Әріптестік туралы құжатқа Болат Бақауовпен бірге NAALE компаниясының басшысы Чжан Ци қол қойды. Инвес- тор Павлодар облысында қуаттылығы жылына 110 тонна өнімді құрайтын қант зауытын салуды жоспарлап отыр.

Өңір билігі кәсіпорынға қажетті инженерлік-коммуникациялық құрылым тартып береді. Сонымен қатар, инвес-торлар жеңілдетілген салық және инвестициялық субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі деп үміттене алады. Шекті келісімге қол қойылғаннан кейін NAALE компаниясының басшылығы Павлодарда өз кеңсесін ашып, жобаны жүзеге асыруға кіріседі.

Павлодар облысының әкімі Фуцзянь провинциясындағы Фуцин қаласының үкіметімен де шарт жасасты.

Бұл келісімге сәйкес тараптар «Бір белдеу – бір жол» әріптестігі шеңберінде халықаралық Қазақстан-Қытай агроөнеркәсіпітк паркінің құрылысына қатысады.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz