Тұрғындарды титықтататын мәсе-лелердің бастысы – жол. Бұған ешкім дау келтірмес. Ойлы-шұңқырлы жолмен жүруден әбден жалыққан жұртшылық- тың жанайқайы жергілікті биліктің құлағына жетіп, биыл ауқымды жоба- лар қолға алынған-ды. Оған мемле-кеттің қазынасынан қыруар қаржы қарастырылды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермұрат Нұрхановтың айтуынша, осы жылы жергілікті маңызы бар 462 шақырым жолға ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 12,4 млрд. теңге бөлінді. Жөнделуі тиіс облыстық маңызы бар тасжолдың 11 учаскесінің 9-ында жұмыстар аяқталды, қалғаны 1 қазанға дейін тапсырылуы тиіс. Бірақ, кей істер атқарылғанымен, сапасы көңіл көншітпейді. Әсіресе, Беловка-Қалқаман жолын жөндеу барысы облыс әкімі Болат Бақауовтың сынына қалды. Бұл учаскедегі 7 шақырым жолды жөндеуге сомасы 134,4 млн. теңге болатын келісімшарт жасалды. Бірақ, «Ғұмыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 6,3 шақырым аумаққа асфальт-бетон төсеумен шектелді. Қалған 700 метрде жұмыс істеу мүмкін болмай отыр. Мердігер компания өкілдері мұны жолды судың шайып кетуімен, салдарынан жабындының төмендеп қалатынымен байланыстыр- ды. Ал аудандық маңызы бар 56 авто- мобиль жолы учаскесінің 47-сінде жұмыстар аяқталды. Баянауыл ауданында бірқатар іс тиісті кестеден кешігуде. Атап айтқанда, Алексеевка-Жаңажол бағытындағы жолды, Ақсан ауылына кіреберісті орташа жөндеу жұмыстары әлі біткен жоқ. Аудандық жолдарды жөндеу бойынша жобалардың ең ірісі – Екібастұз-Бесқауға аралығын қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы жалғасатын болды.

Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов мердігер компаниялардың жауапкершілігін күшейту керектігін айтты. Себебі, өткен жылы ғана жөнделген Екібастұз-Майқайың жолында бүгінде шұңқыр көп. Ал «Статус-Люкс» және «Гидропром» компаниялары кепілдік аясында бұл шұңқырларды «жамауға» асықпайтын көрінеді. Айта кетелік, аталмыш бағыттағы 17 шақырым жолды қалпына келтіру үшін былтыр 1,5 млрд. теңге бөлінген болатын. Республикалық маңызы бар жолды жөндеуді мойнына алған «Анис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне де тағар мін көп. Былтыр дәл осы компания жөндеу жүргізген 11 шақырым жолда көп ұзамай шұрық тесіктер пайда болып, биыл 4,4 шақырымды қайта қалпына келтірген еді. Ал биыл 22 шақырым жолды жөндеуді бастап, қазіргі күнге дейін тек бір бөлігіне асфальтты бетон төседі. Компания өкілдері жолдың көп уақыт шыдас бермей, тиісті жұмыстардың мерзімінен кеш атқарылуын жүк көліктерінің үздіксіз жүруімен байланыстырды. Айтуларынша, шамадан тыс жүк тиеген көліктердің салдарынан жөнделген жол тез бұзылады. Айта кетерлігі, жергілікті билік бұл мәселені де назарға алды. Өткен апталарда жүк көліктеріне қатысты бірнеше жиын ұйымдастырылып, жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелген болатын. Облыстық жергілікті полиция бастығы Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, Қалқаман, Майқайың және Баянауыл-Торайғыр жолдары бойында стационарлық бекеттер қойылды. Сөйтіп, шамадан тыс жүк тиеген жүргізушілерге айыппұл салынуда. Әсіресе, астық, көмірді белгіленген мөлшерден артық таситындар көп. Тек бір түннің ішінде 8 жүк көлігі тоқтатылып, айып тұрағына қойылған екен.

- Өкінішке қарай, жол жөндеуге жауаптанып, кейін ісін толыққанды ат- қармайтын компаниялар бар. Оларға қатысты қатаң шаралар қолданылып, жосықсыз мердігер ретінде тану керек. Әйтпегенде, жыл сайын жағдай қайталанып, бұл бағыттағы жұмыс сылбыр жүреді. Бұл жөндеу шараларының барлығы мемлекеттік қаржы есебінен жасалады. Демек, мер- зімінен кешіккен, сапасыз атқарылған жұмыстарға көзжұмбайлықпен қарау- ға болмайды. Жүк көліктеріне қатысты мәселе де назардан тыс қалмауы қажет. Соңғы уақытта жұмыстың жүйелі жүргізілуі нәтижесінде жүк көліктерінің нормадан аспауға тырысатыны байқалады. Мұнымен шектеліп қалмай, бақылауды мықтап жалғастыру керек, - деді Б.Бақауов.

Аппараттық жиын барысында қаралған тағы бір мәселе – құрылыс. Биыл аймағымызда бұрын-соңды болмаған көрсеткіш – 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп көзделген еді. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Рүстем Раисовтың айтуынша, жыл басынан бері 105,6 мың шаршы метр баспана тапсырылды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 137 мың шаршы метрге жетуі тиіс. Жоспарға сәйкес, осы айдың соңына дейін Павлодар қаласында Сарыарқа шағын ауданындағы 3 көпқабатты үй қолданысқа беріледі. Сөйтіп, 28 мың шаршы метр көрсеткіш орындалады. Ал қалған 4 мың шаршы метр жеке тұрғын үйді салу жұмысын аяқтау арқылы орындалмақ. Десе де, облыс орталығындағы Сарыарқа ауданындағы үш үйдің осы айда берілетіні көп күмән тудырады. Оған себеп - мердігерлердің белгіленген мерзімді қайта-қайта кейінге шегеруі. Әсіресе, «ДСК Монтаж» және «Артех-ПВ» компанияларының жұмысы өнбей тұр. Мұндағы адам күші де, техника да аз. Айталық, екі үйді небары 59 адам тұрғызуда. Дәл осындай мәселе Ақсу қаласында бар. Молодежная, 32 көшесіндегі үйді салып жатқан «ДСК Монтаж» компаниясындағы үш кранның үшеуі де істемейді. Бұдан бөлек, Ақсуда ERG компаниясы өз жұмысшыларына арналған 3 баспана- ның құрылысын бастаған-ды. Бірақ, мұнда да мердігерлер сенімді ақтамай, жұмыстарды мерзімінен кешіктіруде. Аймақ басшысы Болат Бақауов бұл саладағы мердігерлердің ісін мықтап қолға алуды тапсырды.

Құрылысқа қатысты мәселе баспаналармен шектеліп қалмайды. Екібастұз ауылдық аймағына қарасты Қарасор, Құлакөл және Төртүй ауылдарында сумен қамтамасыз ету нысандары бойынша жұмыс кестеден бір айға қалып қойды. Себебі, жобаларды түзетіп, мемлекеттік сараптамадан қайта өткізуге тура келді. Биыл ауылдық жерлерді сумен қамтитын 15 нысанның құрылысы аяқталуы тиіс, оның алтауы қазірдің өзінде пайдалануға берілді, қалған тоғызы жыл соңына дейін тапсырылмақ. Жалпы, осы жылы сумен қамтамасыз ету және су өткізу жүйелерін дамытуға мемлекеттік қазынадан 12,6 млрд. теңге қарастырылған болатын.

Сондай-ақ, бірқатар әлеуметтік нысан құрылысында мерзімінен кешігу байқалады. Дәлірек айтқанда, Павлодар қаласына қарасты Ленин кентіндегі дене шынықтыру - сауықтыру кешені мен Кенжекөл ауылындағы мәдениет үйі, Ақтоғай ауданы Жаңабет ауылын-дағы Қ.Нығманов атындағы орта мек- тептің қосымша ғимараты, Аққулы ауданы Аққу ауылындағы орталық парктің қайта құрылысы бойынша жұмыстар толыққанды аяқталған жоқ.

Жиын соңында облыс әкімі Болат Бақауов барлық нысанның құрылысын жіті бақылауға алуды тапсырды. Бұл ретте ветеринарлық пункттерге интер- нет желісін тарту бойынша да арнайы тапсырма берді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

saryarka-samaly.kz