Біздің қазіргі дәуіріміз ерекше. Бейнелеп айтқанда, нәрестелердің тілі шықпай жатып ақпараттық технология игерген заманда өмір сүрудеміз. Әр күн сайын «Ақпаратты кім игерсе, сол әлемді билейді» деген әйгілі пікірдің шындығына көз жеткіземіз. Қоғамымыздың тұрақты дамуы және оның қауіпсіздігі қоммуникация арналарының өркендеуіне, сапалы жұмысына және шынайы, объективті ақпараттардың болуына тәуелді.

Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы өзекті ақпараттарды өңіріміздің әр тұрғынына жеткізудің барлық қолжетімді тәсілдерін пайдалануда. Біз жерлестеріміздің қазақстандықтардың жетістіктері, денсаулықтарын нығайтуға бағытталған мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар туралы, олардың артықшылықтары мен мүмкіндіктерінен хабардар болып, бағалағанын қалаймыз. Сонымен қатар өңір тұрғындарының елімізде, облысымызда болып жатқан барлық оқиғаларға белсенді қатысуын қамтамасыз етеміз.

Күн сайын әрбір адамға ақпараттың орасан зор ағыны жетеді. Олардың ішінен маңызды мәліметтер мен білімді ажырату қиынға соғады. Бұрынырақ қоғамды ақпараттандыру функциясын бұқаралық ақпарат құралдары – газет-журналдар, радио мен телевидение табысты атқарды. БАҚ қоғамның әр түрлі институттары арасында делдал болып, ақпаратпен алмасу функциясын қамтамасыз етті. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы смартфоны бар әр адам ақпарат көзі болуына және сонымен қатар бір уақытта оны тұтынушы болуға әкелді.

Егер бұрын біздің БАҚ аудиторияның назары үшін бірнеше жергілікті және республикалық редакциялармен бәсекелес болса, бүгінде оқырмандар мен көрермендер өз қалауына сай келетін сан алуан тақырыптағы миллиондаған ролик таба алатын деңгейге жетті. Әлеуметтік желілердің дамуы бір жағынан қарым-қатынас жасауға шек қойылмауына және адамның өзін-өзі танытуына шексіз мүмкіндіктер берді. Басқа жағынан қарағанда, жергілікті қауымдастықты ақпараттандыру жұмысы сапалы жаңа деңгейде, қолжетімді заманауи құралдары мен коммуникация арналарын қолдана отырып жүргізілуі тиіс.

Бұл әрекет біздің облысымызда тұратын барша халықтың арасында өзара әрекеттесудің жоғары дәрежесін қамтамасыз ету үшін маңызды. Сонымен қатар, ақпараттандыру жұмысының тиімділігі тұрғындардың өздерінің де белсенді қатысуларына байланысты. Бүгінде елде, әлемде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болу үшін бір өңірлік пабликке жазылу жеткіліксіз. Жалған жаңалықтардың, ақпараттық алдаудың ықпалына түсіп қалмау үшін және өңірдің, елдің ақпараттық кеңістігінен алшақ кетпеу мақсатында облыстың әр тұрғыны әлеуметтік желілерде ұсынылған ресми ақпарат көздеріне жүгінулері тиіс. Бүгін Павлодар облысында шұғыл ақпараттандыратын, оқиғалардың мәнін қолжетімді және қызықты түсіндіретін, құрылатын контенттің деңгейі жоғары жаңалықтар көздерінің мол таңдауы бар. Солардың бірқатарына тоқталғым келеді:

Дәстүрлі БАҚ

Соңғы жаңалықтармен таныс-тыруда өңірлік баспалық және электронды бұқаралық ақпарат құралдары неғұрлым беделді болып отыр. Павлодар облысында барлығы 116 БАҚ қызмет жасауда. Оның 90-ы - баспалық (газет-журналдар), 26-сы - электронды бұқаралық ақпарат құралдары (телеарналар, радио, интернет-көздер).

«Әр павлодарлыққа «Сары-арқа самалы» және «Звезда Прииртышья» газеттері жақсы танымал!

Өңірдің тарихында үлкен маңызы бар газеттеріміз - «Сарыарқа самалы» мен «Звезда Прииртышья» әр тұрғынға жақсы таныс екендігін атап өткен жөн. Осы екі басылым өңірдің басты жаңалықтарын алғашқылардың бірі болып жариялайды, жаңа технологияларды пайдалана отырып, газеттердің онлайн версияларын шығарады және өз Instagram-да өз аккаунттарын жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейін, биыл «Звезда Прииртышья» газеті өзінің ғасырлық тарихын атап өтті. Тұрғындарымыз сүйіп тыңдайтын «Халық радиосы» 80 жасқа толды, «Сарыарқа самалы» келесі жылы 90 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Бұл - облыстың ақпараттық кеңістігінде көшбасшы болып келе жатқан өңірлік БАҚ-тың сабақтастық дәстүрінің жалғасып отырғандығының жарқын көрінісі.

Облыстық электронды бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде екі телеарна - «ERTIS», «Ирбис», сондай-ақ «Халық радиосы» мен «Pavlodarnews.kz» ақпараттық агенттігі ерекше орын алады.

60 жыл бойы күн сайын тұрғындарымыз «ERTIS» теле-арнасының жаңалықтарын көруде. Жас телеарна «Ирбис» өзінің ақпараттық бағдарламаларымен жақсы танымал. Облыста теле және радиохабарлар тарату шеңберінде 36 тақырыптық бағыт бойынша 44 бағдарлама трансляцияланады. Мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, көркемөнер зиялыларының өкілдері және т.б. сөз сөйлейтін теле және радиохабарлар қоғам дамуының барлық маңызды бағыттарын қамтиды.

Сонымен қатар облыстың медиа-нарығында «Pavlodarnews.kz» ақпараттық агенттігі белсенді рөл атқаруда. Ол ең соңғы жаңалықтарды www.pavlodarnews.kz сайтында, Instagram, Facebook, Twitter, Мой мир, Одноклассники және т.б. әлеуметтік желілерде орналастырады.

Әлеуметтік желілерде адаспаудың жолдары қандай?

Әлеуметтік желілердегі жұмыс ақпараттық саясаттағы негізгі трендтердің (заманауи құбылыстың) бірі болып табылады. Әлеуметтік желілер жұртшылықты шұғыл ақпараттандырудың және оңтайлы коммуникациялар орнатудың негізгі және неғұрлым тиімді алаңы болып отырғандығы ешкімге құпия емес. Қазір интернеттің жылдамдығы артқаны сонша, әр адам оқиға болған жерден тікелей телевизиялық трансляция жүргізе алады. Блогерлер мен белсенді пайдаланушылардың сан мыңдаған аудиториясы бар, бір бейнежазбаны көру саны біздің жергілікті газеттеріміздің таралымынан бірнеше рет асып түседі. Әлеуметтік желілерден ғана ақпарат алатын азаматтарға келесі жаңалықтар аккаунттарын ұсынғым келеді.

Павлодар облысында Instagram ertisaqparat паблигінде жаңалықтарға жазылушылар саны қарқынды өсіп келеді, оған жазылушылар саны 10 мың адамнан асады. Сондай-ақ қалалық, аудандық басылымдардың сериясы бар (akparat_pvl, bayanaul_aqparat, terenkol_aqparat, uspen_aqparat, sharbaqtyaqparat және т.б.), олар неғұрлым өзекті де қызықты жаңалықтарды жергілікті қауымдастыққа шұғыл жолдап отырады.

Сонымен қатар, өңірде «Рухани жаңғыру Павлодар облысы»(rukhanizhangyrupvl) әлеуметтік желілерінде Қазақ-стандағы ең ірі пабликтердің бірі жұмыс жасауда.

Instagram-да «Ertispromenade» жобасының парақшасы ресми жариялануда. Онда Павлодар қаласының орталық жағалауындағы және өңірлік концерт алаңдарындағы іс-шаралар хабарландыруларын көруге болады.

Заманауи технологияларды белсенді пайдалану уақыттан қалыспай қадам жасауға және тұрғындарды ең маңызды әлеуметтік-саяси мәселелерді талқылауға тарту бойынша жұмыстардың жаңа нысандарын қолдануға мүмкіндік береді.

WhatsApp – тез және тегін

WhatsApp көпшілік үшін ақпарат алудың негізгі көзі болып отыр. Ол неғұрлым шұғыл тәртіпте ақпарат алуға және таратуға мүмкіндік береді. WhatsApp хабарлар жазысуға мессенджер ретінде құрылған. Алайда қазіргі уақытта оның функционалы ақпаратты барлық тұрғындарға слайдтар, сұлбалар, бейнероликтер түрінде таратуға жол ашады. Мысалы, біз С.Торайғыровтың, Естай Беркімбаевтың, Мұса Шормановтың, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мерейтойларын мерекелеуге, сондай-ақ «Ұлы дала» фестивалін өткізуге арналған ақпараттық кестелерді орналас-тыру жұмысын ұйымдастырдық.

Біз облыс тұрғындарын алдағы уақытта тұрғындардың барлық санаттарына пайдалы болатын ақпарат таратуға және тексерілмеген күмәнді хабарларды таратудан аулақ болуға шақырамыз.

Оқырмандардың назарын тағы бір философиялық пікірге аударғым келеді: «Ешқандай жағымсыз көңіл- күйдегі хабарды қабылдама. Сен оны қабылдамасаң, ол көңіл-күй жаман хабарды жеткізген адамның өзінде қалады». Адамзат табиғаты осындай, қауіпті жағдайлармен және қайғылы оқиғалармен байланысты жағымсыз хабарлар көбірек тарайды. Осыған байланысты мемлекеттік органдардың қызметін сынау еш негізсіз болса-дағы, жетістіктер мен табыстар туралы ақпараттан гөрі кең тарайды. «Шындық киімін кигенше, өтірік жарты әлемді аралап шығады» деген екен бір ұлы саясаткер. Кейде әлеуметтік желілерді мемлекеттік органдарға қысым көрсету, сондай-ақ өңірдегі әлеуметтік-саяси ахуалды тұрақсыздандыру мақсатында қолдану жағдайлары орын алады. Мұндай жайттар құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалған емес. Сондықтанда шындығына өздеріңіз күмән келтірген хабарларды таратуға асықпағандарыңыз жөн.

Мың рет естігенше, бір рет көрген артық...

Айрықша маңызға ие коммуникацияның тиімді арна-ларының бірі – сыртқы жарнама: билбордтар, LED-экрандар, инсталляциялар, кермелер, лайтбокстар, баннерлер және т.б. көрнекі құралдар.

Қалалар мен аудандардың орталықтарындағы көрнекті жерлерге сыртқы жарнама орнату арқылы біз маңызды әлеуметтік жобалар, өткізіліп отырған реформалар, маңызды оқиғалар және т.т. туралы ақпараттандырамыз.

Осылайша, Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы облыстың барлық тұрғындары үшін үш ұсыным жасап отыр.

1) Жоғарыда аталған ақпарат көздерінің кем дегенде біреуіне қолжетімділік болуы керек.

2) Күмәнді сипаттағы ақпаратты таратпастан бұрын, оның растығына ресми көздердің, соның ішінде мемлекеттік органдар сайттарының көмегімен көз жеткізу қажет.

3) Қоғамды тұрақсыздандыруға үндейтін немесе осы сияқты әрекеттерді ақтайтын ақпараттың барлық түрлерін таратудан аулақ болыңыз.

Сапалы ақпараттандыру бүгінгі күні мемлекеттік уәкілетті орган-дардың күші мен жұмысының дұрыс жолға қойылғанына, журналистердің кәсіби шеберлігіне ғана емес, сонымен қатар болып жатқан оқиғалар туралы шындықты білуге мүдделі Павлодар облысының әр тұрғынына да байланысты.

Түйіндей келгенде, біз ақпараттық реттеу саласындағы мемлекеттік орган ретінде күннің ақпараттық тәртібін қалыптастыра отырып, біз, құрметті павлодарлықтар, сіздерге ақпарат алумен бірге мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды іске асырудан практикалық көмек алуға болатын ең маңызды және қажетті мәліметтерді жеткізуге тырысамыз.

saryarka-samaly.kz