Осы жылы ол «Trusted Smart Products» - «Цифрлық әлем: сенімді смарт-құрылғылар» ұранымен өткізіледі. Смарт-құрылғыларға: смартфондар; тағып жүретін фитнес-трекерлер; дауыс шығаратын көмекшілер; «ақылды» теледидарлар; сағаттар және т.б. жатады.

Аталған смарт-құрылғыларда ғаламторға қосылу функциялары бар және тұтынушылар мен олардың тәртіптері туралы әртүрлі мәліметтерді алады, жинайды және жолдайды.

«Ақылды» технологиялардың пайда болуы тұтынушылар үшін зор мүмкіндікті ғана емес, сондай-ақ алаңдаушылық тудырады:

қауіпсіздіктің болмауы немесе әртүрлі желілік осалдықтарды және ақпараттың жайылып кетуін анықтау;

жеке мәліметтердің құпиялығының бұзылуы және тәуекелдер туралы ақпараттың ашылу мүмкінсіздігі;

туындаған ықтимал шығындар кезінде жауапкершілік тартушыға қатысты айқын-дықтың болмауы.

Цифрлық технологиялар біздің өмірімізге енді және үш жыл қатарынан Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнінің тақырыбын қалыптастырады.

Алдағы Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні сандық технология- лар ілгерілігі ең алдымен тұтынушылардың әр тарапты мүдделерін назар аударуға себеп болады: бұл - «ақылды электроника» сапасын, қауіпсіздігін және жеке ақпарат қалай жиналатынын, өңделетінін және пайдаланылатынын білу туралы құқығы.

Қазақстан Республикасында электронды сауда жаңадан дамып келе жатқан сала болып табылады, бұл ретте нақты және анық ақпарат алуға тұтынушылардың аса назарын бөлу қажет, себебі олар ғаламтор-ресурстарын сатып алу мен пайдалануға қатысты негізделген шешімдер қабылдағандай. Тұтынушыға тауарды жеткізу тізбегінің әрбір нүктесінде және бұдан әрі оны пайдалану мерзімі ішінде кім жауап беретіні түсінікті болуы тиіс. Тұтынушылардың сенімділігі мен қауіпсіздігі - цифрлық экономика жетістігінің кепілі.

Бүгінгі күні әрбір тұтынушының мыналарды білуге құқығы бар: тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға; тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына; тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы толық және растаушы ақпаратты; өнімнің қауіпсіздігін; сотқа және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне жүгінуді; келтірілген залалдарды өтеуге, құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін.

Азаматтар өз құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында тиісті емес сападағы өнімдердің (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндірушілеріне және сатушыларына жеке бастамасымен жүгінуге құқығы бар, бас тартылған жағдайда бұзушылықтарды және осы бұзушылықтардан келтірілген залалды ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып, талап бойынша сотқа жүгінуге құқылы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысының барлық тұрғындарын Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнімен құттықтайды. Тұтынушы сауаттырақ бола бастады, өзінің құқықтарын біледі. Өзінің ұстанымымен ол өндірушіні кәсіпкердің адал болуына итермелейді. Егер тұтынушы мықты болса, онда өндіруші де, бизнес те мықты болады.

Тауарларды және қызметтерді сатып алумен байланысты барлық даулы жағдайлар бойынша кеңесті 8 (7182) 32-18-22 «Жедел желі» телефоны арқылы ала алады.

 

Н.А.ӘУБӘКІРОВА, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқық-тарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы.

saryarka-samaly.kz