Көрмеде бағдарлама аясында елдің барлық өңірінде атқарылған жұмыс нәтижелері таныстырылды. Бас қосуға Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің басшысы Аида Балаева қатысып, сөз сөйледі.
- Елбасы жылдық қорытындымен танысып, әр бағытқа өзінің оң бағасын берді. Біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды одан әрі жалғастыра беруіміз қажет. Бұл іс-шараға еліміздің әр азаматы қатысса ғана оның нәтижесі тиімді болмақ. Бағдарламаны барынша қызықты етіп, сонымен қатар, халық арасында кеңінен насихаттау керек. Бұл істе бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі аса зор, - дей келіп, еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ризашылық білдірді.  – Бұқаралық ақпарат құралдарындағы сыни материалдардың өзі біз үшін үлкен әдістемелік құрал іспетті болды. Сондықтан әр жобаның мазмұнын ашып, xалыққа жеткізу жағынан сіздердің рөлдеріңіз маңызды болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының әр жобасы мемлекеттік бөлек бағдарламамен тең. Соның бәріне xалық белсенді атсалысып келеді. Алдағы уақытта да аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысында бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз.
Музейдегі жиылыста «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның әр өңірінде «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақ тілін латын қарпіне көшіру» сынды алты бағыт бойынша атқарылған үздік жұмыстар таныстырылды.
Бағдарламаның негізгі жобасының бірі – «Туған жер» арнайы жобасы. Бұл жобаның аясында тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын қолдау, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, тарихи-мәдени мұраларды қорғау, инфрақұрылымдық нысандарды жөндеу, мектептерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету іс-шаралары жүзеге асырылды. Аталмыш жоба аясында еліміз бойынша өткен жылы меценаттардың қолдауымен 51 млрд. теңге сомасындағы 700-ге  жуық нысан салынды және жөнделді. Бұл шараға
1700-ден астам меценат қатысты. Ал биылғы 2018 жылдың бірінші тоқсанында меценаттармен тартылған қаржы 4 млрд. теңгеге жуық соманы құраған екен. Үстіміздегі жылы 61 млрд. теңге сомасындағы
450 нысанды салу және жөндеу ісі жоспарланып отыр. «Туған жер» жобасы аясында өңірлік форумдар Ақтөбе, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарында ұйымдастырылған екен.
Бұл жоба еліміздегі қасиетті нысандарды жүйелеп, терең ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұйытқы болды. Бұл ретте Павлодар облысы бойынша да бірқатар іс-шаралардың қолға алынып, жүзеге аса бастағанын бұған дейін де жазған болатынбыз. Ал еліміз бойынша жалпыұлттық және өңірлік маңыздағы нысандардың тізімі жасалды. Бұл орайда жалпыұлттық маңыздағы 185, жергілікті маңыздағы
463 қасиетті нысан анықталып, тізімге енді. Зерттеушілердің ауқымды топтары үшін
3 D турмен қасиетті нысандардың виртуалды картасы әзірленіп, таныстырылды. Өткен жылы еліміздің бірқатар аймақтарында, оның ішінде Павлодар облысында қасиетті нысандар бойынша этномәдени экспедициясы ұйымдастырылды. Қазақстанның қасиетті нысандары туралы 5 тілде төрт фильм жарыққа шықпақ. Сондай-ақ биыл Алматыдағы «Боралдай сақ қорғандары» архелогиялық саябағының, «Бозоқ», «Ботай» және «Сарайшық» республикалық мұражай-қорықтарының құрылысы басталады.
Аталмыш жоба шетелдерде қазақстандық мәдениет пен өнерді дәріптеу, насихаттауға бағытталған. Өткен жылы бұл бағыт бойынша бірқатар ірі-ірі маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бастысы
2017 жылы 17-19 қазанда Франция астанасы Парижде UNESKO-ның штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының таныстырылымы болып, онда қазақстандық мәдениеттің түрлі бағыттарын шетелдік аудиторияларға көртететін іс-шаралар ұйымдастырылды.
Еліміздің мәдени және өнер жетістіктерін дәріптеу, үздік музыкалық туындыларға цифрлық форматта жедел қолжеткізуді жасау мақсатында Dalatunes жобасы іске асырылып, бір жыл ішінде 13 мың музыкалық шығармалар, 1,2 мың нота және 1,7 мың аккордтар жүктелді. Өнер шығармаларын, мұражайлық қорларды цифрландыруда жүйелі жұмыстар атқарылған екен. Атап айтқанда, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының қорынан 24 813 бірлік 13 700 бірлікке, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайынан 39 602 бірлік цифрландырылыпты. Әдебиет пен театр саласы бойынша да жобалар іске асырылды. «Әдеби өлкетану» бағыты бойынша қоғамдық сананы жаңғырту үдерісіне әдеби қауымдастықты тарту және қолдауды қамтамасыз ететін «Рух» бірінші халықаралық әдебиет байқауы ұйымдастырылып, дарынды және талантты жазушылардан арнайы топ құрылды. «Театр зертханасы» бірегей жобасы қолға алынды. Еліміздің барлық аймақтарындағы дарынды актерлерді анықтап, бір труппаға біріктірілген өңірлік үздік актерлер әлемдік деңгейдегі режиссерлер мен қоюшылардың басшылығымен актерлік шеберлікті арттыруға мүмкіндік алады.
Бұл жобаның мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін, еңбегін өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады. Бұған қатысуға еліміз бойынша
2000-нан астам қазақстандықтар өтініш берсе, сараптау тобының іріктеуінен кейін
қоғамдық онлайн-дауыс беруге қызмет саласына сәйкес 6 санат бойынша 302 үміткер ұсынылыпты. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 102 жеңім-пазы анықталды.
2017 жылдың 1 желтоқсанында Елбасы Н.Назарбаев жоба қатысушыларымен
кездесті. Жоба жеңімпаздары қазір «Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген құндылықтарды белсенді насихаттаушы болып табылады.
Бұл - әлемдік-гуманитарлық саладағы білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға, осы сала бойынша үздік әлемдік үлгілерді зерттеуге бағытталған маңызды жаһандық зерттеу жобасы. Осы жылдың 12 сәуірінде философия, социо-логия, антропология, психология және мәдениеттану саласында 18 ірі еңбек таныстырылды. Зерттеу жұмыстарына 90-нан астам мамандар, «Болашақ» халықаралық стипендиясының магистранттары, PhD докторлар, ғылым докторлары мен кандидаттары тартылды.
Бұл - ел тарихындағы шұғыл бетбұру тарихи кезеңі, Елбасы ұсынған маңызды стратегиялық бастама. 2017 жылы қазан айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақ тілінің кириллицадан латын қарпіне көшіру» туралы Жарлығы бекітілді. Айта кету керек, латын қарпіне көшіру ғалым-лингвистердің, ғылыми қоғам мен сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің, жалпы қоғамның барлық топтарының талқылауының нәтижесінде іске асырылды. Латын қарпіне көшу, яғни бұл жобаны іске асыру мемлекеттік тілдің мәртебесін халықаралық және ұлттық деңгейге көтеруге мүмкіндік бермек. Шетелдерде қазақ тілінің беделін нығайтып, әлемдік гуманитарлық–интеллектуалды стандарттарға ұлттық модельдің сәйкестілігі мен тиімділік үдерістерін ынталандырады.
Жалпы алғанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлы мақаласының жүзеге асырылуы Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі руханият кеңістігіндегі жаңа бастау екендігі анық. Бұл - ұлттық болмыс, ұлттық кодты әлемдік құндылықтармен үйлестіре отырып, елдің игілігіне жарату. Саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды жүзеге асыра отырып, біртұтас ұлт болу үшін алға қарай нық қадам басу. Бағдарламаның маңыздылығы осы!

Сая  МОЛДАЙЫП
Астана қаласы.


saryarka-samaly.kz