Былтыр «Вектор S» жауап-кершілігі шектеулі серіктестігі Мичурин ауылында қаңырап қалған ғимаратты қалпына келтіріп, сүт өңдеу зауытын іске қосты. Мұнда үш түрлі өнім – май, жұмсақ сыр және сыр дәні дайындалады. Алғашқылары делдалдар көмегімен бөлшек саудаға жол тартса, соңғысын шұжық түріндегі сыр өндірісі үшін өзге кәсіпорындар сатып алады. «ЭкоМас- тер» ЖШС директоры Талғат Сұлтановтың айтуынша, қыс кезінде шикізатпен қамту бағы-тында айтарлықтай қиындықтар болды. Сол себепті кәсіпорын толық қуаттылықта жұмыс істей алмады.

- Әлемдегі соңғы экономикалық қиын-дықтарға байлнысты шикізат бағасы қымбат- тай түсті. Оған қоса, былтыр Ертіс өзенінің бірнеше рет жайылуы есебінен шөп шабу оңай болған жоқ. Бұл өз кезегінде сүт көлемінің азаюына әсер етті. Соған қарамастан, зауыт жұмысын жалғастырды. Жергілікті тұрғындар мен Ақсу қаласы, Качир ауданындағы жеке аулалардан сүт жинап, оны өңдеп, май, сыр дайындаймыз. Шикізаттың бір литрінің бағасы – 90 теңге, - дейді Т.Сұлтанов.

Бүгінде бір ауысымда 1,5 тонна сүт өңделеді. Кейін дайын өнім Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Астана және Семей қалаларына жөнелтіледі. Сонымен қатар, ресейлік тұтынушылар тарапынан сұраныс бар. Бірақ сүт өңдеу зауытының өз бренді жоқ. Мұны серіктестік басшысы былай түсіндіреді.

- Біздің өнім көпшілікке Мичурин сүт зауытының өнімі ретінде танымал. Ал арнайы атауы жоқ. Себебі брендтік желіні қалыптастыру үшін кең ауқымды сұрыпталым болуы тиіс. Мәселен, пастерленген сүт, ашымал сүт өнімдерін шығаруымыз қажет. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта бұған мүмкіндік болмай отыр. Қаржылай мәселелер шешілген соң осы бағыттағы жұмысты бастауы- мыз мүмкін, - дейді серіктестік басшысы.

Айта кетелік, бұл зауыт жеке қаржы мен екінші деңгейлі банктен алған несие көмегімен ашылған-ды. Банк ұсынған несиенің пайыздық мөлшерлемесі жоғары болған-дықтан, қазір оны төмендету бағытында тиімді жолдар қарастырылуда. Бұл қуаттылық пен дайындалатын өнім түрін еселеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «ЭкоМастер» ЖШС құрғақ сүт шығаруды жоспарлап отыр. Технологиялық құралдар сатып алынып, цехтың жұмысын бастауға әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Құрғақ сүт күз-қыс мезгілдерінде шикізатты алмастыруға жағдай жасайды. Осылайша, «Вектор S» және «ЭкоМастер» серіктестіктері бірлесіп, сүт өнімдерін дайын-даудың толыққанды кешенін қалыптастырмақ. Бұл қосымша жұмыс орындарының ашылуына да оң әсер етеді. Қазіргі кезде сүт зауытында бас технолог, зертханашы, өндіріс ісінің екі шебері мен техникалық қызметкер – барлығы бес адам еңбек етеді. Бұл ретте зауыт басшылығы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен байланыстың оң жолға қойылғанын айтты. Жоғары оқу орнында биотехнология мамандығы бойынша тәлім беретін педагогтар мен студенттер зертхана жұмысын жүргізуге, технологияны жетілдіруге қол ұшын созуға әзір.

Осылайша, шағын ауылдағы сүт өңдеу зауыты бір жылға жуық уақыт аралығында өндірісті бір ізге келтіріп, тұтынушылар аясын қалыптастыра білді. Алдағы уақытқа белгіленген жоспар көп. Ендеше, олардың сәтті жүзеге асып, павлодарлық өнімдердің нарықтан ойып тұрып орын алуын тілейміз.

 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА
Мичурин ауылы, Павлодар ауданы.

 

 

 

saryarka-samaly.kz