Рейдке қатысушылар алдымен Естай көшесі, 83 мекенжайында орналасқан «Биосфера» дәріхана-сына барды. Ондағы фармацевт рейд өкілдеріне жаңа бұйрықпен таныс екенін айтып, дәрі бағасымен таныстырды. Мысалы, мұнда 75 миллиграмдық 30 таблеткадан тұратын «Кардиомагнил» дәрісі - 750 теңге, «Левомицетин» - 420 теңге, «Супрастин» 1490 теңге тұрады.

Рейд барысында мамандар Лермонтов көшесі, 46 мекенжа-йында орналасқан «Булат-фарм» дәріханасына барды. Тәулік бойы қызмет көрсететін мекеменің фармацеві 150 миллиграмдық 30 таблеткадан тұратын «Кардиомагнил» дәрісі - 940 теңге тұратынын айтты. Сондай-ақ, 10 таблеткадан тұратын 500 миллиграмдық «Левомицетин» дәрісі – 380 теңге, «Супрас- тин» дәрісі – 1600 теңгеден сатылады. Ал облыс орталығындағы №1 дәріхана тұтынушылары жоға-рыда айтылған 150 миллиграмдық 30 таблеткадан тұратын «Кардио-магнил» дәрісін 1020 теңгеге, 500 миллиграмдық «Левомицетин» дәрісін – 390 теңгеге, «Супрастин» дәрісін – 1650 тең-геге сатып алады екен. Рейд қорытындысы бойынша мамандар аталмыш дәрілердің бағалары шектік деңгейден аспайтынын жеткізді.

- Рейд барысында дәрі бағасына мониторинг жүргіздік. Аралаған дәріханалардағы баға бұйрықта бекітілген шектік мөлшерден аспайтынын көрдік. Десек те, тұрғындар әрбір дәрінің бағасын білуі тиіс. Яғни, белгілі бір дәрінің бұйрықтағы шекті бағасы мен сату бағасы көрсетілуі тиіс. Сол себепті фармацевтерге осы ескерту жөнінде ұсыныс біл- дірдік, - дейді облыстық мәслихат депутаты Қабылқақ Қапенов.

Облыстық тауарлар мен көрсе-тілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің бөлім басшысы Маржан Жақашева сенім телефоны арқылы күніне 10-ға жуық қоңырау түсетінін айтады.

- Тұрғындардың көпшілігі дәрі бағасының шекті бағаға сәйкес немесе сәйкес еместігін сұрап, хабарласып жатады. Сонымен қатар, дәрінің сапасы мен фармацевтердің қызметіне қатысты да қоңырау шалады. Барлық сауалдарға толық жауап беріледі.

Қазіргі уақытта өңірде шекті деңгейден асқан дәрі бағасы тіркелген жоқ. Егер кемшілікке жол берілсе, дәріхана басшылығы әкімшілік жауапқа тартылып, жеке тұлғалар 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, басшылық қызметтегілер 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Егер халық тарапынан өтініш қағаз жүзінде түссе, заң аясында қажетті мекеме шығып, тексеріс жүргіземіз, - дейді М.Жақашева.

 

Айдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz