Роман Суховерхов, Виктор Бондарь, Виктор Молодцов және Валентин Уховтар ел намысын абыроймен қорғады. Аталған спортшылар қоржынымызға жалпы саны 14 медаль салды. Оның 5-уі - алтын, 4-уі - күміс, 5-уі - қола.

- АҚШ, Канада, Аргентина, Үндістан Жаңа Зеландия сынды әлемнің алпауыт мемлекеттерінен келген спортшылармен иық тірестіріп өнер көрсету біз үшін оңайға түскен жоқ. Дүбірлі додаларға барған сәтте бір елдің аманаты мойныңда тұрғанын түсініп, жауапкершілікті сезінесің. Осындай сәттерде жоспарымыздың іске асқандығы қуантады. Еліміздегі ардагерлер арасындағы бұқаралық спорт түрлерін дамыту қажет. Бұл үрдіс шетелдерде әлдеқашан қолға алынған. Мәселен, былтыр Будапеште өткен әлем чемпионатында 106 жастағы спортшы бақ сынады. 100-104 жастағы жеті адам осы чемпионатқа қатысты. Ал 90-95 жастағылар арасында 26 қария шеберліктерін сынға салды. Бұл - таң қаларлық нәтиже - дейді Роман Суховерхов.

Бүкіләлемдік спорт ойындарына қатыс- қан павлодарлық спортшылардың арасын- да осалы жоқ. Осы жарыста жеңіл атлетші Виктор Бондарь 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншіледі. Ол - жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның 10 дүркін чемпионы, 2014 жылы Австралияда өткен ардагерлер арасында- ғы бүкіләлемдік халықаралық Олимпиада- лық ойындардың қола жүлдегері.

Спорттық снарядтарды лақтыру бойын- ша Азияның 4 дүркін чемпионы Виктор Молодцов бұл жолы 1 алтын, 1 қола жүлде ұтып алды. Жүзу спортынан КСРО-ның спорт шебері Роман Суховерхов осы жарыста 3 алтын, 1 күміс, 2 қолаға қол жеткізді.

Кір тасын көтеру бойынша ҚР спорт шебері, әлемнің 4 дүркін чемпионы Валентин Ухов 1 күміс медаль еншіледі.

Аймақ намысын абыроймен қорғаған спортшыларға ҚР салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Светлана Иманқұлова Алғыс хаттар мен арнайы сый-сыяпат табыс етті.

А.ӘБДІЛҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz