2 күнге созылған фестивальдің қорытынды концертін павлодарлықтармен бірге аймақ басшысы Болат Бақауов тамашалады. Еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресей Федерациясының Новосібір қаласы мен Алтай өлкесінен келген өнерпаздар Ертіс-Баян даласын классикалық джаздың әуендерімен тербетті.

Өткен жылы фестивальдің жұлдызды қонағы америкалық джаз өнерінің майталманы Дебора Дэвис болса, биыл Ресей музыканты Алексей Черемизов пен заманауи калифорниялық джаз ханшайымы, париждық Shola Adisa арнайы келген.

Сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Виктор Шейкиннің жетекшілігімен павлодарлық джаз оркестрі көрермендерге шоу ұсынса, облыстық филармонияның камералық хоры, Ресейден келген қонақтар - Новосібір қаласы Ордын мәдениет үйінің эстрадалық халық хоры мен Алтай өлкесі мәдениет және өнер колледжінің джаз ансамблі де өнер көрсетті.

Ауқымды шара туралы Павлодар джаз оркестрінің жетекшісі Виктор Шейкин былай деді:

- Жыл сайын аталмыш фестивальге қатысуға ниетті ұжымдардың саны артып келеді. Өткен жылы алғаш рет ұйымдас-тырылғандықтан, бірқатар кемшіліктерге жол берілгені мәлім, биыл тәжірибе жинап қалғанымызды байқадық. Егер осы қарқы-нымыздан танбасақ, фестивальдің дәстүр-ге айналатынына бек сенімдімін. Бұл шара талай өнерлі жастың жұлдызын жағатын болады. Себебі биылдың өзінде бізге көптеген жас музыкант келіп, өнер көрсетуде. 2 күннің ішінде ерекше әсерге бөлендім, - деді Виктор Шейкин.

Гала-концерттің соңында фестивальдің лауреаттарына облыс әкімі Болат Бақауов арнайы сыйлықтар табыс етті. Олар - Новосібір облысының орыс ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Сергей Самарец, Барнаулдың джаз ансамблінің жетекшісі және дирижері Александр Медведьев, осы ансамбльдің солисі Владлена Карпова және оның артисі Александр Кочетков, Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның камералық хордың көркемдік жетекшісі Мадина Жармұхамбетова, солист Кира Шейкина және Павлодар джаз оркестрінің жетекшісі Виктор Шейкин, Павлодар қаласындағы музыкалық колледж дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының саксофоншысы Марк Сорокин және «Савина» тобы.

Айта кетелік, фестивалдің гала-концерті орталық жағалауда бой көтерген «Ertis Рromenade» сахнасында өтті. Оны тамашалауға 5 мыңнан астам адам келген.

Қ.МҮСӘЙІП.

saryarka-samaly.kz