Кездесудің небары 4-минутында қарсы-ластардың ойыншысы Якуб Поважанец есеп ашып, алаң иелерін алға жетеледі. «Яблонецтің» алғашқы минуттардағы қарқы-ны елордалықтардың зәресін алғаны анық. Алайда, бұл қарқын 11-минутта су сепкендей басылды. Себебі, Джуниор Кабананганың пасынан кейін Педро Энрике баспен керемет гол соқты. Ойын осылайша тең аяқталып, екі команда бір-бір ұпаймен тарасты. Енді 8 қараша күні осы қос команда «Астана Аренада» қайта кездеседі.

Айта кетуіміз керек, топтағы екінші ойында киевтік «Динамо» сырт алаңда «Реннді» 2:1 есебімен жеңді. Сөйтіп ұпай саны бойынша біздің командамен теңесті. Дегенмен, елордалықтар топтағы алғашқы орынды сақтап қалды. Қазірде «Астана» мен «Динамода» 5 ұпайдан, «Реннде» 3, «Яблонецте» 2 ұпай бар.

Бұл нәтиже сондай-ақ УЕФА клубтарының рейтингісінде елордалық команданың жағ-дайын жақсартып, 25,500 коэффициентімен 53-орынға көтерілуіне септігін тигізді. Осы-лайша Г.Бабаянның шәкірттері Қазақстан футболында бұрын-соңды болмаған рекорд жасады. УЕФА рейтингісінің 53-ші орнында швейцариялық «Янг Бойз» бен кипрлық АПОЭЛ да біздің жігіттермен иық тірестіріп тұрғанын айта кетейік. Ал өзге еуропалық «Интернационале» (Милан, Италия), «Фейеноорд» (Роттердам, Нидерланды), «Галатасарай» (Стамбул, Түркия), «Эвертон» (Ливерпуль, Англия), «Милан» (Италия), «Спартак» (Мәскеу, Ресей) секілді командалар бұл санатта «Астанадан» әудем жер қалып қойды. Рейтингтің көшбасшылары -мадридтық «Реал» (135,000) мен «Барселона» (118,000) және мюнхендік «Бавария» (117,000).

Мұрат АЯҒАНОВ

saryarka-samaly.kz