Шараға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Онда былтырғы келеңсіз жағдайдың себеп-салдары анықталып, қолға алынуы тиіс шаралар пысықталды.
Облыстық мәслихат хатшысы Владимир Берковскийдің айтуынша, шыбын-шіркейлермен күрес жұмыстарына республикалық бюджеттен 600 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржы Ертіс өзенінің жағалау-ында орын тепкен барлық аудан-дарға үлестіріледі.

- Биыл өңірімізге бөлінген қаражаттың мөлшері өткен жылғымен салыстырғанда 4 есеге көп. Бұл сома дезинсекциялық жұмыстарға жұмсалып, ғылыми ізденістерге бөлінеді. Өздеріңізге белгілі, өткен жылғы келеңсіз жайттар ескеріліп, қажетті препараттар мен қызмет-терді сатып алу жөніндегі конкурс 2016 жылдың желтоқсан айында жарияланған болатын. Бүгінде сол конкурстың биопрепараттар бағыты бойынша жеңімпаз анықталды. Олар 1 сәуірден бастап өз жұмысына кірісетін болады. Өңдеуді Ертіс өзенінің ағысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан бастап, Қазақстан мен Ресейдің шекарасына дейін жүргіземіз. Биыл атқарылатын жұмыстар легі тоқтаусыз болады, - деді облыстық мәслихат хатшысы Владимир Берковский. Сондай-ақ, ол масаның қалада емес, ауылдық жерлерде буып тұратынын естен шығармай, жиынға қатысушыларға шұғыл түрде ауылдағы шыбын-шіркей ошақтарының көрсеткіші мен олардың төндірер қаупін сара-лауды тапсырды. Алдағы уақытта арнайы құрылған комиссия өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары елді мекендерге шығып, жағдаймен жіті таныспақ.

Биыл облыс бойынша шыбын-шіркейге қарсы жүргізілетін жұмыс-тарда ғылыми жетекші топ ретінде ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқық-тарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыс істейді. Ал қансорғыш жәндіктерді дезинсекциялау жұмыс-тары - «Биофарм» ЖШС еншісінде. Белгіленген лоттар бойынша жеңімпаздар алдағы уақытта анық-талатын болады.

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдері биылғы атқар-ылатын жұмыстарға тоқталды. Олар ағымдағы жылы масаға қарсы дезинсекциялау жұмыстарын өңірі-міздегі Ертіс өзенінің бүкіл ағысы бойынша жүргізілетінін айтуда. Оның ішінде Ақтоғай, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май және Павлодар аудандары да бар. Дезинсекциялау жұмыстары ғылыми топтың ұсынысы бойынша сәуір айында басталмақ.

Билік өкілдері шыбын-шіркейге қарсы күрес тыңғылықты жүргіз-іледі деп отыр. Жалпы, маса мен шыбын-шіркей қауіпті вирустардың тасымалдағышы болып табылады. Сондықтан оларға қарсы шараларды дер кезінде жүргізу – тұрғын-дардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау деген сөз.

- Биыл облысымыз бойынша шыбын-шіркейге қатысты арнайы лот бөлініп, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша конкурс өткізілді. Семейдің Курчатов қаласынан бастап Ресейдің Омбысына дейінгі аралықта жұмыс жүргізілетін болады. 1 сәуірде арнайы биопрепараттар облысымызға әкелініп, комиссия мүшелерімен бірге зертханаларда сынама жұмыстары жүргізіледі. Оның тиімділігі анықталып, кемшін тұстары қаралатын болады. Ертіс жиегіндегі аудандар бойынша мәселелер бары анық. Қоғамдық бақылау орнату үшін алдағы уақытта мұндай жиындарға қоғамдық кеңес мүшелері де қатысады, - деді облыстық мәслихат депутаты Қабылқақ Капенов.

 

 

Мереке АМАНТАЙ

 

saryarka-samaly.kz