Айтулы күнге орай облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының артистері мен облыстық Иса Байзақов атындағы филармонияның өнер ұжымдары ән мен күйден шашу шашты.

Шара барысында облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының артистері халық әндерін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Мәселе, танымал актер әрі дәстүрлі әнші Нұржан Сарқамбаев «Сәулем-айды» орындаса, Талжібек Атамбек шырқаған «Бүлдірген» де өз тыңдармандарының құлақ құрышын қандырды. Аталған концертте өңіріміздің жас әншілері де қатысып, патриоттық әндер, сондай-ақ «Думан» триосының әншісі Серік Рысбек «Елбасы» әнін шырқады.

Дәл осы күні павлодарлықтар Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайындағы «Елбасы – елдің тірегі» атты фотокөрмені тамашалады. Мұнда Н.Назарбаевтың жастық шығы, алғаш Президент болып сайланған кезінен бастап әр жылғы фотосуреттері мен Мемлекет басшысының Павлодар өңіріне жасаған сапарынан сыр шертетін 30-ға жуық фотосурет қойылған.

1 желтоқсан күнгі мерекеде облыс орталығындағы және аудан-қалалардағы музейлерде Тұңғыш Президент күніне орай тақырыптық көрмелер жұмыс істеді.


Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz