдемшемен өзіңізді ыңғайлы сезіну үстіңізге ұзын пальтоны киіп, образды толықтыруға болады. Ал үшінші киім үлгісі – ментол түстегі күртеше. Бұл күлгін түсті жібек пен тоқыма мата фактураларымен әдемі үйлесері анық. Кешкі кездесулерге, күзгі серуенге арналған ыңғайлы әрі жеңіл, ең бастысы жылы киім үлгісі болмақ.

Сонымен қатар, 2021 жылдың күзінде образды түрлі әшекей бұйымдармен толықтыру сәнде. Не болмаса, қолға және шашқа жібек орамалдың ашық түстерін қолдану арқылы ерекшелене аласыз. Әлі де өзектілігін жоймай келе жатқан тағы бір әдіс – жібек орамалмен сөмкені жаңарту. Тек киімге сәйкестендіріп, ашық және қанық түстерді таңдау керек.

Жақсы киіну көп қаражатты талап етеді. Ең бастысы, алған заттың құны мен сапасын басты орынға қойған жөн. Сән әлемін қолдаған жөн, бірақ сән қуудың қажеті жоқ. Киген киім ажарыңызды ашса, бұл - нағыз жоғары талғам белгісі. Сәнді болу үшін қымбат киіну маңызды емес. Бастысы, ерекшелікті жоғалтып алмаңыз! Сондықтан, трендті талғамға сай үйлестіре білсеңіз, нұр үстіне нұр болмақ!

 

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


Количество показов: 415

Возврат к списку