- Цифрлы телевизия туралы соңғы уақытта облыста жиі айтыла бастады. Жоба-жоспарды жүзеге асыруға қыруар қаражат та бөлініп жатқаны мәлім. Аналогтан цифрға өтудің не қажеттілігі бар?

- Ең әуелі ұлттық телевизия жүйесін цифрландыру бағыты 2008 жылдан бастал- ғанын атап өткенім абзал болар. Алдымен облыста басқа өңірлермен қатар радио-телевизиялық станциялар (РТС) жаңартылып, Отау ТВ жерсеріктік жүйесі тұрғындарға қолжетімді болды. Біз осынау жылдар ішінде өңірдегі барлық аудан-қалалардың РТС-терін жаңаша жабдықтадық. Облыс бойынша осындай 28 станция цифрлы телехабар тарату мүмкіндігіне ие. Тұтастай алғанда өңір халқының 95 пайызы цифрлы сападағы отандық телеарналарды қазірдің өзінде тамашалай алады.

Негізі біздің облыс үшін цифрлы телеарналар аса таңсық дүние емес. 2013 жылы облыс орталығында алғашқы цифрлық станциялар салынып, олар арқылы сол уақыттан-ақ отандық арналар цифрлы сапаға түрлендіріліп, көрсетіле бастады. Қазір байқасаңыз, облыс орталығында отандық 27 арна сапалы кескінде қолжетімді. Оны көру үшін кабельдік операторға қосылудың қажеті жоқ. Ал өзге қалалар мен аудандарда тұратындар жаңа форматтағы 15 арна- ны көру мүмкіндігіне ие. Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісімен қамтылмаған елді мекендер де бар, олар Отау ТВ ұлттық жерсеріктік телевизиясына қосыла алады. Мұндай елді мекендер саны – 29, бұл ауыл- дарда шамамен 2 231 түтін бар деп есепте- леді. Ал жалпы саны 356 елді мекен өрке- ниет игілігін көріп отыр.

Аналогтан цифрлы жүйеге өту ол алды- мен халықаралық келісімдер аясында жасалып отырса, екіншіден, оның экономика- лық тиімділіктері өте көп. Мен бір ғана мысал келтірейін, ескі РТС-тарға орнатылатын әрбір передатчик-құрылғылар аналогты жүйедегі 1 ғана арнаны көрсете алатын. Салдарынан біз әрбір өңірге әр арна үшін бір передатчиктен құрып келдік. Мәселен, бір ауданда қазір аналогты 4 отандық телеарна көрсетеді делік. Ол үшін әлгідей 4 құрылғы қажет. Ал цифрлы технологияның ғажайыбы сол, бір передатчик бірден 15 арнаны тамашалауға мүмкіндік береді. Яғни қазір әр ауданға бір передатчиктан орнаттық, сол жетіп жатыр. Әрі цифрлы хабар таратуда теледидардағы кескін кереметтей айқын әрі сапалы болып келеді. Аналогтағыдай көмескілену, кадрда әлдебір ноқаттардың пайда болуы секілді кемшіліктер мұнда атымен жоқ. Сондай-ақ арналардың дыбысталуы да стерео жүйесімен беріледі. Бұл дегеніңіз дыбыс сапасын бірнеше есеге сапалы етіп жеткізу деген сөз. Осындай артықшылықтардың өзі-ақ цифрланудың қазіргі технология дамыған заманда қоғам үшін аса пайдалы әлі оның болашағы зор екендігін айғақтай түседі.

- Тұрғындар жаңаша форматтағы арналарға қосылу үшін не істеуі керек?

- Бұл жүйені Отау ТВ-мен шатастырмау керек. Кемі 25000-30000 теңге қаражат кететін қымбат жерсеріктік тәрелке орнатудың қажеті жоқ. Цифрлы арналардың барлығы тегін, кабельдік операторға ол үшін ақша төлемейсіз. Бұл жерде цифрлы телехабар- ды қабылдаудың екі жолы бар. Біздің ел жер- үсті цифрлы хабар таратудың европалық DVB-T2 деген стандартын қабылдаған. Егер үйіңіздегі теледидарда DVB-T2 стандарты қарастырылған болса, оған кәдімгі үйішілік немесе далалық антенналарды қосып, цифрлы арналарды көре бересіз. Тек бап- тауын дұрыс жасаса болғаны. Мұндай стандартты жүйелер 2013 жылдан бері шыға- рылған сұйық кристалды немесе плазмалы теледидарларда қарастырылған. Ал одан ескі теледидарлар, тіпті кинескопты құрыл- ғылар арнайы қабылдағыштар (приставка) арқылы сигналды қабылдайды. Қазір мұндай цифрлы қабылдағыштар облыс бойынша 50 сауда нүктесінде сатылуда. Бағасы шамамен 4000 теңгеден басталады.

Осы тұста бір мәселеге ерекше тоқта- лып өтсем деймін. Аналогты хабар таратудан цифрлыға көшкен кезде ауылдық жерлерде арналар саны 15-ке көбейді дедім ғой. Мұн- дай қолжетімділікке өту елдің шекара маңын- дағы аумақтарында тұратын тұрғындар үшін өте маңызды. Өйткені көп үйлер көрші- лес Ресей елінің жерсеріктік телевизиясы- на қосылып, барлық ақпаратты солар арқылы алып отыр. Бұл – біздің ақпараттық қауіп-сіздігімізге үлкен нұқсан. Павлодар облысы Ресейдің бірнеше аймақтарымен шектеседі, бұл жерлерде ресейлік операторларға қосылған абоненттер саны бірнеше мың деген мәлімет бар. Отандық цифрлы жүйеге өту арқылы шекара маңындағы аумақтарда тұрып жатқан, көршілес елдердің телевизиясын қарауға мәжбүр болып отырған азаматтарымыз енді отандық 15 арнаны шектеусіз көріп, елдегі лицензиясыз арналардан біржола бас тарта алады.

- Жоспар бойынша Павлодар облысы осы жылдың маусым айында цифрлы телехабар таратуға көшуі тиіс екен. Сонда аналогты хабар тарату толықтай өшіріле ме?

- Мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша біздің аймағымыз маусым айының 30-ына дейін толықтай жаңа сигнал таратуға өтеді. Тұрғындар ол уақытты күтпей, қазірден бастап цифрлы жүйеге қосыла берсе болады. Себебі, қазір барлық цифрлы РТС-тар толық қуатта жұмыс істеп тұр. Иә, аналогты хабар маусым айы- ның соңына дейін өшіріледі. Аймақта аналог- ты телехабар таратып тұрған ескі 76 стан- цияның жабдығын модернизациялау мүмкін емес. Олар толығымен бұзылып, утилизацияға жіберіледі.

Жергілікті атқарушы билік өкілдері осы орайда тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізсе деген тілек бар. Азаматтарға цифрлы теле-визияның игілігін кеңінен түсіндіріп, оған қосылудың жолдарын тәжірибе жүзінде көрсетіп бергендерін қалаймыз. Бұған біз аса мүдделіміз әрі аймақтарға өз мамандарымызды жіберіп, түсіндіру топтарында қызмет етуге әзірміз.

- Қазір Отау ТВ жерсеріктік жүйесінде, қазақстандық «GalamTV» интернет-телевизиялық жобасындағы қолжетімді қазақстандық телеарналардың аналогты телехабар таратуға қарағанда сигналды шамалы кешігіп жеткізетінін байқауға болады. Мысал үшін, тікелей эфирден футбол матчын тамашалап отырғанда спутниктік жүйеге қосылған арнадағы кескіндер аналогтағыдан 5-10 секундқа дейін қалып қояды. Бұл кемшілікті жоюға бола ма?

- Эфир уақыты бойынша тежеліс заманға сай жаңа технологияға көшкен эфирлік хабар тарату стандарттарының барлығына тән. Себебі бұл жүйеде арналардан алынған сигналдың көбі әуелі жерсеріктік жүйеге немесе арнайы сүзгі-жабдықтарға барып шағылысып, соңынан станцияларға таралатындай етіп жасалған. Ол арнайы РТС-тер арқылы цифрлы форматқа ауысқанда шы- найы уақытта әлдебір секундтарға ауытқу- лар болады. Мұндай «кешігулер» барлық әлем бойынша қалыпты үрдіс саналады. Себебі цифрлы технология сапа мен айқындылыққа негізделген. Егер біз барлығы синхронды болсын десек, теледидар арқылы көріп отырған хабарымыздағы кескін немесе дыбыс үйлеспей қалар еді. Сондықтан жаңа форматта кескін мен дыбыстауды қатар жүргізу үшін осындай тежелістерге орын беріледі.

- Әңгіме барысында ескі теледидарларға арнайы қабылдағыштар қосу арқылы цифрлы эфирге қол жеткізуге болаты- нын айттыңыз. Тұрғындарға қабыл-дағыштарды таңдауға қатысты қандай да бір берер ақыл-кеңестеріңіз бар ма?

- Нақты осындайын ала қойыңыз деп айтуға келмес. Себебі, қазір жергілікті нарықта Ресейде және Қытайда шығарылған цифрлы қабылдағыштардың түрі-түрі сатылуда. Ең бастысы, қабылдағыш DVB-T2 стандары бойынша эфирлік сигналды қабылдау мүмкіндігіне ие болса болғаны. Кейбір қабылдағыштарда USB-порт арқылы арнайы антенналар жалғап, WI-Fi желісіне қосылып, ғаламтордан Youtube секілді видеоплат-формаларға шығу қарастырылған. Енді біріне кәдімгі флеш-сақтағыштарды қосып, кинофильмдерді көре бересіз. Мұндай ерек-шеліктер әрине қабылдағыштардың құнын арттыра түсетіні анық. Құрылғыларды таңдау - әр тұтынушының өз еркінде.

- Уақыт бөліп, әңгімелескеніңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан - Мұрат АЯҒАНОВ.

saryarka-samaly.kz