Бүгінгі таңда «Қазгидрометтің» автоматты бекеттері орнатылған кез келген елді мекенде әрбір тұрғын үшін тегін онлайн қолжетімді экологиялық мониторинг жүйесі жетілдірілуде. Мәселен, қазіргі уақытта атмосфералық ауаның сапасын бақылауға мүмкіндік беретін «AirKZ» мобильді қосымшасы бар. Сондай-ақ, атмосфералық ауаның ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат Павлодар қаласындағы 5 LED-экранда көрсетіледі. Биылдан бастап Екібастұз қаласы және Ақсу қаласына да қосымша экрандар орнатылмақ.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Мағзұм Көкімбаевтың айтуынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша қоршаған ортаға түскен нақты шығарындылардың көлемі 703,97 мың тоннаны (726,5 мың тонна) құрады. Жылдық лимит 909,3 мың тоннаны (981,8 мың тонна), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,5 мың тоннаға (3,2 пайыз) аз.

— Павлодар облысында жалпы шығарындылардың шамамен 95 пайызы 1 санаттағы 64 кәсі-порыннан келеді. Бұл отын-энергетика кешенінің кәсіпорындары — 65,4 пайыз, металлургия – 26 пайыз, мұнай–химия – 3,2 пайыз, тау–кен өндіру кешені — 1,2 пайыз және басқа салалар 4,2 пайызды құрайды. Атмосфералық ауаға антропогендік әсер негізінен облыстың үш ірі қаласында қалыптасқан. Нақтылап айтсақ, оған Екібастұз қаласында 42 пайыз (410 мың тонна), Ақсу қаласында 28 пайыз (279 мың тонна) және Павлодар қаласында облыстың жалпы шығарындыларының 25 пайызы (243 мың тонна) тиесілі. Облыстың қалған аудандары шығарындылардың қалған 5 пайызын құрайды. Бүгінгі күні 1266 объектінің санаттары  айқындалды. Олардың ішінде I санатқа – 65 нысан, II санатқа – 152 нысан, III санатқа – 477 нысан және
IV санатқа 572 нысан жатады, — деді М.Асхатұлы.

Сонымен қатар, департамент басшысының орынбасары облыс кәсіпорындары рұқсат шарттары бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде шығарындыларды қысқартуға, өндіріс қалдықтарын орналастыруға, су ресурстарын ұтымды пайдалануға, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыруға міндет-телетінін атап өтті.

— Қазгидрометтің 2023 жылы және 2024 жылдың өткен кезеңінде байқау бекеттерін тіркеу бойынша жүргізіліп жатқан мониторингке сәйкес Павлодар облысының аумағында жоғары және экстремалды жоғары ластану жағдай-лары анықталған жоқ. 2023 жылға 1-санаттағы кәсіпорындармен 15,5 млрд теңгеге табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарланып, жыл қорытындысы бойынша 19,4 млрд теңге немесе 1250 пайыз игерілді. Ал 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облыс кәсіпорындары табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға 25,9 млрд теңге немесе 11,1 пайыз жоспар бойынша 2,9 млрд теңге игерген, — деді ол.

Бұдан бөлек, брифинг барысында облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармаcы басшысының орынбасары Сағын Төлеутаев бекітілген табиғатты қорғау іс-шаралар жоспарына сәйкес басқармада бірқатар нормативтік құжаттар әзірленіп жатқанын жеткізді.

— 2022 жылы Экокодекс талаптарына сәйкес рұқсат етілген шекті шығарындылардың шоғырландырылған көлемі құрастырылды. Өткен жылы оның негізінде қоршаған орта сапасының нысаналы индикаторлары әзірленді. Осылайша экологиялық стандарттарға кезең-кезеңімен қол жеткізу мақсатында атмосфералық ауаның сапасы, су ресурстары, топырақ, ормандар мен жасыл желектердің жалпы ауданы, жердің тозуын азайту сияқты көрсеткіштер белгіленеді. Аталған құжатты әзірлеу қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кеңестің консультативтік қолдауымен және тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, осы жылы біз парниктік газдар шығарындыларын азайтудың аймақтық бағдарла-масын әзірлеуді бастадық, — деді С.Сайранұлы.

Сонымен қатар, спикер бүгінгі таңда тексеру іс-шараларының тиімділігін арттыру және тұрғын-дардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында облыстық бюджет есебінен экология департаментін заманауи зертханалық құрал-жабдықтармен жарақтандыру мәселесі оң шешім тауып жатқанын айтты. Мәселен, өткен жылы экология департаментінің балансына қосымша жылжымалы зертхана берілді. Сондай-ақ, «CASCADE», «GANG» газ анализаторлары, дозиметр, метеорометр, топырақ сынамаларын алатын бұрғы, «DR 2800» спектрофотометрі, рентген-флуоресцентті спектрометрге арналған «MVI» құрылғыларымен толықты.

— Әрбір тұрғын үшін тегін онлайн қолжетімділігі бар экологиялық мониторинг жүйесін дамыту маңызды құрал болып табылады. Осылайша, «Қазгидрометтің» автоматты бекеттері орнатылған кез келген елді мекенде (Қазақстан Республикасында – 72 елді мекен, Павлодар облысының 3 қаласында) атмосфералық ауаның сапасын бақылауға мүмкіндік беретін «AirKZ» мобильді қосымшасы кеңінен пайдаланылуда. Біз бұл жүйені жетілдіріп, LED-экрандар арқылы тұрғындарды тиісті деректермен қамтамасыз еттік. Атмосфералық ауаның ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат Павлодар қаласындағы 5 LED-экранда көрсетіледі. Атап өтсек, облыс орталығындағы Ак.Сәтбаев-Торайғыров көшелерінің қиылысы, Ак.Сәтбаев-Кривенко көшелерінң қиылысы, Н.Назарбаев даңғылы – Лермонтов көшелері және теміржол вокзалы, әуежайда орнатылған экрандар бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар, биылдан бастап Екібастұз қаласындағы М.Жүсіп-М.Әуезов көшелерінің қиылысына және Ақсу қаласындағы Астана көшесіне қосымша экрандар орнатылады, — деді С.Төлеутаев.

Баспасөз мәслихатында коммуналдық қалдықтарды басқару мәселесі де сөз болды. Сағын Төлеутаевтың айтуынша, бүгінгі таңда Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында, сондай-ақ, 6 ауданда (Май, Железин, Павлодар, Аққулы, Тереңкөл, Ертіс) тұтыну қалдықтарын басқару бағдарламалары әзірленді.

— Бұл бағдарлама тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының қажеттілігін, қалдықтарды жинауды, сұрыптауды, өңдеуді және орналастыруды жүзеге асыратын ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруды, жаңа контейнерлер мен қоқыс шығаратын көліктерді сатып алуды, сұрыптау кешенін салуды көздейді. Сонымен бірге, полигондарды экологиялық заңнамаға сәйкестендіру мақсатында 4 елді мекенде – Тереңкөл, Ертіс, Баянауыл және Майқайыңда қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге кірістік. Мұндай жұмыстар облыстың барлық аудан орталықтарында да жоспарланған, — деді ол.

Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасары қазіргі уақытта сынаптың тарихи ластану аймағын қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Мәселен, Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп аймағындағы бұрынғы №6 сорғы станциясынан Былқылдақ қоймасына дейінгі жолдың батыс жағына су өткізбейтін шымылдық салу жобасы аяқталды. Аталған жобаның аумағы 2,4 шақырымды құрайды.

— Жоба өзен суының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ертіс пен жақын елді мекендердің ұңғымаларын ластанған сулардан тазарту, сол арқылы олардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, Павлодар қаласының Солтүстік индустриялық аймағында сынапқа жыл сайын мониторинг жүргізіледі. Ай сайын атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының, топырақтың, қар жамылғысының, суда жүзетін құстар мен балықтардың сынамалары (300-ден астам сынамалар) алынады. Сонымен қатар, 3 жылдан бері өзеннің беткі сулары мен түп шөгінділеріне мониторинг жүргізіліп келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, сынаптың артық мөлшері анықталған жоқ, — деп толықтырды ол.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында облыстық басқармада материалдық-техникалық жарақ-тандыруды нығайту бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы 5 өрт сөндіру автоцистернасы, 10 шағын орман өрт сөндіру кешені, 33 мотоцикл, 17 техника және 100-ден астам рация сатып алынды. Жалпы сатып алу сомасы 756 млн теңгені құрады. Бұл мекемелердің техникалық паркін жабдықтаудың жалпы деңгейін 72 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

— Ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен (441 млн теңге) тағы 4 өрт сөндіру автоцистернасы сатып алынады. Сонымен қатар, биыл орман өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлеріне өртке қарсы жаңа киім-кешек сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ, 2024 жылы мемлекеттік қолдау шеңберінде акваөсіруге 41,6 млн теңге субсидиялауды құрайды, бұл қаражат балық тұқымын сатып алуға, дәрі-дәрмекке, балық өсіруге және биологиялық негіздемеге және балық жеміне арналған. Сондай-ақ, балық өсірушілер салған инвестицияға байланысты шығындарды өтеуге 393 млн теңге бөлінді, — деді С.Сайранұлы.

Әзірлеген – А.МҰҚЫШЕВ.