Конференция жұмысына облыс әкімі партияның облыстық филиалының төра-ғасы, Болат Бақауов, партия ардагерлері, партияның облыстық Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мәслихат депутаттары, жергі-лікті мемлекеттік органдардың өкілдерінен барлығы 200 адам қатысты.

Жиында партия Төрағасының тапсырған «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» ұлттық жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

- Аталған жобалар партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың әл- ауқатын көтеру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленген. Қазіргі таңда аталған жобалар негізінде бірқатар жұмыстар атқарылуда, - деді Болат Жұмабекұлы.

Партияның облыстық филиалы төра-ғасының бірінші орынбасары Николай Дычко бүгінгі күнге дейін аймақтағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 14 әлеуметтік терезе ашылғанын айтты.

- Әлеуметтік терезелер арқылы азаматтар бізге кез келген сұрағын жолдай алады. Осы күнге дейін «Халыққа көмек» жобасы бойынша 673 өтініш келіп түсіп, олардың 67-сі оң шешімін тапты. Ал өңірдегі аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасы негізінде түрлі іс-шаралар қолға алынуда. Өңірде аз қамтылған және көп- балалы отбасыларды қолдау мақсатында 3,3 миллиард теңге қарастырылған, - деді Николай Дычко.

Болат Бақауов әрбір партия мүшесіне аталған жобалардың маңыздылығын түсініп, оларды жүзеге асыруда белсенділік танытуды тапсырды. Сонымен қатар конференцияда 9 маусым күні болатын кезектен тыс президенттік сайлау жөнінде де сөз болды.

Конференция соңында 23 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Nur Otan» партиясының ХІХ кезектен тыс съезіне Павлодар облысынан қатысатын делегаттар сайланды. Ауқымды шараға өңірдегі партияның облыстық филиалының төрағасы Болат Бақауов бастаған 35 делегат барады.

 

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz