Ғ.Жұматовтың «Ана өсиеті» кітабы жайында

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Ғалымбек Жұматовтың «Ана өсиеті» атты поэтикалық эссе кітабыаналардың адам өміріндегі өлшеусіз еңбегін, қадірқасиетін ерекше толғаммен өрнектеген жыр туынды деп ерекше танырлық дүние. Қай заманда болсын бір адамның тағдыры тұтас қоғамның тіршілігімен астасып, үндесіп жататынын заңдылық десе келер.

Ғасырдан-ғасыр бойлап көз жіберсек, аналардың өмірдегі орны туралы жазылған шығармалардың телегей-теңіз екендігіне тәнті боламыз. Алайда, қанша дүние бар десек те, аналардың бейнесін толық сомдап болдық деуге келмес. Бұл тақырып арналы теңіз тасқынындай бел-белесті қуалап кете береді, жалғасып өрлей береді. Бұл тақырып – ақыннан ақын кезек алып жырлаған сайын тереңдігі ашыла түсетін арнасы кең, айдыны өлшеусіз шығарма. Ғалымбектің кітабын қолға ала отырып біраз жасты еңсерген қария болсақ та кең қамтылған тақырыптың жаңа бір тосын бейнелік өлшемдерін көрсеткен тұстарын таныдық. Бұл шығармада өзіндік өлшем, өзіндік көркемдіктің жаңа белесін таныдық. Тақырыптың жаңа арна тапқаны ақындардың соны ізденіске жол тапқаны деп білеміз. Бұл кітап 2006 жылы жарыққа шықса да, өзектілігін қай уақытта да жоймайтындығына тәнті болып, бетін парақтаған сайын бейнелігін жарқырата түсетіндігін көріп ризалық танытқан едік.

Кезінде жұртшылықтың кітапқа құмар бір кезеңдері болатын. «Осы дүние қолыма ертеректе түссе, жата-жастана бірер күнде оқып тастар едім» дейтін оқырмандардың легіненбіз. Дегенмен, қолыма кештеу түссе де құмарлығымның ізін суытпай жедел оқып шықтым. Жалпы біз, қазақы оқырман, жыр туындыларына ерекше жақын тұратынымыз ежелден белгілі ғой. Кезінде кітап дүкендерінің сөресіне жаңа жыр туындылары қойылса, көп тоқтатпай талапайлап алып кететін едік. Жақында кітапхана сөресінен «Ана өсиеті» кітабын қолыма алған бойда біздің заманымызбен үндестігі бірден тайға басқан таңбадай танылғандығын мойындадық.

Тағдырымда алға ұстап тілегін,

Сезінемін лүпілдеген жүрегін,

Өмірімде қадам бассам ілгері,

Анашымның қолдайтынын білемін

Ана туралы жазылған туынды осындай жылы шумақтармен көмкерілгенін аңдайсың. Жүрек лүпі-лінің ырғағы. Бұл шығарманың кейіпкері – ананың баласы Ризабек-тің сезім-толғанысы. Шығарманы оқи отырып сол кейіпкерлермен бірге поэзия теңізінде еріксіз тербеліп, қалықтағандай боласың.

Шығарманың басты кейіпкері Ләззат Саяпқызы елге ержүректігімен, ерлігімен танылған ерекше тұлға адам емес. Ләззат – көпшіліктің ортасында өскен сезім иесі.Күнделікті тіршілігінде көппен бірге қарапайым еңбек еткен мыңның бірі. Ләззат та, оның жолдасы Мұхит та – қарапайым еңбеккер. Сол тіршілігінде өз болмысын таныта біліп, өрнекті поэзия кейіпкеріне айналды.

Әкең де өтті бір өмірдің көктемін,

Екеумізге күлімдейтін көкте  Күн.

Отбасы боп бастағанда тірлікті,

Жұпыны жай бола алмады бетке мін – деп өздерінің өмірін өз бояуы- мен баяндаған. Өмірлеріндегі қиын-қыстау кезеңдерді де өз шындығымен көрсетеді. Сол кезеңде жақсы дос табу да, түсінісер құрбы табу да қиын емес. Адамдардың көбі достыққа, бауырластыққа жақын еді. Сол кезеңде кейбір қарама-қайшылықтың өзі үлкен бір қақтығыс емес, ортақ келісімдер арқылы жалғасып жататын. Бар іс бір-бірін түсінуден бастау алатын еді.

Шығармадағы үлкен шындық сол – қарапайым өмір деген өлшемнің өзі халықтың түсінігіне байланысты. Автордың шығармаға өзек етіп алған бар шындық, шынайылық деген осы адамдар бір-бірімен көңілмен түсінісіп, бар тірліктері үндескен кезеңдер көбірек болғаны байқалады. «Бұл бір ерекше мамыражай кезең еді» деп түсіндірмесек те, Ұлы Отан соғысы секілді барша халықты алпауыт қиындықтарда сынаған кезді басынан өткерген балалардың өзі де тыныштыққа, мамыражай өмірге ерекше талпынған шақ еді. Автор сол кезеңнің тіршілігін басынан кешкен. Ақын көңілмен ұға білген. Бұл кезең Совет елі деген үлкен ұғымның елге тыныштығына талпынан кезеңі еді. Сондықтан да оқиға жеделдетіп, алып ұшпай бір-бірімен жымдасқан тірліктердің толқынында өтеді. Дегенмен көпке жайлы тіршілікті өмірден сезіну үшін де, жазу үшін де оның ерекшелігін түсіну парыз. Сол тіршіліктің ішінде де ұрлық-қарлық, алдау-арбау секілді жат тірлікті мүлде айналып өтті деу шындықтан тым алшақ болар да.

Автор шындықты жаза отырып аумалы-төкпелі құбылыстардың да болғанын айналып өтпейді. Сол тірліктің өзі заманына қарай, тарихи кезеңдеріне қарай қым-қуыт оқиғалармен астасып жатқаны да сол қилы-қилы замандардың тым алыста болмағаны рас. Жырда да сол, адам өмрінің бір қалыпты кезеңменен тежелмесін алға тартады. Жолдасынан ерте айырылған Ләззат балаларын ақ ниетті бағытта тәрбиелеуге тырысып, өз ата-аналарының басынан кешкен оқиғаларды ашық айтуға тайқақсыған кез де болды. Алайда, балаларға бар шындықты кезең-кезеңімен айтып жеткізіп отырды. Бұл да тәрбиенің бірі еді. Шындықты жасырып қалудың соңынан ащы шындық өкініш болып та көрінерін ұққан ана балаларды қашан да шындықтың шеңберінде тәрбиелеуге тырысты. Үнемі шындықты паш ету де бір ерлік деуге де келер.

Еліміз бастан кешкен сан-қилы тарихи кезеңдердің, әйгілі деректі оқиғалардың өткені мен қазіргінің байланысын ата-аналарымыз бастан кешкенін ертегідей елестетпейміз, тарихи оқиға ретінде көзге елестете аламыз. Мәселен, бірнеше шағын ауданға бөлінген Павлодар қала-сының Затон, Мойна деген аталған аудандар өзен портының тіршілігіне байланысты болатын. Сол өзен жағалатып мал айдап әкеліп сойылған ет комбинаты 1965-1975 жылдары қаланың кезіндегі ірі кәсіпорындары орналасқан тұсы болатын. Осында өндіріс ілгері дамыды. Осында жұмысшылар легі өсіп, тәрбиеленді. Жастарға, балаларға да тәрбие осы еңбеккерліктен бастау алады. Қазақта өткендердің өнегесі, ұла-
ғаты қашан да санадан кетер емес.

Қандай болған екен біздің атамыз?

Туыстар кім, болған елге аты аңыз?

Өткен жайды біз де ұғып қалайық

Деп әр кезде мазалап біз жатамыз.

Кейде сұрақ бола ма екен күрделі,

Бәлкім бізге айтылмайтын сыр ма еді,

Балалықты кім байыптап ойлаған,

Ал ананың басы қатып  жүргені… деп балалар да өмірде орын алған шындықты сұрап отырғаны да – өмірлік ақиқат. Міне, осындай ана мен балалар арасында байланыс жібі таралып, әділдікке, ақиқатқа жол тапқаны нанымды суреттеледі. Бұл тұста да әсіре бояу, сенімсіз суреттер, жасанды оқиғалар жоқ. Осы бағыты мен эссе тақырыбын еркін бойлай білген шығарма авторының өмір сүрген кезеңін пайымдау тосын дүние болмаса керек. Тағы бір айтар тұс, XXI ғасырда айтылар пікірдің ортақтығы ойға келеді. Қазіргі заманда жастарды тәрбиелеу тақырыбы ерекше өзекті.

Бұрнағы кезеңдерде балаларды тәрбиелеу ісінде ананың ролі биік тұғырда саналатын. Ал қазіргі кезеңде жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде ананың, әкенің, қала берді, әже мен аталардың рөлі анық байқалатыны белгілі. Сондықтан өткендегі тәлім-тәр-биелер жолы бүгінгі заманның талғамымен үндесіп жататыны заман қажеттілігі деп білеміз. Қазірде әжелердің, аталардың, әкелердің тәрбиелік қоғамдары көптеп көбейіп келеді. Сондықтан да тәрбие бағытында  қалам көтергеннің өзі батыл қадам деп айтуға тәнтіміз. Ертедегі ертегі кейіпкерлері ғана емес, бүгінгі тіршілікке жақын образдарды кітап бетіне, сахна төріне шығарудың маңыздылығы белең алып келеді. Ал енді ананың өмірдегі орнын ерекше танытатын әдеби туындыларды көрнекті көрсету – игілікті қадам. Сондықтан да болар, бұдан бірер жыл бұрын шыққан «Ана өсиеті» эссесін кеш те болса қолға алғаныма қуаныштымын. Қарапайым еңбеккер болған аналардың өз өнеге-сімен тәрбие ісіне араласуының орны өте бөлек.

Халқымыздың салт-дәстүрін насихаттап, тіліміздің өркен-деуіне үн қосқан көптеген мақа-лаларды оқи отырып кейбір зерделі ойлардың үлкен әдеби шығармаларға дәнекер болатынын да байқаймыз. Шығармашылық тіршілігінде 23 кітаптың авторы болған жазушының өз бойынан кесек дүниеге өзек болар туынды тапқандығын көреміз. 1995 жылғы «Халық кеңесі» газетінде «…13-15 жастағы қыздарымыз кимешек киіп, жас жігіттеріміз етегі өкшесінде шырмалған шапан киіп сахнаға шығады. Қай жиында болсын осы көрініс көбірек орын алып жатқанда жастар өзінің бүгінгісін, қазіргі болмысын іздейтініне несін шамданамыз. Бар гәп дәстүріміз бен жастар талғамын үйлестіруде болып отыр», – деп жазған еді. Осы мәселе күні бүгінге дейін қоғамда орын алып отыр.

Сондықтан да «Ана өсиетіндегі» ләззаттың бір ғана өз баласын ғана емес, жалпы жастардың ілгері басар қадамын іздегенін аңғарамыз. Халқымыз қашанда жасөс-пірім қыз бала ма, келіншек пе, мосқал әйел ме немесе қарт ана ма, бозбала жігіт ағасы немесе ел ағасы қашанда жасына, ортасына, беделіне, тұрған жеріне лайық өзгешеліктері мен үлгісі бойынша киіне білген. Талғампаз, жасына лайық емес болса да, әйтеуір, ұлттық киім болса болғаны деп табылғанын кие салып, әсіресе, сахнаға шығу, әрине, ұнамсыз. «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаны қайсы!» – деген ғой халқымыз.

Өмірдің мәңгілік жыры – адам жанының сырын ашу өте қиын да күрделі үдеріс. «Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең», – деген Мағжан Жұмабаев. Сол тереңге сүңги білу байқағыш-тықты, сезімталдықты, жалпы, үлкен талантты қажет етеді. Байқағыштық, әсіресе, ақын-жазушылар өмірінде ерекше орын алады. Жазушы Ғалымбек Жұматов ана жайлы өз шығармаларында тәрбиеге өзек болар жол іздейді. Кейіпкерлерден тұжырымды түйіндер іздейді. Осы бағыттар арқылы шығарманың қай кезде де өз рухын жоғалтпай-тынын меңзейді.

«Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге», – деп жазған еді Ж.Аймауытов.

Жас адам бәрін тез қабылдағыш сезімтал, әсершіл, еліктегіш келеді. Көп нәрсені кейбір жекеше касиет, ерекшеліктерге түсінбей-ақ, жалпылай қабылдайды. Қалыптасқан мінезбен күреңіне мініп, кемеліне толып, еш пенде дүниеге келе салмайды. Бала тағдыры түптеп келгенде тәрбиеге, жақсы тағылымға саяды. «Бас мүлгісе, аяқ сүрінеді. Автор жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбие мәсе-лелерінде ұстаздар тарапынан елене бермейтін үлкен бір кемшіліктер мен өнегелі қадамдарды өте шебер көрсете білген. Сондықтан да, ана осы туындыда жақсыға, өнегелі іске тәрбилеу бағытын ұстанады. Ләззат өз өмірінің болашағы – балаларының адамгершіліктің биік белесінен көрінуіне бар күш-жігерін жұмсауға тырысады. Ана өзі ғана емес, қалың ортадан алған замандастардың дұрыс жол табарына көмектесуге шақырады. Ана өсиетінің негізі талғамы осы.

Бір қарағанда құрбыластардың ортасында жүріп өмірден көргені көп болып та, кейде тым аздығы да байқала бермес. Бірақ қай деңгейде болсын өзінің өмірлік тұжырымдарының алға тартып отыратынына сенеді. Балаларын мектепке қатыстыра жүріп өзінше тұжырым жасаған кездері де аз емес. Сол кезде көп байқалатын жайттардың бірі ғой: «Мысалға, мұғалім оқушыдан үй тапсырмасын немесе басқа да бір тапсырманы сұраған кезде бір баланың жауабы ерекше ұнайды. Бұған ол аса ден қояды. Сонда мұғалімнің объектісі сол бала болады да, қалғандарының жауабы жөнді еленбейді.

Нәтижесінде психология тілімен айтсақ, 1-2 оқушы фигура, калғаны соның фоны болып қала береді. «Ана өсиетінде де» мысалы, өте зейінді, көп оқитын, сурет салумен әуестенетін, ұстамды да ақылды, сабырлы баланың жақсы оқумен қатар қоғамдық жұмыстарды да атқарып жүрген ерекшелігін бірте-бірте тани бастайды. Бұл – ананың танымы, ананың сезімталдығы. Осылай оқырмандар қарапайым ананың уақыт өткен сайын тағы-лымдық талабының өсе түскенін көреді. Осылай автор ананың ортақ тұлға, ортақ кейіпкер ғана емес, шығарманың өзекті тұлғасы екенін айшықтай білген. Осылай өзімізге етене таныс кейіпкерлермен, оқиғасы етене жақын шығармамен таныстырғанына қуандық.

Махмет Демесінұлы, еңбек ардагері, Павлодар қаласының Құрметті азаматы.