Жылжымалы көлік бекеттері облыс әкімінің тапсырмасы бойынша сатып алынған. Арнайы техникаларды сатып алу үшін облыстық бюджеттен 100 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген. Көліктің салмағы мен ұзындығын тексеретін арнайы құрылғылармен жабдықталған жылжымалы бекеттер Майқайың-Екібастұз, Майқайың-Павлодар, Баянауыл-Майқайың, «Павлодар-Шарбақты», «Павлодар-Омбы» бағыттарында тұрады. Себебі бұл бағыттарда көмір және инертті материалдар тиелген жүк көліктері өте көп жүреді. Егер, шамадан артық ауыр жүк артқаны немесе нормадан тыс ұзын тіркеме сүйрегені анықталатын болса, тасымалдаушыларға әкімшілік айыппұл салынып, көлік айып тұрағына қойылады.

Жаңа көліктерді облыс әкімі Болат Бақауов та арнайы көріп, көліктің бақылау инспекциясы мен жергілікті полиция қызметінің жұмысын әлі де ширата түсу керектігін ескертті.

- Бақылау жұмысын түнгі уақытта да тоқтатпау керек. Бұл - жаңадан салынған жолдарды қалпында сақтаудың ең тиімді жолы. Бүгінде облыстық маңызы бар жолдар- дың 80 пайызы жөнделді. Қалған 20 пайызын алдағы екі-үш жылдың ішінде ретке келтіруіміз керек, - деді Болат Жұмабекұлы.

Облыстық көлік бақылау инспекция-сының басшысы Серік Талдыбаевтың сөзінше, тексерілген көліктерден заң бұзу-шылық анықталған жағдайда жеке тұлға-ларға 50 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш көле-мінде айыппұл салынады.

- Көлік жүргізушілері мен бақылау инспекторлары өзара келісіп, айып- пұлды жасыра алмайды. Себебі көліктердің барлығына арнайы бейнекамералар орнатылған. Бір көлікте жүргізушіден бөлек екі инспектордың орны бар. Жалпы, бұған дейін бізде осындай құрылғылармен жабдықталған төрт арнайы техника бар болатын. Олар енді басқа облыстарға жіберіледі, - дейді инспекция басшысы.

Жаңа құрылғылармен жабдық- талған автобекеттердің бірі алдымен Павлодар-Екібастұз бағытына қойылды. Алғашқы тексеру шараларына облыстық БАҚ өкілдері де қатысты. Журналис-тер болған 15-20 минуттың ішінде үш үлкен жүк көлігінің салмағы өлшенді. Нәтижесінде бетон материалдарын артқан «Howo» автокөлігінің шамадан тыс ауыр жүк тиегені анықталып, жүк көлігінің иесі 430 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.

Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz