Көрмеде жасалғанына 100 жыл болған ағаш табақ көпшіліктің назарын аударды. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисінің менеджері Ерболат Әміренов: Көне ыдыс Красноармейкада 106 жасқа келіп дүниеден озған Қанипа әженің үйінде сақталған болатын. Бұл табақты 20-ғасырдың бас кезінде Қанипа әженің әкесі жасап берген екен, - деді. Ыдыс көнере бастаған соң әженің ұрпақтары бертін оны жергілікті ағаш ұстасы Алпысбай Шалабаевқа тапсырған. Алпысбай аға бұл табақты жөндеп, бояп, ретке келтірген. Шебер ағаш ыдысты әлі де жөндеп, әрлеу керектігін айтады.

Жалпы, бұл көрмеге Павлодар ауданындағы сегіз ауылдың тұрғындары қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерін сахналады. Шара қорытындысы бойынша 1-орынды Мичурин, 2-орынды Красноармейка, 3-орынды Луганск ауылы иеленді. Қазылар алқасының шешімімен «Үздік актерлік шеберлік» номинациясы бойынша Мичурин, «Үздік костюм» номинациясымен Рождественка, «Үздік әнші» номинациясы Кеңес ауылына берілсе, «Үздік би» және «Көрермен көзайымы» номинацияларын Шақат пен Григорьевка ауылдары иеленді.

 

Айбек ЖҰМАТОВ.

saryarka-samaly.kz