Атап айтқанда, «Қызыл ту» газеті – аймақ шежіресі» атты бөлімінде көпшілік 1929 жыл- дың 15 ақпанында Павлодар өңіріндегі қазақ баспасөзінің негізін қалаған «Кеңес туы», уақыт өте «Қызыл ту» болған газеттің тарихынан сыр шертетін басылымды көре алады. Көрмеге ұлт баспасөзінің өркендеуіне зор үлес қосқан журналистердің фотоматериалдары қойыл- ған. Газеттің тұңғыш редакторы болған қазақ- қа әйгілі Бейсенбай Кенжебаев, Ғалым Малдыбаев, Балтабек Асанов, Әлімбек Жанғабылов, Әубәкір Аяпбергенов, Сары Мыңбаев, Хамза Сыздықов, Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов, Омарғали Құдышев, Сұбыхан Шошанов, Балтабек Сейсенбеков, Әлқожа Мұхамеджанов және т.б. бар.

«Сарыарқа самалы» - ел егемендігінің жемісі» атты екінші бөлімде көрермендер Тәуелсіздік жылдарындағы басылымның бейнесімен, басылым бастауында тұрған алыптарымыздың ақ жолын жалғастырған газеттің қазіргі қаламы ұшқыр, ойы зерек ұжымымен танысып, 2014 жылы алған Қазақстан Журналистер академиясының жалпыұлттық «Алтын Жұлдыз» дипломы мен Алғыс хаттарын, «Сарыарқа самалы» газетінің 15000-ыншы нөмірін тамашалай алады. «Еселі еңбегімен із қалдырған» бөлімінде белгілі және жергілікті журналистердің шығармалары енген кітаптар қойылды. «Ұлағат» ардагерлер бірлестігінің мүшелері көрменің бірінші көрермені болды.

Облыстық кітапханада 12 ақпан күні сағат 15.00-де «Тарихы терең, келбеті кемел басылым» атты дөңгелек үстел өтеді. Атал- ған шараға қатысуға ниет білдірген оқырман қауымды асыға күтеміз.

Газет жас ұрпақты ата салты мен дәстүр рухына тәрбиелеуге, ұлтжанды азаматтарды қалыптастыруға айтарлықтай еңбек сіңіруде. Көрмеде ұсынылған басылымдар оқырманның назарын аударумен қатар, олардың танымдық көкжиегін арттырып, кітапқа деген қызығушылығын оятады деген сенімдеміз.

 

Б.БУКАШЕВА, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қызметкері.

saryarka-samaly.kz