Мейрамхана иесі Жанат Тезекбаев - кәсіппен айналысуға ерте бет бұрған азамат. Бүгінде ол «Толқын» мейрамханасы мен оның жанынан «Дүкенбай» сауда орнын ашып, 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Аталмыш нысан осыдан он шақты жыл бұрын жұмысы жүрмей, ұсқынсыз кейіпке енген еді. Бірақ ауыл азаматы Жанат Тезекбаев осы ғимаратты сатып алып, жаңа іс бастауға тәуекел етті.

«Толқын» мейрамханасында ауыл тұрғындары той-томалақтарын өткізе алады. Онда 300 адамға арналған үлкен зал мен 50 адамдық кіші зал бар. Сонымен қатар, тұрғындар үшін жазғы дәмхана қызмет көрсетеді. Қала мейрамханаларынан кем түспейтін жаңа нысан әдемі безендірілген. Қазіргі уақытта мерекелік шараларға тапсырыс берген адамдардың саны артып келеді.

Ауыл халқының игілігі үшін тәуекелге барған кәсіпкердің ісіне сәттілік тілейміз!

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz