Жеңілдікке ие болады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

25.09.2021

Жеңілдікке ие болады

Екібастұздық кәсіпкерлер жылу үшін павлодарлық әріптестерімен салыстырғанда бір емес, бірнеше есе көп төлейтініне қапалы болып жүргенді. Олардың қуанышына орай, биыл қазан айынан бастап тариф 35 процентке арзандамақ.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Соңғы жылдары жылу маусымы басталған уақытта көмірлі шаһардың кәсіпкерлері жылу тарифы мөлшерінің тым жоғары екенін айтып, дабыл қағып жүр. «Жығылғанға жұдырық» демекші, карантиннің салқыны да оңай тимеуде. Бизнесмендердің жиі шағымдануына байланысты облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың тапсырмасымен ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті екі ай барын арнайы сараптама жұмыстарын қолға алыпты. Оның қорытындысын Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте аталған ведомствоның басшысы Ибрагим Тангиев айтып берді.

- Тексеріс жұмыстары кезінде «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС басшылығының инвестициялық жобаларды орындауға жұмсалуы тиіс 192 миллион теңгеден астам қаражатты игермегені анықталды. Тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында «Екібастұзжылуэнерго» серіктестігінің жылу энергиясын өндіру, беру және тарату қызметтеріне уақытша өтемдік тариф бекіту туралы бұйрық шығарылды. Яғни, игерілмеген қаражат есебінен тариф бағасын арзандатуға мүмкіндік туды. Оған сәйкес, жылу энергиясын өндіру және беру тарифі 17,3 процентке (әр Гкал үшін 5191,46 теңгеден 4 295,60 теңгеге) төмендетілді, - дейді Ибрагим Тангиев.

Осылайша, кәсіпкерлер 35 проценттік жеңілдікті сезіне алады. Атап айтсақ, заңды тұлғалар үшін қосымша құн салығын қосқанда бір Гкал үшін тариф 14462 теңгеден 9400 теңгеге дейін арзандап отыр. Ал бюджеттік мекемелер мен жылу есептеуіш құрылғысын орнатпаған тұрғындар үшін 2 проценттік жеңілдік қарастырылған.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук Павлодар мен Екібастұз қалаларындағы жылу тарифы мөлшерін салыстыру ақылға сыймайтынын айтты. Мәселен, облыс орталығындағы жылу-электр стансалары электр энергиясын өндіру арқылы шығындарын азайтуға мүмкіндік алса, Екібастұз қаласында тек қана жылу энергиясы өндіріледі. Сәйкесінше, ондағы жылу тарифы бағасының жоғары болуы заңдылық, дейді О.Крук. Ол екібастұздық кәсіпкерлерге орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылғаннан гөрі жеке қазандыққа сенім артқан тиімді екенін де жасырмайды.

- Дифференциалды тариф мәселесін мықтап қолға алу керекпіз. Менің пікірімше, 1990 жылдары көмірлі шаһарда бұл бағыттағы жұмыстар дұрыс жүргізілмей, бар ауыртпалық заңды тұлғаларға түсті. Оның ішінде бюджеттік мекемелер де бар. Бүгінде жылу жүктемелігі бойынша проблема жоқтың қасы. Сондықтан да, кәсіпкерлер орталықтандырылған жылу жүйесіне біртіндеп көшуі қажет. Бұл – тариф бағасының төмендеуіне әсер ететіні сөзсіз, - деді О.Крук.


Количество показов: 389

Возврат к списку