Қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Күмісай Асайынованың сөзінше, жаңа спорт алаңы «Samruk-Kazyna-Trust» компаниясы демеушілігін көрсеткен.

- Биыл қыста Павлодарда 27 хоккей алаңы жұмыс істейді. Оның 25-і облыс орталығында болса, қалған екеуі Павлодар ауылы мен Ленин кентінде ашылады. Осы секілді инклюзивті кешендер қалада тағы екі жерде орнатылған. Олар - Қамзин, 68 және Естай, 146 мекенжайларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында. Осы үш кешенді салу үшін «Samruk-Kazyna-Trust» компаниясы 60 миллион теңге қаражат бөлді. Мұның басқа алаңдардан ерекшелігі – жазда да, қыста да пайдалануға болады, - дейді Күмісай Асайынова.

Жаңа хоккей кортының ашылуына орай қаладағы «Ровесник» жасөспірімдер хоккей клубы ойыншылары арасында шағын турнир ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.


Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz