Партия Төрағасы әрбір өңір, қала және аудан бойынша сайлауалды бағдарламаның дайындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

- Келесі жылы аумақтарды дамытудың бес жылдық бағдар-ламасын жүзеге асыру аяқталады. Жаңа бағдарлама қабылдау қажеттілігі жаңа электоралдық циклмен тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан жаңа бағдарлама әрбір өңір бойынша мәслихат сайлауына арналған партияның сайлауалды бағдарламасының негізі болуы тиіс. Мәжіліс сайлауындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына қатысты айтар болсам, онда Премьер-Министр Саяси кеңес бюросының мүшесі ретінде бұл жұмысты жеке басқаруы қажет және қазірден бастап бұл бағдарламаны әзірлеуге кірісуі тиіс, - деді Тұңғыш Президент.

Жиын барысында Елбасы партия мүшелеріне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына бірігудің қажеттілігін және саяси бағыттың сабақтастығын жалғастыруды қайтадан еске салды.

- Соңғы жылдары Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 11 миллиардтан 170,5 миллиард АҚШ долларына дейін өсті. Егер 90-жылдардың басында халықтың үштен бірі кедейлік шегінде болса, қазір бұл көрсеткіш 4,6%-ға дейін төмендеді. Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 27%-ға жетті. Алғашында бізде жеке меншік болмаған еді. Біз 300 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарттық. Осы жылдар аралығында Қазақстанның транзиттік әлеуетін едәуір нығайта алдық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен бірге, Тұңғыш Президент Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудың маңызды екенін еске салды.

Сонымен қатар Елбасы электоралдық кезең алдында партия жұмысын күшейту маңыз- дылығына тағы бір назар аударды. Әр әкім мен мәслихат фракциясындағы депутаттардың партиялық жауапкершілігін күшейтуге мән берілсін, деді. Қазір барлық реформа аймақтарды дамытуға бағытталған. Соңғы 10 жылда жергілікті бюджеттер 3 есеге жуық өсіп, 4,7 трлн. теңгені құраған. Бөлінген қаржының жұмсалуына партиялық нақты қадағалау қажет, деді Елбасы.

Жиын соңында ҚР Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партия- сын қалыптастыру мен дамытуда белсенді еңбек еткен мүшелерге «Белсенді қызметі үшін» медальдарын табыс етті. Марапатталғандар арасында жерлесіміз, партияның Аққулы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бүркіт Пұсырханов бар.

 

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz