Жұртты сабылтқан жүйе

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Жұртты сабылтқан жүйе 23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе

«DamuMed», «InfoMed», қаптаған «Med»-тер қашан бірігеді?

Облысымыздағы ауруханалар мен емханалар екі мобильді қосымша арқылы жұмыс істейді. Медициналық мекемелердің бірқатары «DamuMed» жүйесі арқылы қызмет көрсетсе, қалғаны «InfoMed» қосымшасына тіркелген. Екі жүйедегі ақпараттар кіріктірілмеген. Яғни бірін-бірі көрмейді, ақпараттары бөлек. Салдарынан тұрғындар өздеріне қатысты медициналық мәліметті алуда, сараптама нәтижесін қарауда шатасып жүр.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Облыстағы ауруханалар мен емханалардың басым көпшілігі «DamuМed» мобильді қосымшасына қосылған. Бұл жүйе арқылы тұрғындар үйде отырып дәрігер қабылдауына жазылады, маманды үйге шақырады. Тапсырған сараптаманың нәтижесін де үйде немесе жұмыста отырып көре алады. Аймағымыздағы 3 медициналық мекеме «InfoMed» жүйесіне тіркелген. Олардың қатарында «Данель», Павлодар қалалық №1 емхана және «МиТ-Фарм» медициналық орталығы бар. Мәселе осыдан туындап отыр. Аталған емдеу мекемелерінің қызметін пайдаланғандар ұялы телефонына тек «InfoMed» қосымшасын тіркеуі керек. «DamuМed» арқылы медициналық мәліметті көре алмайды. Мәселен, Павлодар қаласының тұрғыны Алуа Жидебаева медициналық меке-мелердің екі түрлі жүйе арқылы жұмыс істеуі қиындық тудырып отырғанын айтады.

- Тұрғылықты мекенжайыма байланысты Павлодар қалалық №4 емханаға тіркелгенмін. Медициналық мәліметтерді «DamuМed» қосымшасынан аламын. Жуырда «МиТ-Фарм» медициналық орталығына барып, ақылы негізде тіркеуден өткен болатынмын. Өкінішке қарай, сараптама нәтижесін «DamuМed»-тен таба алмадым. Өйткені бұл орталық «InfoMed» қосымшасы арқылы қызмет көрсетеді екен. Екі жүйе арасында ешбір байланыс жоқ. Екеуі де медициналық мекемелерге арналған жүйе болғандықтан база ортақ болуы керек деп ойлаймын, - дейді А.Жидебаева.

Қазір міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында бағасы қымбат тұратын тексерулерден өтуге болады. Бұл ретте емхана мамандары тіркеуде тұрған емделушіге жолдама береді. Сол арқылы адамдар МРТ, КТ және ультрадыбыстық зерттеу сынды заманауи құрылғылармен қамтылған өзге медициналық орталыққа барып, қажетті шарадан тегін өтеді. Екі түрлі мобильді қосымша болғандықтан, кейбір тұрғындар сараптама нәтижесін үйде отырып көре алмайды. Оны алу үшін медициналық орталыққа баруына тура келеді. Сәйкесінше, уақыт жоғалтады.

Мәселенің мән-жайын білу үшін аталған мобильді қосымшалардың құрастырушыларымен тілдескен болатынбыз. Өңірлік «Даму ақпараттық технологиялар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серік-тестігінің жетекшісі Владимир Соколов әр жүйе өздігінен жеке жұмыс істейтінін растап отыр.

- Еліміздің денсаулық сақтау минис-трлігінің талабы бойынша медициналық қызмет көрсету саласы цифрландыруға бағытталған «DamuМed» мобильді қосымшасын жасап шығардық. Осы тектес қосымшаны өзге жекеменшік ұйымдар да құрастырды. Алайда әуелде нарықта аталған жүйелерді өзара байланыстыру жөнінде талап қойылған жоқ. Сондықтан әр қосымша дербес жұмыс істейді. Логикалық тұрғыдан алып қарасақ, біз бәсекелеспіз. Сондықтан мәліметтерді өзара байланыстыру қисынсыз. Бұл медицина мекемелері үшін де тиімсіз. Әр емхана қандай жүйемен жұмыс істейтінін өздері таңдайды. Мәселе біздің құзырымызда емес. Медицина мекемелерінің таңдауына байланысты болып отыр, - дейді В.Соколов.

Бүгінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі барлық медициналық мәліметтерді біріктіретін ортақ деректер қорын құру мәселесін қарастырып жатқан көрінеді. Мәселенің шешімі осы болуы мүмкін. Бұл туралы тәуелсіз сарапшы Ольга Кияшко мәлімдеді.

- Бұл - өзекті мәселе. Өкінішке қарай, денсаулық сақтау министрлігі жеке ақпараттық жүйелердегі мәлі-меттерді байланыстыруды қош көрмейді. Өйткені жекелей адамдарға қатысты медициналық деректер құпия сақталуы тиіс. Алайда министрлік ортақ медициналық деректер қорын құру мәселесін қарастырып жатқанын білемін. Яғни, ақпараттық жүйелер тиісті мәліметтерді орталықтандырылған түрде сол қордан ала алады. Бұл жаңашылдықты емделушілер мен мобильді қосымша иелері де күтіп отыр. «InfoMed» және осы тектес басқа да жүйелер осы бағытта дайындық жүргізуде. Бірақ негізгі жұмыс министрлік жанындағы республикалық электронды денсаулық сақтау орталығына байланысты болып отыр. Жаңашылдықтың қашан жүзеге асырылатыны белгісіз, - дейді О.Кияшко.

Сондай-ақ, сарапшының сөзіне сүйенсек, әзірге әрбір тұрғын қажетті медициналық деректерді Egov.kz порталындағы Электронды төлқұжаттан қарап, біле алады. Онда тіркелген емханасына қара-мастан өзін де, балаларын да дәрігер қабылдауына жазу мүмкіндіктері бар.

Мамандар медициналық мекемелер мобильді қосымшаны өздері таңдайтынын айтып отыр. Тіпті, өңірде бір қосымшадан басқа жүйеге ауысқан емханалар да бар.

Облыс орталығындағы «МиТ-Фарм» медициналық орталығының бас дәрігері Шолпан Оңғарбаева биыл «InfoMed» қосымшасына тіркелгенін айтады. Бұған дейін «DamuМed» жүйесі аясында 2 жыл жұмыс істеген.

- Әр емхана ыңғайлы жүйені өздері таңдайды. Жыл басынан бері «InfoMed» қосымшасына қосылдық. Жүйе дәрігерлерге де, емделушілерге де өте ыңғайлы. Ал «DamuМed»-те жұмыс істеу қиындықтар тудырғаны рас. Бұл жүйемен 2 жыл көлемінде жұмыс істедік. Медициналық орталықтың тіркеуінде тұрған адамдар жаңа қосымшаны пайдалануда. Ал ақылы негізде қызмет алғандар сараптама нәтижесін қағаз жүзінде алады. Екі жүйемен жұмыс істеп көргендіктен, ыңғайлы қосымшаға қосылғанымызға қуанамыз, - дейді Шолпан Бекішқызы.

Өзекті мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына да хабарласқан болатынбыз. Басқармадағы цифрландыру және мемлекеттік қызметті мониторингтеу бөлімінің бас маманы Сұлтан Рүстемханов екі жүйені біріктіру мүмкін емес екендігін айтады. Өйткені әр медициналық мекеме қандай қосымшамен жұмыс істейтінін өздері таңдайды.

- Денсаулық сақтау министрлігінде ортақ медициналық деректер қорын құру мәселесі қарастырылуда. Егер бұл іс жүзеге асырылса, көтерілген мәселе өз шешімін табатыны сөзсіз. Екі қосымша арасындағы байланыстың орнатылуына тұрғындар ықпал ете алады. Жұртшылық тіркеуге алынған мекеме басшылығына осы талапты қойып, шағым түсірсе, әр емхана, аурухана бұл мәселені назарға алады деген ойдамын. Ал денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі медициналық орталықтарды бір қосым-шамен жұмыс істеуге немесе деректерді біріктіруге міндеттей алмайды, - дейді С.Рүстемханов.

Түйін:

Құзырлы мекеме өкілдері екі жүйедегі мәліметтерді кіріктіре алмайтындарын айтуда. Оларда мұндай құзыреттілік жоқ. Ешбір медициналық орталықты міндеттей алмайды. Мәселені халықтың талабы ғана жеделдетуі мүмкін. Жұртшылық медициналық саласындағы осынау олқылықты айтып, жаппай шағымданатын болса, құзырлы министрлік те қарастырылып жатқан ортақ деректер қорын құру мәселесі жедел іске аспақ. Ал әзірге тұрғындар екі жүйе арасында сабылуға мәжбүр.


Количество показов: 289

Возврат к списку