Келелі кездесуде алғаш болып сөз алған ата газеттің ардагер журналисі, ақын Шолпан Байғалы «Сарыарқа самалы» (сол кездегі «Қызыл ту») басылымының өткені мен бүгіні жайлы сыр шертті.

- Менің журналистика саласына келуі- ме «Қызыл ту» газеті жол ашты. Әлі есімде, 1964-1965 жылдары туған ауылым Қызыл- таңда болған жаңалықтарды осы газетке үздіксіз жазып тұратынмын. Сөйтіп, маған «Ауыл тілшісі» деген құқық беріліп, бір-екі жылдан соң осы газетке корректордың көмекшісі болып қызмет етуге шақырту алдым. Қуанышымда шек болмады. Сол кезде редакцияда жүріп, газет жұмысы- мен тереңірек таныстым, қызықтым. Алды- ма «мен енді журналист боламын» деген мақсат қойып, Алматыға оқуға аттандым. Міне, менің мамандық таңдауыма, журна- листикаға келуіме ықпал еткен қазіргі аймақ айнасы «Сарыарқа самалы» деп мақтанышпен айта аламын, - деді ол. Тіл жанашыры Ульян Мақұл 1960 жыл- дан бері газетіміздің тұрақты оқырманы екенін айтып, оқыған адамға басылым- ның берер рухани азығы мол екенін алға тартты. Сондай-ақ, ол жастарды газет оқуға шақырды. Ал басылымның бөлім меңгерушісі Нұржайна Шодыр мен тілші Тілеуберді Сахаба журналистика саласы- ның қазіргі аяқ алысы, газеттің қоғамдағы алар орны жайлы өз ойларымен бөлісті.

Шара барысында Павлодар қаласын-дағы №19 мектептің 3-сынып оқушысы Әділет Айтжанов өлең оқыса, №2 музыка- лық мектеп-интернатының 4-сынып оқу- шысы Айдәрия Алпысбай қобызбен күй тартып, кеш сәнін келтіре түсті. Сондай-ақ, көпшілік назарына «Газет - қоғамның темірқазығы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Жиын соңында аталмыш кітапхана меңгеру- шісі Алмагүл Жармағамбетова сөз алып, газет ұжымын мерейтоймен құттықтап, бұл – басылымның ғана емес, оқырманның ортақ мерекесі екенін атап өтті.

* * *

«Сарыарқа самалы» газетінің 90 жыл- дық мерейтойына арналған мұндай игі шара Павлодар қаласындағы №10 көпшілік кітапханасының коворкинг орталығында да өтті. «Тарих беттерінен...» деген тақы- рыпта ұйымдастырылған кешке жиналған көрермендерге басылымның ұзақ жылғы тарихынан сыр шертетін арнайы бейне-көрсетілім ұсынылды. Ал кітапханашылар газеттің өткені жайлы қызықты мәлімет- терімен таныстырды. Бұдан соң газет қыз- меткерлері сөз алып, журналистика саласы- ның қыры-сыры жайлы әңгімелеп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Болашақта жур- налист болғысы келетін оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Шара барысын- да көпшілік газетте қызмет еткен қалам-герлер мен қазіргі жас тілшілердің еңбек-тері, шығармашылық жұмыстары қойылған көрмені тамашалады. Сондай-ақ, Шұғыла Камесхан, Амангелді Дина, Теміржан Мағжан және Данияр Ахметбеков есімді №25 мектептің оқушылары өз өнерлерін көрсетті.

 

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz