Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тарсылдатып соғады.

Тоқылдақ

Ормандай сайрайды,

Сайраудан талмайды.

Бұлбұл

Бір топ жыңғыл ішінде,

Бір жапырақ қызыл гүл.

Қырғауыл

Ай астында ақ мамық,

Жатыр суды жастанып.

Аққу

Қара арғымақ - мінгенім,

Қыр айнала жүргенім.

Сегіз найза - сенгенім,

Он екі қылыш - ілгенім.

Бүркіт

Күндіз соқыр не деген,

Түнде қалай көреген?

Үкі

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп,

Қайсы құсты мақтаймыз?

Көгершін


Бүлдіргеннің пайдасы

Биылғы жылдың ақпан айында жарыққа шыққан «Айналайын» қосымшасында Аяжан Әлімжанова- ның «Картоптың пайдасы» атты мақаласы шыққан-ды. Аяжан балаларға картоптың денсаулыққа пайдасы туралы өзінің зерттеу еңбегін жазған болатын. Енді ол бүлдірген жайлы жинағандарын жіберіпті.

Мен Баянауылда тұратын атам мен әжеме әсіресе жаз айларында барамын. Әжем екеуіміз жаздың шыжыған ыстығына қарамастан, тау етегінен бүлдірген тереміз.

Шілде айында жиналатын бүлдіргеннің адамның денсаулығына пайдасы көп екен.

Бүлдірген сабағыны4 биіктігі 5-25 см. Көп жылдық өсімдік. Жемісінде дәрумендердің бай қоры бар. Ол асқазан-ішек жұмысын жақсартады, тамаққа тәбетті арттырады. Ас қорытатын ағзалардың қабынуын басады. Бауыр, бүйрек және асқазанның обыр сырқатына ем екен.

Обырды емдеу үшін 100 грамм бүлдіргенді 500 грамм қайнап тұрған суға салып, 3 минут қайнатады. Сосын 30 минут бұқтырып қояды. Осы сусынды 3-ке бөліп, астан 1 сағат бұрын ішу керек. Емделу барысы – 20 күн. Яғни осылай дайындап, 20 күн бойы үздіксіз ішу керек. Ал бауыр мен бүйрек сырқаттарына бүлдіргеннен дайындаған тосап пайдалы дейді әжем.

Бүлдіргенді көп жеу керек екен.

Аяжан ӘЛІМЖАНОВА, 3 «А»-сынып оқушысы, №1 орта мектеп, Павлодар қаласы.

 

saryarka-samaly.kz