Заңсыз кескенге – жаза қатаң

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң

Ауылдағы ағайын суық күнде бүрсең қақпас үшін қойманы отын ағашына толтыра бастады. Бұл ретте кейбір тұрғындардың орман, тоғайлардағы ағаштарды заңсыз кесіп, оларды табыс көзіне айналдырып, табиғатқа залал келтіретіні жасырын емес. Мұндай жағдайда ережелерді белшесінен басқан азаматтар қандай жауапкершілік арқалайды? Арнайы рұқсатқағаздарды алудың жолы қандай? Осы және өзге де сауалдарға Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев жауап берді.

- Руслан Мәлікұлы, білуімізше, тұрғындар ағаш кесу үшін арнайы рұқсатқағаздар алуы тиіс. Мұндай құжаттарды кім және қалай береді?

- Жалпы, орман алқаптары аумағындағы ағаштарды әркім өз қалауынша кесіп ала алмайды. Орманшылар өрт, жел, зиянкестер, басқа да қолайсыз жағдайлардың салдарынан зақым келген, қураған, ауруға шалдыққан, ғимараттар салу мен инфрақұрылымдық желілерді тарту кезінде шабуға тура келген ағаштарды анықтап, оларға арнайы белгі қояды. Сондай талдарды ғана отын ретінде пайдалануға болады. Ал ол үшін тұрғындар тұрғылықты мекенжайындағы орманшылықтарға ауызша немесе жазбаша түрде өтініш білдіруі керек. Кейін орманшы кесуге болатын ағаштар орналасқан аумақты көрсетіп, олар үшін төленуі тиіс ақыны қабылдап, арнайы құжатты қолына ұстатады. Мұнда билеттің нөмірі, ағаштың түрі, көлемі мен бағасы көрсетіледі. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда, атап айтқанда, «Ертіс орманы» резерваты мен Баянауыл ұлттық табиғи паркінде ағаштар тек өндірістік аумақтардан босатылады.

- Кей кездері тұрғындар орманшы белгілеген аумақтың ауылдан алыс екенін алға тартып, шағымдарын білдіріп жатады. Бұған қатысты не айтар едіңіз?

- Бірнеше адамға ыңғайлы болу үшін ауылдың іргесінде жайқалып тұрған жасыл желекті отынға бере алмаймыз. Әйтпегенде, орман қоры айтарлықтай сиреп қалады. Бұл – бір. Екіншіден, отын ретінде пайдалануға тек қураған, әрі қарай өспейтін ағаштар белгіленеді. Біздің инспекция орманшылар белгілеген бұл талдарды шынымен шабуға болар-болмасын тексереді. Кейін құзырлы комитетке кесуге болатын ағаш көлемін бекіту үшін құжаттар жібереді. Яғни, бұл – оңай шешілетін шаруа емес.

- Жоғарыда тұрғындар белгіленген көлемдегі ағаштың ақысын төлеуі тиіс екенін айттыңыз. Биылғы баға қандай?

- Отын ретінде пайдаланылатын ағаштың бағасы «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске сәйкес түріне, орналасқан аумағына қарай белгіленеді. Орманшылардың қураған ағашты қалаған бағасына сатуға құқығы жоқ. Айталық, Железин және Ертіс аудандарында бір текше метр ағаштың бағасы 1850 теңге тұрады. Ақтоғай, Успен және Тереңкөл аудандары аумағындағы қайың - 1600 теңге, терек - 1500 теңге. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қала-ларының ауылдық аймағы, Май, Аққулы аудандарындағы бір текше метр терек пен тал үшін 2 мың теңге төлеу керек. Баянауыл ауданындағы қарағай 4243 теңге, көктерек 3873 теңге, қайың 3981 теңге тұрады.

- Тұрғындар орманшылардан бірден 100-200 текше метр ағашты кесуге рұқсат алып, кейін оны сата ала ма?

- Жоқ, бір үйге тек 4-5 текше метр көлеміндегі ағаш беріледі. Одан артық алуға болмайды.

- Бұл көлемнен артық отынды заңсыз алған адамдарды қандай жаза күтіп тұр?

- Әкімшілік Кодекстің 381-бабына сәйкес, заңсыз ағаш кесіп, оларды жойған немесе зақым келтірген азаматтар 100-1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Егер заң бұзушылық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орын алса немесе тұрғын бір жыл ішінде бірнеше рет заң бұзса, 150-1500 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл ретте заңсыз кесілген ағаш, оны кесуде пайдаланылған құралдар, көлік – барлығы тәркіленеді. Оған қоса, табиғатқа келтірілген шығын көлемі өтеледі. Өткен жылдың соңында өтемақы көлемі айтарлықтай өзгерді. Бұған дейін ағашты кескен соң оның әрі қарай тамыр жаюына зиян келтірілмесе, тек 4 АЕК көлемінде айыппұл салынатын. Соңғы өзгерістерге сәйкес, өтемақы көлемі 125 есеге өсіп, 500 АЕК-ке жетті. Талды тамырымен жұлып алып, оның әрі қарай өсуі мүмкін болмаған жағдайда 6 АЕК көлемінде өтемақы төлесе, енді 166 есе көп, яғни 1000 АЕК теңге беруге міндеттеледі.

- Ақпаратыңызға рақмет!


Әңгімелескен – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 398

Возврат к списку