Жалпы Темірбаевтар әулеті - спортқа етене жақын отбасы. Теміржан ағамыздың ұлы Марат Темірбаев - еркін күрестен ҚР спорт шебері. Ол - 2003-2010 жылдары ара-сында еркін күрестен Қазақстан ұлттық құра-масының сапында өнер көрсетіп, халық-аралық ірі додаларда ел намысын қорғаған дарынды спортшы. Бүгінде Теміржан ағамыз немере-жиендерін де спортқа баулып келеді. Атап айтсақ, осыдан 3 жыл бұрын жиені Арнұр Шахметті Ақсу қаласындағы №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мек-тебіндегі тоғызқұмалақ үйірмесіне берген.

Төл ойынды ерекше қызығушылықпен меңгерген Арнұрдың қазіргі аяқ алысы жаман емес.

- Арнұр сабақтан қолы қалт етсе болды, тоғызқұмалақ ойнауға асығып тұрады. Ал-ғашында үйірмеге барып, жақсы ойын көр-сеткенімен, жарыстарға баруға жүрексі-нетін. Осыдан 2 жыл бұрын облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің дәстүрлі турни-ріне қатысып, үздік нәтиже көрсетті. Был-тырғы жылы да аталған додада бақ сынап, жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Содан бері Арнұрдың тоғызқұмалаққа деген ынта-жігері арта түсті. Арнұр қазір Ақсу-дағы дарынды балаларға арналған маман-дандырылған гимназиясының 4-сыныбын-да оқиды. Байқағаным, тоғызқұмалақпен шұғылданғалы сабақты кілең «бестік» баға-мен оқитын болды. Өз басым барлық ата-анаға балаларыңызды, немерелеріңізді төл ойынға үйретіңіздер дер едім. Баланың зер-десін ашып, үлкен спортқа қанат қақтыру-ға «Сарыарқа самалы» газеті ұйымдасты-ратын турнирдің маңызы зор, - дейді Теміржан Темірбаев.

«Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін өтетін турнирден ерекше шабыт алған Арнұр бір жыл ішінде бірнеше мәрте аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанып үлгерген. Ол қарашада өтетін басылымның дәстүрлі турнирін асыға күтіп жүр.

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz