Қуантарлығы, жыл сайын ауыл шаруа-шылығы саласын қолдау шаралары күшейіп келеді. Атап айтсақ, 2017 жылы агро-өнеркәсіптік кешенді дамыту бағытында барлық деңгейдегі бюджеттерден 6743,6 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде 200 миллион теңге жанар-жағармайды арзандатуға, өсімдік шаруашылығы өнім-дерінің сапасын арттыру бағытындағы шараларға жұмсалмақ.

Жоғарыда атап өткендей, көктемгі дала жұмыстарына облысымызда 16 мың тонна жанармай бөлінген. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда бір мың тоннаға жоғары. Ол түсінікті де. Биыл егіс алқаптарының көлемі де ұлғаймақ. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша, бұл жанармай аймақ шаруаларына көктемгі дала жұмыстарына толығымен жетеді. Өткен жылдағыдай емес, биыл елімізде солярка бағасы қымбаттаған. Сондықтан жеңілдетілген шартпен берілетін жанармайдың құны да көтеріліп отыр. Жалпы, жанармай шаруаларға литріне 109 теңгеден босатылмақ. Бұл нарықтық бағадан 30 теңгеге арзан болып отыр.

Биыл дәнді дақылдардың егіс алқабы ұлғаяды. Өткен жылы аталмыш өнімдер 673,9 гектарға отырғызылса, алдағы маусымда бұл көрсеткіш 692,4 мың гектарды құрамақ. Оның ішінде 483,3 мың гектар жерге бидай себіледі. Мамандардың сөзіне сүйенсек, ағымдағы жылы астық шығымы жақсы болады деген үміт бар. Себебі қардың қалың түскенін ескерсек, жердің ылғалдылығы жақсы. Онымен қоса, облыс шаруалары қар тоқтату жұмыстарын да сәтті жүргізген.

Облысымызда жаздық егіске 128,1 мың тонна тұқым дайындалды. Сондай-ақ, дәнді-дақылдардың 82,4 мың тонна тұқымы сақтаулы.

Өткен жылы облысымызда 171 мил-лиард теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндірілген. Бұл - 2015 жылмен салыстырғанда шамамен 6 пайызға жоғары көрсеткіш. Ал өсімдік шаруашылығына қатысты көрсет-кіштер 11 пайызға ұлғайған. Бұл ретте, мәселе тек қолайлы ауа райына қатысты болып отырмағанын түсінген жөн. Өсімдік шаруашылығы саласында да жаңа технологиялар игерілуде. Ең бастысы, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау шаралары табысты жүзеге асырылып келеді. Осының барлығы оң септігін тигізуде.

 

Данияр ЖҰМАДІЛ.

 

saryarka-samaly.kz