Бәрін басынан айтайық. Д.Шабанбай 120 келі салмақ дәрежесінде Лондон Олим-пиадасында белдескен еді. Бұл салмақта өзбекстандық балуан Артур Таймазов ал-тыннан алқа таққан болатын. Ал грузиялық спортшы Давид Модзманашвили екінші орыннан көрінген. Үшінші орынды ресейлік Біләл Махов пен ирандық Комейл Гасеми түйіндеген еді. Ал сол жарыста жерлесіміз бесінші орын алған болатын. Енді бүгін Дәулетке жүлде қалай келді? Сондағы күміс жүлдегер Давид Модзманашвилидің допинг-сынамасы дұрыс болмай шығыпты. Осыған орай Халықаралық Олимпиада комитеті өз үкімін шығарып, Давидтің Олимпиададағы нәтижесі жойылды. Енді Давид жүлдеден қағылған соң, одан жеңілген Біләл Махов күтпеген жерден күміс жүлдегер атанса,  Дәулет қола жүлдені қанжығалап отыр.

- Олимпиада чемпионы болу өмір бойғы арманым еді. Жүлдеге таяқ тастам жер қалғанда сүрінгеніме іштей өкініп жүрдім. Жағымды жаңалыққа әлі де сене алмай отыр-мын. Себебі, маған әлі ресми ақпарат жеткен жоқ. Жан дүниемдегі толқынысты айтып жет-кізе алмаймын, - дейді Дәулет Шабанбай.

Жалпы, бұған дейін Павлодар облысы-ның бірде-бір спортшысы «олимпиада жүл-дегері» деген атаққа қол жеткізе алған жоқ. Міне, сол олқылықтың орны толды-ау. Яғни Дәулет  балуан - Ертіс-Баян өңірінен шығып, Олимпия ойындарының жүлдесін иеленген алғашқы спортшы.

Бұл жаңалықты естігенде Дәулет Шабанбайдың бапкері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ораз Мұхаметәлінов те бөркін аспанға атып қуанды. Қайткенмен де шәкірті ғаламдық деңгейдегі спорттық доданың қола жүлдесін еншілеп жатыр емес пе?!

- Грузиялық Давид Модзманашвили-дің сол жарыс кезінде допинг қолданғаны рас болып шықты. Бұл ақпарды Халықара-лық Олимпиада комитеті таратқан. Мұндай жағдайда оның жүлдесі одан төмен орын алған спортшыларға беріледі. Бірақ, Дәулет-тің жүлдегер атанғаны жөнінде нақты ресми шешім келген жоқ. Жалпы, спорт тарихында мұндай жағдай жиі орын алып тұрады. Сондықтан, ресми ақпаратты күтіп отырмыз, - дейді Ораз Хамитұлы.

 

А.ӘБДІЛҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz