Мұндай оқыс жағдайлардың алдын алу, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында төтенше жағдайлар басқармасы мен атқа мінген тәртіп сақшылары арнайы рейд ұйымдастырды. Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы, азматтық қорғау полковнигі Ринат Валешановтың сөзінше, өрттің тұтануына адамдардың салғырттығы себеп болуда. Әсіресе қоқыс өртеген кезде сақтық шарасын ескермейді. Өткен аптада бұл талапты ескермеген 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелген.

Рейдтік шара барысында 120 саяжай тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, қызыл жалынды сөндіру жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде парақшалар таратылды.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz