- Ақылбек Қанатұлы, республикалық маңызы бар жолдардың жағдайы қалай?

- Ағымдағы жылдың мамыр айында бекітілген бұйрыққа сәйкес, «ҚазАвтоЖолдың» облыстық филиалы республикалық маңыздағы жолдарды қысқа дайындау мақсатында 2019-2020 жылдарға арналған жоспар әзірледі. Бұл ретте жолда құтқару орындарында жедел және жұмыс штабтары құрылды. Олар барлық бөлімшелердің жұмысын бақылауда ұстап, туындаған сұрақтарды шешетін болады. Яғни, қар тазалап, көктайғақ орын алған аумақтарды анықтап, жиі қар басатын жолдарды бақылайды. Аймағымыздағы республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1662,8 км-ді құрайды. Оның ішінде, 110 км I санатқа, 653 шақырымы II санатқа, 889,8 шақырымы III санатқа жатады. Ағымдағы жылдың 1-інші қарашасындағы жағдай бойынша жергілікті филиалдың құрамында 7 жолда құтқару орны, 5 жолда құтқару бекеті бар. Қазіргі уақытта 161 шақырымды құрайтын республикалық маңыздағы жол қайта қалпына келтірілуде. Сондай-ақ 45 км жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

- Жолда қалған жолаушы-лардың қауіпсіздігін қамта-масыз ету мақсатында қандай жұмыстар жүргізілуде? Қақаған аяз бен боранда далада қалған жолаушы кімнен көмек сұрай алады?

- Бұл бағытта әзірлік жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Мәселен, аймағымызда 16 өндірістік база, 11 жылыту бекеті, 8 қазандық, 10 қойма қызмет көрсетеді. Мамандар қар күреу жұмыстарын күні-түні жүргізетін болады. Бұл ретте 3373 тонна көмір, 2340 тонна техникалық тұз, 4680 текше метр құм, 105 мың литр жанаржағармай, 210 мың литр дизель отыны әзірленді. Сонымен қатар жол тайғақтығын, көлік жылдамдығын азайтуды көрсететін 236 уақытша жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ 77 қар тазалау техникасы жұмыс істейтін болады. Жалпы алғанда биылғы қысқа әзірміз деп толықтай айтуға болады.

Ал енді далада қалған жолаушылар мәселесіне тоқталайын. Оқыс жағдайға тап болғандар 8(718) 2 60-90-76 телефон нөміріне хабарласып, көмек сұрай алады. Бұдан бөлек, 87057071322 ұялы телефоны да қызмет көрсетеді. Яғни, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы кезекші оператор жұмыс істейді. Тұрғындар осы нөмірлер арқылы алдын ала хабарласып, жолдың ашық не жабық екені туралы мәлімет ала алады.

- Қыстағы жол қауіпсіздігін қадағалау – жауапты меке-мелердің міндеті. Осы бағыт- та облыстық төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті полиция қызметі қандай көмек көрсетеді?

- Жергілікті филиал аталмыш мекеме өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Өйткені, жолда қалған жолаушыларды құтқару біздің ортақ міндетіміз. Атап өтерлігі, құтқару қызметі табиғаттың тосын мінезі туралы телеарналар мен радио арқылы жүгіртпе жолдар мен хабарлар, тәуліктің кез келген уақытында тұрғындардың ұялы телефонына хабарламалар жолдайды. Жолаушылар осындай ескертпелерге құлақ асып, жол жүргенде абай болғаны дұрыс.

- Әңгімеңізге рақмет!

 

Әңгімелескен – Алпысбай ХОНЖ.

saryarka-samaly.kz