- 2015 жылы Павлодар қаласындағы табиғи монопо-лиялардың барлық базалық субъектілері үшін шекті ұзақмерзімді тарифтер бекітіліп, онда 2016-2020 жылдарға арналған бесжылдық инвестициялық бағдарламалар енгізілген болатын. Бұл тұрғыда тарифтердің жыл сайынғы өсімі ескерілді. Нәтижесінде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық кәсіпорындардың тарифтері өзгерді, - деді Қ.Төлендинов.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 қаңтарынан бастап «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-де тәулік зоналары бойынша электр энергиясының тарифтері дифференцияланған.

- Тұрғындар үшін түнгі уақыттағы тариф қосымша құн салығын (ҚҚС) есепке алғанда 1 кВт сағат үшін 3,11-ден 8,40 теңгеге, яғни 170%-ға артты, ал күндізгі тариф керісінше 15%-ға төмендеді. Сонымен қатар ережелердегі түнгі тарифті есептеу реті де өзгертілді.

2016 жылы Павлодар қаласында жылу энергиясын есептеу құралдары «ТҮКШ қоры» АҚ ұсынатын қарыздық бюджеттік қаражат есебінен орнатылған болатын. Осыған байланысты өткен жылы жергілікті атқарушы органдардың атсалысуымен тұрғын үйлерде ортақ есептеуіш құралдарды орнату үрдісі белсенді жүргізілді. Нәтижесінде 421 құрылғы орнатылған. Тұрғын үйлерді жылу энергиясын есептеу құралдарымен қамту 2016 жылы 26%-дық мөлшерлемені көрсетсе, жыл басынан бері оның пайыздық үлесі 56%-ға дейін өскен.

- Орнатылған құралдардың есебінен төменгі тарифтер бойынша жылу энергиясын жүзеге асыру 207%-ға артты. Бұл тұрғыда халық үшін 2017 жылдың қаңтарынан енгізілген орташа тариф өзгеріссіз қалды. Яғни ҚҚС-ны есепке алмағанда 2124,98 Гкал 1 теңге көлемінде сақталды. Бұл жерде айта кететін жайт, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС жылу энергиясы үшін дифференцияланған тарифтерден қосымша кіріс көрмейді, - деді Қ.Төлендинов.

Шекті тариф деңгейін бекіту ережелері бойынша есептеуіш құралдары жоқ тұтынушылар санының азаюына байланысты тұтыну көлемі өзгерген жағдайда дифференцияланған тарифтерді өзгерту қарастырылған. Мұндай өтінішпен келген тұлғаның өтініші 20 күн ішінде қаралып, жауап беріледі.

 

Мереке АМАНТАЙ

 

saryarka-samaly.kz