Зеңбірек Павлодар қаласын-дағы Әскери Даңқ музейінің ауласында сақтаулы тұр. Музей меңгерушісі Рүстем Нәжмиденұлы-ның сөзінше, ол Павлодарға 1992 жылы наурыз айында «Пульс» компаниясының директоры Қ.Жұмабековтің демеушілігімен жеткізілген. Оған дейін Литваның астанасы Вильнюс қаласында сақталыпты.

- Зеңбірек 1942 жылы 76.2-ММ үлгісінде жасалған. Жалпы салма-ғы - 1180 келі. Ұрыс алаңына 1944 жылдың ақпан айында жеткізіліп, аға лейтенант Махмет Қайырбаев басқаратын 5-батареяның құрамына берілді. Соғыс қаруы майдан даласында 2200 шақырым жол жүріп, 1193 рет оқ атқан екен, - дейді Рүстем Нәжмиденұлы.

Музей қызметкерлерінің айтуынша, батыр жерлесіміздің бұл қаруы ең құнды әскери жәдігерлердің бірі болып саналады.

Жерлесіміз Махмет Қайырбаев әскер қатарына 1942 жылы шақырылып, Подольск әскери артиллерия училищесіне оқуға жіберілді. Ол ұрыс алаңына 1943 жылдың сәуір айынан бастап шығып, Литваның Шяуляй қаласының батыс аумағында болған үлкен шайқасқа қатысты. М.Қайырбаев 1945 жылдың 24 наурызында соғыста көрсеткен ерен ерлігі, асқан жауапкершілігі үшін «Алтын Жұлдыз» медалімен және Ленин орденімен марапатталып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz