Шараға аймақтағы аудандар мен қалалардан барлығы 13 команда қатысты. Шахмат бойынша өткен тартысты бәсекеде Екібастұз қаласының командасы қарсылас шыдатқан жоқ. Жүлделі 2-орын Железин ауданының спортшыларына бұйырды. Ал үздік үштікті Павлодар қаласының шахматшылары қанжығалады.
- Мұндай жарыста бұрын-соңды кездескен емеспіз. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бүгінгі жарыс әріптестермен жолығып, емін-еркін пікір алмасуға мол мүмкіндік жасады. Партия жұмысының алға басуы үшін тың серпіліс қажет, - дейді «Нұр Отан» партиясының Ақтоғай аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейбіт Әлханов.
Ал шаңғы жарысынан өткен сайыста барлығы 9 команда бақ сынады. Әр команда сапында 4 ер, 4 әйел спортшы өнер көрсетті. Тартысты өткен сайыста Тереңкөл ауданының командасы өзгелерден оқ бойы озық өнер көрсетті. Екібастұз қаласының спортшылары күміс жүлдені еншілесе, жүлделі 3-орын баянауылдық теннисшілерге бұйырды.
Үстел теннисі бойынша өткен жарыста Екібастұз қаласының спортшылары жарыс жеңімпазы атанды. Успен ауданының үміт-керлері 2-орыннан көрінсе, Павлодар ауданының теннисшілері қола медальді қоржынға салды.
Жалпыкомандалық есеп бойын-ша, I орынға Екібастұз қаласының командасы лайықты деп танылды. II орын Павлодар қаласының спортшыларына бұйырса, III орынды Тереңкөл ауданы мен Ақсу қала-сының партия қызметкерлерінен құрылған командалар өзара бөлісті. Павлодар облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырған жарыс алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
А.ӘБДІЛҰЛЫ.
Комментарии (0)
Написать комментарий