Демалыс кезеңіне өзіңіздің еңбек демалысыңызды жоспарланғанда келеңсіз жағдайлар туралы ойлағыңыз келмесе де, біліп алған дұрыс болар. Біріншіден, Сіз Қазақстанның азаматы болғанымен де, басқа елдің аумағында жүрген кезде сол елдің заңымен жүруге тура келетінін естен шығармаңыз. Сондай-ақ, кедендік жете тексеруді өту қағидаларын, авиакомпанияның қағидаларын, қонақ үйлерде тұру қағидаларын және басқа да қағидаларды білген жөн.

Енді демалысқа қатысты айтар болсақ, егер Сіз турды сатып алуда турагенттіктерге жүгінуді жоспарласаңыз олар Сізге Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 2-1-бабының 2-тармағына және 27-бабына сәйкес сатып алатын турөнімі туралы толық және нақты ақпарат ұсыну керектігін білгеніңіз дұрыс. Және ол толықтай қауіпсіз болу керек. Яғни, олар Сізге саяхатқа аттануды таңдаған елде Сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізге төндіретін қандай да бір қауіптер туралы міндетті түрде ескертулері қажет.

Сізге турфирмамен жасалатын шартпен мұқият танысуыңыз қажет. Егер Сізге бір нәрсе түсініксіз болса, онда түсінбей қалған барлық тармақтарды сұрап алуға ұялмаңыз және шартта турөнімнің қауіпсіздігіне қатысты барлық мәселелердің қамтылғандығын бақылап шығыңыз.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 17-бабы 1-тармағына сәйкес туристік қызметтер көрсету шарт негізінде жүзеге асырылады. Туристік қызмет көрсету шарты, гидпен (гид-аудармашымен) және экскурсоводпен жасалатын шарттарды қоспағанда, жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуға тиіс.

Туристік қызметтер көрсетуге арналған шарттың маңызды жағдайы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік шартымен белгіленеді. Шартты жасасу кезiнде басшылыққа алынған мән-жайдың елеулi түрде өзгеруiне байланысты тараптардың әрқайсысы шартты өзгертудi немесе бұзуды талап етуге құқылы.

Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шартты орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте турист Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен шартты бұзуға құқылы.

Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етiлгенге дейiн көрсетiлген қызметтерi үшiн олардың iс жүзiнде шығарған шығындарын төлеген жағдайда, саяхат басталғанға дейiн шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

Сіз үшін барлық маңызды жағдайларды туристік қызметті көрсету шартында көрсете аласыз.

Қазақстан Республикасы «ҚР туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 12-тармағына сәйкес туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шарт талаптарының тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапты болады. Мысалы, Сіз 5 жұлдызды қонақ үйін көрсеттіңіз, ал Сізді 4 жұлдызды қонақ үйге орналастырды.

Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тұтынушы орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кезде өз таңдауы бойынша орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін сыйақыны тиісті мөлшерде азайтуды талап етуге құқылы.

Сіз қонақ үйде тұтынушының тұрған кезеңі үшін құнын көрсете отырып, 4 жұлдызды қонақ үйіндегі көрсетілген кезең үшін болғаңыз туралы анықтаманы сұрайсыз. Қайта келгеннен кейін Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 22-бабына сәйкес Сіз шарт талаптарының тиiсiнше орындалмағанына байланысты туристік қызметті көрсету шарты бойынша соманың бөлігін қайтару туралы наразылықпен жүгінуге құқылысыз. Егер турагент Сіз асыра төлеген сомаңызды қайтарудан бас тартса, турға төленген және сот шығындары үшін ақшаның бөлігін қайтару туралы талаппен сотқа жүгінесіз.

Егер мұқият дайындалған жағдайда Сіздің демалысыңызға ештеңе кедергі келтіре алмайды, оған біреу кедергі келтірсе де, барлық құжаттамалық дәлелдерді жинап, оралғаннан кейін өз құқығыңызбен айналысыңыз. Өз құқығыңызды қорғау туристік қызметтер көрсетудің сапасын арттырады. Сондықтан көбі, оның ішінде жақсы демалыс пен қаражатты үнемдеу Сіздің тұтынушылық сауаттылығыңызға байланысты. «Жедел желі» телефоны: 8 (7182) 32-18-22.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Ә.К. Кулагина.

Мақаладағы ақпарат «Біздің сарапшымыз» журналынан алынды.

saryarka-samaly.kz