Форум бағдарламасында Павлодар облысы мен көрші елдің Түмен облысы арасында ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қою қарастырылған. Осылайша, Болат Бақауов пен оның түмендік әріптесі Александр Моор сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени салаларда өзара әрекеттестік жайында келісімге келмек. Сонымен қатар, павлодарлық «Пять звезд» туристік агенттігі мен омбылық «Катунь» компаниясы, павлодарлық «Roman Tour» туристік операторы мен олардың омбылық әріптестері «Седьмое небо» АҚБ арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалмақ.

Форум аясында өтетін көрмеде Павлодар облысының туристік әлеуеті таныстырылмақ. Біздің өңіріміз қолөнершілер ауылында да өз өнімдерін ұсынбақ. Мәселен, Павлодар атынан қолөнерші Алтын Атеева қатысады. Ол батиктен картиналар жасау бойынша шеберлік сағатын өткізеді деп жоспарлануда.


Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz