Болашақта шет елдерге шығу үшін осы тілде жақсы сөйлеп, оқып, түсінуге тиіспіз деп ойлаймын.

Ағылшын тілінен бізге Жанар Алматайқызы береді. Жанар апайдың сабағы өте қызықты. Біз шет тілінде өлең жаттаймыз, әндер үйренеміз. Сабақ үстінде апай бізге ән айтқызып, көңілімізді көтеріп алады. Сосын тақтаға шығып, ағылшынша сөздер айтқызып, жарыстар ұйымдастырады. Біз қазір ағылшынша сөйлеп, оқып, жаза да аламыз. Бұл сабақ бізге өте қызық. Мен ағылшын тілінде әдеби кітаптар оқығым келеді.

 

Ақбөпе МОЛДАШЕВА, 5-сынып оқушысы, Е.Бекмаханов атындағы орта мектеп, Баянауыл ауданы.

saryarka-samaly.kz